Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет292/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   288   289   290   291   292   293   294   295   ...   446
Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012 233 
бар адамдарды таңдау керек. Оларда ғылымға 
деген қабілет мықты жәнеде тез меңгергіш 
болуы қажет. Жақсы есте сақтау қабілеті бар, 
еңбекс‰йгіш адамдарды іздеу қажет» дейді. 
Интеллектуалды қабілетті сынау нәтиже-
лері кей кезде тәкәппарлық болып табылды.
Мысалы, Девсарам атты ‰нді патшасы иран-
дықтардың даналығын сынау мақсатында олар-
ға шахмат жіберген екен. Ирандықтар осы ойын-
ның мәнін т‰сіне қоймас деп болжанды, және 
олар шарт бойынша, ережесін шеше алмаса 
‡ндістанға кері жіберу қажет еді. Бірақ Важург-
михр уәзір бұл ойынның ережесін т‰сініп, және 
де өзі тағы бір басқа ойын т‰рін тапты, ол 
қазір нарды деп аталатын ойын. Бұл ойынды 
ол ‡ндістанға жібереді, және ‰ндістандықтар 
бұл ойынның ережесін шеше алмағандықтары 
анықталды. Сынақтарды қолданған жөнінде 
басқа да айғықтар болған, яғни олар чань буд-
дизм атты діндік ілім негізін көрсететін мате-
риалдар. Чань буддизм оқытушылары психо-
логиялық жағдай тудырумен қатар жұмбақ-
тар, сұрақ-парадокстар қолданған. Бұларға тез 
жауап беру қажет болған, ойлануға бір секунд 
та берілмеген. Н.В.Абаев көрсеткендей, ‰йре-
тушісінің іс-әрекетінің барлық бейнесінің к‰-
шейтілуінен чандық жекпе-жек айтыстарда 
сұрақтардың қойылымының оғаштығының өзі 
драмалық қысым тудырды (мысалы «сақалды 
жабайыда сақал болды ма», немесе «итте буд-
да табиғаты барма»). Өз қарсыласын ұстап 
алып оған: «Айт! Айт! Тез жауап бер!» деп, 
психологиялық қысым тудыратын. Бұл автор-
дың ойынша, Чаньдық парадоксалды жұмбақ-
тар ойлаудың белгілі бір «чаньдық» кодына 
байланысты сынақтама ретінде қолданылады. 
Сынақталатын неофит бұл жұмбақтарға қалай 
жауап беретініне байланысты ‰йретуші тәжі-
рибені тереңдетуге қандай шараларды қол-
дану керек екендігін анықтайды. Бұл сонымен 
қатар, өзінің сыртқы әдепсіздігі мен мінезінің 
ерсілігінің арқасында құзыретсіздігін жасыра-
тын симулянттарды анықтауға м‰мкіндік береді.
Чжурчжэндер құрған Цзинь мемлекетінде 
емтихан нәтижелері медициналық училищені 
бітірушілерді бөлу ‰шін қолданылған. Емти-
ханды тапсырып шыққандардың ішінде жақ-
сы мамандар, мемлекеттік қызметке тәжіри-
беден өткен дәрігерлер, ұстаздар немесе зерт-
теушілер ретінде орналасқан. Нашар т‰лек-
терге жеке тәжіребиемен айналысуға рұқсат 
берілген, ал емтиханнан өтпеген тұлғаларға 
дайындықтарын немесе мамандығын ауыс-
тыру жөнінде кеңес берілген. 
Ортағасырлық Вьетнамда да әр т‰рлі 
сайыстар мен емтихандар өткізілетін. Тек 2 
жылдың ішінде, 1370-1372 ж.ж., барлық аза-
маттық шенеуіктер мен әскери қызметкерлер 
қайта аттестациялаудан өткен, ол мемлекеттік 
аппарат жұмысын жақсартуға өз септігін 
тигізген. Мұның нәтижесінде, Вьетнам к‰шті 
және өмірге бейім мемлекет болды. Жауын-
герлік офицерлік корпустарды жасауға ерекше 
көңіл бөлінді. XV ғасырда емтихандар бірың-
ғайланды. Олар этаптар мен турлар бойынша 
ж‰ргізілді, лауреаттар корольден сыйлықтар 
алып, олардың аттары астананың Шығыс қақ-
пасында ілінетін «алтын тізімге» енгізілген 
және олардың жеңістері туралы б‰кіл елге 
жарияланатын. Ерекше көзге т‰скен қатысу-
шылардың аттары Әдебиет Храмында орна-
тылған арнайы тастарда қашалып жазылған. 
Егер сол кездің өзінде Шығыс елдерінде 
жазбаша бақылау жұмыстары мен емтихан-
дарды қолдану табиғи, кәдімгі жағдай болса, 
Батыс елдері туралы олай айтуға болмайды. 
Онда бақылаудың ‰йреншікті т‰рінен жаз-
баша т‰рге ауысу м‰мкіндіктерінен психоло-
гиялық мінездегі қиындықтар туындады. Мы-
салы, Ұлыбританияда оқу процесінде жазбаша 
бақылау жұмыстарын ж‰ргізуге қарсылақ көр-
сететін консервативтік дәст‰рлерді жоюға ж‰з 
жыл кетті. Тағы да ж‰з жыл қабылдау және бі-
тіру кезіндегі емтихандарда қолдануына кетті. 
Сол Ұлыбританиядағы жазбаша жұмыстар-
дың құндылығын, оларды оқу жұмысын ынта-
ландыруын жоғарылату құралы ретінде екен-
дігін Иезуиттер Ордені басқаларынан тезірек 
байқады. Өз беделін қолдана отырып, жазбаша 
жұмыстарды қолдану тәжірибесін көптеген ел-
дерге таратты. Бұған ашық реакция ең алды-
мен Америкада қалыптасты. Онда 1762 жылы 
Йель Университетінің студенттері емтихан-
дардың жазбаша т‰ріне қарсы ашық сөз сөй-
легені туралы айтылды. Себебі, оларға көп 
жаттау қажет болды. 
1884 жылы АҚШ-та есептер мен жауаптар 
және оларды бес балдық шкаламен бағалаудан 
тұратын сынақтама материалдары бар алғашқы 
кітап шықты. Бұл кітапта математика, тарих, 
грамматика, статистика, навигациядан есептер 
болды, шығармаларды сандық бағалау әдісте-
рімен бірге шығарма мәтіндері берілді. Бұл педа-
гогика тарихында қарапайым статистикалық
есептеулерді қолданған бірінші жағдай болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   288   289   290   291   292   293   294   295   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет