Талгат Сайрамбаев. Личность. Супруга. Мать
Talgat Sayrambaev.
Personality. Spouse. Mother
Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012 13
К. Шаймерденова,
Қазақстанның «Еңбек сіңірген қайраткері»
құрметті атағының иегері, ғалым-педагог
АСЫЛ МҰРАТ ЖОЛЫНДА
Мақтануға тұрарлық асыл аға, адал дос,
аяулы жар, асыл әке, асыл ата, мерейлі ұстаз
бола білген Талғат аға бұл к‰ндері ортамызда
болмаса да, ж‰регімізде сағыныш сезімін
алаулатып-ақ тұр.
Балалық шағынан мейірім шуағын аңсап
өскен асыл жан өзі ж‰рген ортасынан әр-
уақытта ерекше адами қасиетті бойына жинап,
сол қасиетті өзінен кейінгі ұрпаққа өлшеусіз
‰лестіре білді. Осы жолда жинаған абырой
мен беделі өзінен кейін де б‰гінгідей биіктеп
тұрғаны соның айғағы.
Балалық шағы ауылда, жастық шағы Шым-
кентте, ал ұстаздық жолы Қызылордада өткен
6-7 жылда өз ортасына беделді оқытушы,
сенімді дос, с‰йкімді жігіт бола білді. Әрбір
сабағын бітпесе екен деп отыратын жастар
жағы бірге өткізген уақыттарына дән риза
болатын. Өзі де жас бола тұрып, өзімен ди-
дарласқан әрбір бозбаланың мұратына, әр-
бір бойжеткеннің қиялына айналғаны да анық
еді.
Сол жылдарда Қызылорда пединституты-
ның филфагінде қазақ тілі пәнінен гөрі әде-
биет жағы басымырақ болатын. Әйгілі әде-
биетшілер Ә. Қоңыратбаев, Ә. Тұрбеков,
Ә. Нұржановтардай әдебиетшілер сабақ бере-
тін. Қазақ тілі синтаксисіне Тәкең елеулі ‰лес
қосты, әсіресе сөз тіркесі синтаксисі м‰лде
тың сала болатын.
Негізгі мамандығым педагогика ғылымы
болғанымен, базалық білімім филология са-
ласы болғандықтан, Тәкеңнің к‰нделікті білім
беру ісінде шәкірттерінің ғылыми жұмыста-
рына жетекшілік етуінде және ол кісі өмір-
ден өткеннен кейін еңбектерін топтастырып,
сараптау барысында байқағаным – қазақ тіл
білімі синтаксисінің кәсіби маманы екендігін
таныта білгендігі. Тәкең өзінің кандидаттық
та, докторлық та зерттеу жұмысының нысаны
етіп сөз тіркесінің өзекті мәселелерін негізге
алды. Және 10-ға тарта монографиялық ең-
бектерінде осы мәселені барлық қырынан
көрсете білді. Сондай-ақ жай сөйлем синтак-
сисіне де с‰белі ‰лес қосты. Өзінің жетек-
шілігімен
жазылған зерттеу жұмыстарында «Сөз –
сөйлем», «Есімді сөйлем», «Есімді құрмалас
сөйлем т‰рлері» қазақ синтаксисін тереңдете
т‰сті.
Аяулы ұстаздың адами қасиеттері, оқыту-
шылық, ғалымдық жолының қыр-сыры «Арыс»
баспасынан 2010 жылы жарық көрген «Ұс-
таздың жан жылуы» атты кітапта жан-жақты
баяндалған болатын. Мен осы мақалада Тәкең-
нің қарапайым өмір тіршілігінде кездескен
кейбір есте қалған жайттерін ғана айтсам деймін.
... Қызылорда қаласында Коммунистік даң-
ғылын бойлай салынған жаңа ‰лгідегі ‰йлер-
ден жас маман Тәкеңе екі бөлмелі пәтер бе-
рілді. Студент іні-қарындастарымен жаңа пә-
терге көшкенде қарындасы Жәмила ауылға
жазған қуаныш хатында: «Біз бес бөлмелі пә-
тер алдық» деген көрінеді. Сөйтсе дәлізді бір
бөлмеге, ас бөлмені бір бөлмеге, жуынатын
бөлмені бір бөлмеге балап жазған ғой. Әрине,
ауылда өскен баланың қала көркін, қала өмі-
рін тани бастауы, тіпті қаланың дәм-тұзына
‰йреніп кетуіне де бірталай уақыт қажет.
Соның бір дәлелі:
... Бір к‰ні т‰скі тамақ әзір болмай қалып,
абитуриент Баян деген қарындасына ақша мен
‰ш литрлік бидон беріп «Көкси әкел» деп
жұмсайды. Көшенің қарсы бетінде «Қызылор-
да» мейрамханасы бар. Онда қазақтың ұлттық
тағамдарымен қатар кәрістің дәмді «коксиі»
де дайындалады. Бұрын барып көрмеген қа-
рындасы ‰ндемей шығып кетеді. Осынша көк
сияны көкем қайтеді деп ойласа да, жауап
қайтаруға батылы бармайды. Далада жарты
сағаттай ж‰ріп: «Көке, көк сия жоқ екен» - деп
‰йге қайтып келген екен.
Тәкеңнің көңілінің кеңдігі тума-туыстары-
на ерекше болатын. Біз ‰йленгенге дейін екі
бөлмелі пәтердің бір бөлмесіне қарындастары,
бір бөлмесіне інілері жатады да, жаз айында
Тәкеңнің тұрағы балкон болады екен.
Алматыға келген соң КазГУ-де сабақ беру
жауапкершілігі аса жоғары болды. КазГУ
оқытушылары сырттан келгендерге сынай қа-
райды. Факультеттің де, студенттердің де
көңілінен шығу оңай шаруа емес.
|