Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет231/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   227   228   229   230   231   232   233   234   ...   446
Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012 183 
т‰рлері сияқты , кіріккен сөздер де, біріккен 
сөздер де белгілі грамматикалық сөз тапта-
рына телулі болады. 
Бұл туралы ғалым К.Аханов былай дейді: 
«Алғашында екі т‰бірдің бірігуінен жасалып
тілдің даму барысында сыңарлары дыбыстық
және мағыналық өзгерістерге ұшырап, соның 
нәтижесінде ол сыңарлардың бір-біріне әбден 
кірігіп сіңісуінен жасалған сөздер бір екпінге
бағынады да, құрамындағы дауысты дыбыс-
тар сингармонизм заңы бойынша не біркелкі 
жуан, не біркелкі жіңішке болып, барлық жа-
ғынан жалаң сөздерге тән қасиеттерге ие 
болады. Мәселенің осы жағын ескере келіп, 
Н.А.Лукьянова орыс тіліндегі осылар тәріз-
дес сөздерді негізі сіңіскен сөздердің қата- 
рына жатқызады. Этимологиялық анализ жа-
самайынша, сіңіскен т‰бірлер морфемалар- 
ға (алғашқы т‰бірлерге) ажыратылмайды» 
[2;312]. Қазіргі қазақ тілінде де дыбыстық өз-
герістерге ұшырап барып өзара бірігіп кеткен 
сөз тіркестері көптеп кездеседі. Жай сөз тір-
кесінің құрамындағы компоненттер дыбыс-
тық жағынан алшақтап, бірімен–бірі ‰ндесіп,
ықшамдалып, жаңа мазмұнға ие болып мағы-
налары тепе-тең морфологиялық вариант қа-
тарларын құрайды.
Мәселен: Алдыңг‰ні//алдыңғы к‰ні. Ап-
таның алда өтіп кеткен к‰ні

Ол кісіні алдыңг‰ні ғана көргендер бар. 
(«Жетісу»). Алдыңғы к‰ні ауылға келіп қайт-
қан.( Ауызекі сөйлеу тілі.)
Ана жақта// анаяқта// аннан. Сілтеу ар-
қылы мекенді білдіру.
Ауыл д‰кені ана жақта. Ол кісі анаяқта 
отыр (Ауызекі сөйлеу тілі). Сенің ауырғаның-
ды аннан естіп келдім («Диалектологиялық 
сөздік») [3]. 
Болған соң//болғасын. Істің аяқталғанын 
білдіру. 
Жазып болған соң маған айт. («Социалис-
тік Қазақстан»). Сөзі орынды болғасын уәж 
айта алмады. (А.Хангелдин). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   227   228   229   230   231   232   233   234   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет