Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет230/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   ...   446
 
Л. А. Чалтикенова
І. Жанс‰гіров атындағы Жетісу мемлекеттік Университетінің аға оқытушысы, ф.ғ.к. 
 
МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ВАРИАНТТАР МЕН СИНТАКСИСТІК
ВАРИАНТТАРДЫҢ АРАЛАС КЕЛУІ 
 
Тіліміздегі кейбір сөз тіркестерінің мағы-
налық жағы к‰ңгірттеніп қазірде бір б‰тін
т‰бір к‰йінде айтылатындары да кездеседі. 
«Тілімізде сіңісіп кеткен сөздерді белгілі 
ғалым А.Ысқақов «Қазіргі қазақ тілі» еңбе-
гінде кіріккен сөздер дейді. Құрамындағы тек
лингвистикалық (этимологиялық я морфоло-
гиялық) талдау арқылы ғана анықтауға бола-
тын б‰гін, ендігәрі, биыл сияқты сөздерді бі-
ріккен сөздердің өзге топтарынан бөліп қара- 
ған дұрыс [1.104]. Өйткені ондай сөздердің
компоненттердің бір-бірімен өзара ‰ндесе, 


182 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
‰йлесе кірігуі былай тұрсын, олардың маз-
мұндары да құрамындағы компоненттердің
мағыналарына сай келмейді. Демек, мұндай 
біріккен сөздердің мағыналары компонент-
терінің мағыналарының жиынтығы емес. 
К‰рделі сөздің мағынасы мен құрамындағы
компоненттерінің мағыналарының араларын-
дағы айырмашылық тек оның кейінгі кездер-
де болған өзгерістерімен ғана байланысты 
болмайды.
Сөздің формасы белгілі бір затқа ат бер-
ген кездің өзінде де ұғымның мазмұнын т‰гел 
қамти алмайды. Өйткені белгілі бір затқа 
берілетін атау сол затты басқа заттан тез 
ажырата қоярлықтай тиісті бір белгісіне ғана 
қарай беріледі. Сол себептен де кұрделі сөз-
дердің мағыналары құрамындағы компо-
ненттері арқылы айтылатын мағыналарының
жиынтығынан анағұрлым мазмұнды да, бай
болып шығады. Біріккен сөз бен оның компо-
ненттерінің мағыналарының ‰немі бірдей 
шықпайтын себебі де осыдан. Өйткені тұтас
к‰рделі сөздің беретін мағынасына оның я 
екі бірдей компонентінің, я кем дегенде бір 
компонентінің мағынасы тікелей байланысты
болмаған жағдайда ғана ол компоненттердің
мағыналары басқаша т‰сініледі. 
Профессор А.Ысқақов кіріккен сөздер- 
дің қалыптасуы жайлы былай дейді: «кірік- 
кен сөздердің қалыптасуы тілдің дыбыстық
ж‰йесіндегі әр қилы заңдарға байланысты. 
Ал, к‰рделі сөздердің өзге т‰рлерінде я топ-
тарында бұл ерекшелік жоқ. Бұл жағдай да
кіріккен сөздердің өз алдына категория еке-
ніне дәлел. Кіріккен сөздердің ішінде бас-
басына мағыналары бар дербес сөздерден
біріккендері де (бел+бау, бәй+шешек, сахар+ 
асы), дербес сөздермен көмекші сөздерден 
біріккендері бар. Бірақ осы кіріккен сөздердің
ішінде салаласа құрылған тіркестерден гөрі 
(қолғанат, ағайын, көнетоз, щамшырақ, көн-
терлі), сабақтаса құралған тіркестерден ту-
ғандары (бәйшешек, қонағасы, қарлығаш) әл-
деқайда көп кездеседі. Ғалым кіріккен сөз-
дердің компоненттерінің өзгеру сипатына
қарай екі салаға бөлінуі туралы былай тұ-
жырым жасайды: «Бірінші топқа екі компо-
ненті бірдей дыбыстық өзгерістерге ұшырап 
біріккен: б‰гін, биыл, ашудас, өйткені, сөйтіп, 
бәрекелді, әпер, т‰регел сияқтылар жатса, 
екінші топқа тек бір сыңары ғана өзгерген: 
алаңғасар, алағаншық, алагеуім, желғабыз, 
желбезек, желмауыз, салпауыз, керенау, 
итаршы, бәйтерек, таңертең, әжептәуір, 
қайын, ағайын тәрізділер жатады. Кіріккен 
сөздің тууына, біріншіден, әуелгі жай тіркес-
тің құрамындағы компоненттердің мағына-
ларының жоғалуы, екіншіден олардың фор-
масының өзгеруі себеп болады. Өйткені шын 
мәнінде біріккен сөздің қай-қайсысы болса да, 
ең әуелі я бір компонентінің, я екі бірдей
компонентінің мағынасы жоғалған тіркес
болып шығады. Мысалы,белбеу деген сөздің
екінші сыңары бастапқы өз мағынасын бір-
жолата жоғалта келе, кейін ол сөз өзінің
әуелгі формасынан да айрылған. Ал, желбау 
деген к‰рделі сөздің екі компонентінің де 
бастапқы лексикалық мағыналары сақталған-
дықтан, оның мағынасына сол екі сыңардың
да мағынасы енген және әр компоненті әуелгі 
формаларын сақтаған» [1.105]. Сөздің мағы-
насы жоғалса, я өзгерсе, дереу оның формасы 
да өзгереді, мұндай жағдайда бастапқы жай 
сөз тіркесінің құрамындағы компоненттер
дыбыстық жағынан әрі алшақтап, әрі бір-
бірімен ‰ндесіп ықшамдалады да, олар өзара 
жинақталып жаңа форма құрайды, ал жаңа 
форма өзінше жаңа мазмұнға ие болады, он-
дай жаңа сөз жасалғанда, оның құрамындағы
дыбыстардың бастарын құрап ұйымдастыра-
тын дәнекер- екпін болады. Ол екпін біріккен 
сөзді жай сөз тіркесінен әрі ерекшелендіретін, 
әрі ажырататын сөз тіркесінің әрі ерекшелен-
діретін, әрі ажырататын негізгі белгінің бірі.
Бірақ екпін, әрине, ресми ғана белгі, өйт-
кені біріккен сөз белгілерінің ішіндегі ең не-
гізгі рөлге қашан да болсын, мазмұн, мағына 
ие болады, - дейді ғалым [1;105]. Кіріккен 
сөздер белгілі ж‰йе бойынша жасалады. Бірақ 
бұл ж‰йе жұрнақ арқылы сөз тудыру тәсі-
ліндегідей өнімді де емес, жинақты да емес, 
әрі шашыраңқы, әрі өнімсіз. 
Сонымен, біріккен сөздер мен кіріккен 
сөздердің тууына бастапқы жай тіркес әрі 
негіз, әрі ‰лгі ретінде қызмет еткенімен, ол 
негіздер мен ‰лгілер ‰немі жасап отырар-
лықтай, тыңғылықты ж‰йе ретінде қызмет 
ете алмайды. Кіріккен сөз деп,-атап көрсетеді 
А.Ысқақов, компоненттерінің я біреуі я екеуі 
де бірдей әуелгі өз мағыналарынан айрылып, 
тұтасымен тұрып басқа біржалпы мағына 
білдіретін және сонымен бірге сол компо-
ненттері фонетикалық жағынан әр қилы 
өзгерістерге ұшырап, бір-бірімен белгілі дә-
режеде әрі ‰ндесіп, әрі ықшамдалып құралған 
к‰рделі сөзді айтамыз. К‰рделі сөздердің өзге 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет