Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет114/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   446
осы.(Абай)  
Сенікі – біреуден қорқытып алсаң, біреу-
ден жалынып алсаң, біреуден алдап алсаң бол-
ғаны, іздегенің – 
сол.(Абай)
Мұндағы бастауыштар – -ған, -ген фор-
малы есімшелер де, баяндауыштар – атау к‰йін-
дегі сілтеу есімдіктері. Сондықтан да бұл сөй-
лемдер семантикалық тұрғыдан қимыл-іс пен 
оның объектісінің қатынасын білдіретін сөй-
лемдер қатарына жатады. Баяндауыш қыз-
метіндегі осы, сол есімдіктері қимыл атаула-
рының объектісін білдіріп, актуализацияла-
натын сөз дәрежесінде сөйлемдегі ойды тия-
нақтап тұр.
Сұрау есімдігі. Қара сөздерде ең көп қол-
данылатын есімдіктердің бірі – сұрау есімдік-
тері. Олардың қатарында не, қашан, қалай, 
немене, кім, қайсы, қайтеді есімдіктері бар. 
Сұрау есімдіктері, негізінен, атау к‰йінде жұм-
салған, тұлғалық өзгерістерге ұшырағандары 
де кездеседі. Сұрау есімдікті есімді сөйлем-
дерді де екі жақты қарастырған жөн: баян-
дауыштың есім сөзді бастауышпен қатынасы 
және баяндауыштың есімше тұлғалы бас-
тауышпен қатынасы. Ең алдымен, сұрау есім-
діктері сөйлемде есім сөздермен предикатив-
тік қатынасқа т‰сіп, ойды тиянақтау қызметін 
атқарады. Мысалы: 
Қазақтың бірінің біріне қаск‰нем болма-
ғының, бірінің тілеуін бірі тілеспейтұғы-
нының, рас сөзі аз болатұғынының, қызметке 
таласқыш болатұғынының, өздерінің жалқау 
болатұғынының себебі 
не? (Абай) 
Алла табарака уатағаланың пенделеріне 
салған жолы 
қайсы?(Абай) 
Бұл 
қалай?(Абай) 
Осы 
несі екен?(Абай) 
Бәрі өз бауыры, бәрі өз малы болған соң, 
шыныменен жетесінде жоқ болмаса, солар-
дың қамын жемей 
қайтеді?(Абай) 
Алғашқы екі сөйлемде бастауыш м‰ше 
атау тұлғалы зат есімнен болып, сұрау есім-
дікті баяндауышпен іргелес қолданылған. Ал 
кейінгі сөйлемдерде сұрау есімдікті баян-
дауыштың бастауыштары есімдіктерден бо-
лып келеді. Бұл сөйлемдердің бәріне тән бір 
ерекшелік – есімдікті баяндауыштардың сөй-
лем соңынан келіп, оларға екпін т‰сіріліп ай-
тылуында және субъектінің де, предикаттың 
да атау к‰йінде жұмсалуында. Мұндағы сұрау 
есімдікті баяндауыштарға септелу тән болма-
ғанымен де, олардың тәуелденіп, к‰рделеніп 
келетін жағдайларын байқаймыз.
Ал енді бұл сөйлемдердің синтаксистік 
мағынасына келер болсақ, ол субъект зат пен 
сұрау есімдіктерінің қатынасына негізделген. 
Сұрау есімдіктері сөйлемдегі іс иесінің мән-
жайын, әр алуан к‰йін білу мақсатында сұрау 
мағынасында жұмсалған. Жалпы сұраулы сөй-
лемдердің көркем әдебиет тілінде жиі кез-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет