Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет20/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   446
12 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
жақсы пікірмен, жақсы лебізбен бағалайсыз-
дар», - дей келіп, өзінің Карлагтағы балалық 
шағын, ата-анасының көрген зұлматын сабыр-
лы қалыпта толқи тұрып айтқан естеліктерін 
естіген жұрт «әй қарғыс атқыр зұлмат жыл-
дар-ай» деп, көздеріне жас алып, б‰гінгі еге-
мендігіміздің қадіріне жеткендей толғаныста 
болған еді. 
Мая Мұхамедқызын 1954 жылдан білемін. 
Бұл кісі маған әкпеміз жағынан (Өмекеңнің 
ағасы) қарағанда жеңге болатын. 1961 жылдан 
бастап Мәкең мен Өмекеңнің ағалық-туысқан-
дық қамқорлығын көрдім. 
1971 жылы ҚазМУ-ге осы кісілердің ықпа-
лымен конкурс арқылы оқытушылық қызмет-
ке орналастым. Алматыға көшіп келіп, отба-
сыммен қаланың бір шетінде пәтер жалдап 
тұрдым. Көрген жерде ‰й-жағдайымызды, ба-
лаларды сұрап, көңілімді көтеріп тастайтын. 
Д‰ниеге келген балама өзіміз ағасына ұйқас 
етіп ат қоя салғанбыз. Бірде Мәкең жолығып 
амандық-саулық сұрасқан соң, балама «Құтты 
болсын» айтып, «Атын кім қойдыңдар?» деді. 
Мен өзіміздің қойған атымызды айттым. Сол 
кезде аса бір жақындығын білдіріп: «Біз неге 
қоймадық» дегендей ишара білдірді. Сол сәт 
есімде қалғаны сондай, енді балалы болсам 
осы кісілерге ат қойғызам деп армандап ж‰р-
дім. Кейінірек қызым д‰ниеге келгенде атын 
ардақты Мәкең қойып, Өмекең екеуі шаңы-
рағымызда отырып батасын беріп еді.
Туған-туысқа аса мейірімді жан – аяулы 
Мәкең маңайындағы жақын-жуығына аса та-
лапты да кісі болды. Кейде анау-мынау алып-
қашпа сөз естісе, қасына шақырып алып: «Бұл 
не сөз, не мәселе? Ал өкпелеме, Өмекеңе айта-
мын» дейтін. Бірақ әрине айтпайтын. Біз қи-
пақтап қашан «сөгіс» аламыз деп өзіміздің 
іс-әрекетімізге жауапкершілікті к‰шейтіп ж‰-
ретінбіз.
Негізінде Мәкеңмен 1971 жылдан бастап 
бірге жұмыс істеу мен ‰шін әрі бақыт, әрі 
мектеп десем де болғандай. Факультет өмірі 
жан-жақты өмір. Оның к‰нделікті істелетін 
жұмысы да шаш-етектен. Осы бірге қызмет 
атқару барысында мен Мәкеңді жан-жақты 
тұлға деп таныдым. 
Сондай қыруар жұмыстармен қатар Мәкең
жанұя бақытын жоғары ұстап, өзінің аналық 
мейірімін негізінен отбасына арнады. 
Өмекең – Өмірбек Жолдасбеков пен Мәкең 
– Мая Бағызбаева екеуі бір тұлға. Сонау елден 
жырақ Мәскеу жерінде қол ұстасып қосылған 
қос қарлығаш туған елі Қазақстанның ғы-
лым-білімін көтеруде, ұлттық кадр даярлау 
ісінде ағайын-туысты қанатының астына алып 
жетілдіруде теңдесі жоқ жұмыс атқарды. 
Соның бірі – біз. Алматыға келу, ҚазМУ-де 
қызмет атқару, ғылыми іске араласуда сол 
кісілердің ықпалы өте жоғары деп білемін. 
Өмекең мен Мәкең берекелі, бақытты от-
басын құрды. ‡лгілі ұлын, қырмызы қызда-
рын өз атақтарына сай тәрбиелеп өсірді. Ба-
лалар әке-ана жолын қуды. Халқымыздың 
«Әкеден ұл туса игі еді, әке жолын қуса игі 
еді» - деген арманы орындалып, ұрпағы ғалым 
да, ұстаз да болып елге қызмет етуде. 
Қазір Алматының ең көрікті «Самал» ық-
шамауданында академик Өмірзақ Арсылан-
ұлы Жолдасбеков атындағы жаңа, әрі сәнді 
көше бар. Көше десе – көше. Әрі сол кісілер-
дің көңілі сияқты кең де көрікті. Бір жағынан 
әлемдік деңгейде салынған «Рамстор» сауда 
орталығы, бір жағы – орталық мұражай, алды 
– Елбасының Ақ сарайы мен әсем Алатау. Бұл 
жерден өткен Өмекең мен Мәкеңді білетін 
әрбір кісі бұл аяулы жандарды еріксіз еске 
алып, Мәңгі бірге болған одақтарына ті-
лек-рәсім жасап өтеді.
Мәкең Өмекеңнің аяулы асыл жары, досы, 
жанашыры және қатал сыншысы да болды. 
Солай болуы да заңды. Ал Өмекеңнен соң бар 
тірлігін тек сол кісінің еңбегіне қорытынды 
жасауға арнады, Өмекеңе жетуге асықты. 
Астанадағы, Алматыдағы ‰йі қабырғасына 
ескерткіш тақта орнатып, ардақтап Ас беріп, 
теледидарға ол кісі жайлы ғылыми-танымдық 
сұхбат ұйымдастырды. Барлық шаруаны рет-
теп, асыл жары Өмекеңмен мәңгі бірге болу 
‰шін аттанып кете барды... 
Құрметті Мәкеңнің – Мая Мұхамедқызы 
Бағызбаеваның ғалымдық, ұстаздық, аналық 
ісі жалғаса береді. 
_______________ 
1. «Мая Бағызбаева» атты өмірбаяндық кітаптан. 
Алматы, «Арқас», 2002 жыл. 37-39 бет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет