Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет30/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   446
22 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
лар мен мақалалар ғалымның әдеби тіл проб-
лемасын зерттеуге арналғаны ғылыми ортаға 
мәлім. “Шәкіртсіз ғалым тұл“ дейді халқы-
мыз. Профессор Мәулен Балақаев – ғылыммен 
қатар ұстаздықты да мұрат тұтқан адам. Ал- 
матыдан бастап ұлан-байтақ қазақ жерінің
т‰кпір-т‰кпірінде өнер, білім, мәдениет ұрығын 
сеуіп жатқан ғалым алдынан тәлім алған 
білімдар шәкірттер баршылық. Қазақстанның 
ғылым ордаларында қызмет етіп ж‰рген 
Мәкең баулып т‰леткен бірнеше ғылым кан-
дидаты мен докторлары мұның кәміл айғағы. 
Сол шәкірттерінің бірегейі қазіргі кезде 
арамызда жоқ профессор Талғат Сайранбай-
ұлы болды. «Орнында бар оңалар» деп, 
Мәулен Балақаевтың ақыл-кеңесін тыңдаған, 
сол кісінің шәкірті болып, тәлімін алған
Т. Сайранбайұлы қазақ тіл білімін, оның 
синтаксисін өрге с‰йреп, өзгемен терезесі тең 
ғылымға айналдырды. Өзінің ғылыми жетек-
шісінің тәрбиесін көріп, тәлімін алды, жұмыс 
істеу, ой өрнектеу, өз бетімен іздене білу 
стилін ‰йренді. Бойына біткен талант та, 
ғылымға деген құштарлық та, атақты ма-
мандардың ақ жарқын аяулы көмегі де 
Талғаттың ізденгіштік, іс білгіштік қабілетін 
құрыштай сомдап, қырандай қанат қақтырды. 
Әрбір ғылыми жұмыстың өзіндік көзге ұрып 
тұратын азды – көпті жаңалығы бар болса – 
игі. Біз оны Талғат Сайранбайұлының еңбек-
терінен көре алатынымызды айтамыз. Ғалым 
қазақ тіл білімі синтаксис саласының ішіндегі 
сөз тіркесі мәселесімен т‰бегейлі айналысты. 
Осы мәселеге өзінің барлық шығармашылық 
еңбегін, кандидаттық, докторлық диссертация-
ларын, 15-ке жуық монографиялық зерттеу-
лерін, 230-ға тарта ғылыми мақалаларын оқу 
құралдарын арнады. Ғылыми еңбектерінің іші-
нен ерекше атап өтетіні өзінің ұстазына арнайы 
жазылған «Мәулен Балақаев» атты зерттеу - 
эсселік монографиясы (2007) жарық көрді. 
Ғылым кандидаты, докторлары болып ж‰р-
ген шәкірттерінің көпшілігі өзінің сабақ бер-
ген бұрынғы студенттері. Атап айтар болсақ: 
1. Б‰ркітбаев О. “Қазақ тіліндегі қайталама-
лардың лингво-стилистикалық ж‰йесі“ атты док-
торлық диссертация - 2001ж. 2. Сағындық-
ұлы Б. «Тең дәрежелік қатынастағы тілдік бір-
ліктер» (докторлық диссертация) – 2004ж.
3. Елікбаев Б. Қазіргі қазақ тіліндегі есімдер син-
таксисі 2009ж (докторлық диссертация), 40-тан 
астам кандидаттық диссертациялар қорғалды. 
Профессор Талғат Сайранбайұлының әр-
бір шәкіртінің қорғаған ғылыми жұмыстары-
ның қай-қайсысында да ұстаздың пікірі өш-
пестей өріліп жатады. «Ұстаздық қылған жа- 
лықпас ‰йретуден балаға» деп, ұлы Абай айт-
қандай, Талғат Сайранбайұлы ұстаздықты ті-
келей мұрат-м‰дде ұстанумен қатар ұйымдас-
тыру, басқару саласында да ұзақ жылдар бойы 
дамылсыз еңбек етті. Оның ерен еңбегі елен-
бей қалған жоқ. Мәскеуден берілген «отлич-
ник высшей школы СССР» және «Қазақстан 
Республикасы білім беру ісінің құрметті қыз-
меткері» деген атақтарға ие болды. 
Білім беру ісінде – ұстаз басты әрі шешуші 
тұлға. Ұстаздың білімділігі, абырой-беделі 
оның шәкіртінен көрінеді. «Шәкірттің жақсы 
болмағы ұстазынан» - деп халық тегін айтпа-
ған. Адамзат баласының дамуында білімнің 
қажеттілігі сол білімді таратушы, жеткізуші 
ұстаздық қажеттілігімен бірдей маңызға ие 
болған. Әлемдік ой алыптары, небір ғұламалар 
ұстаз алдынан өткен, олар өздерінің ұстазда-
рына мәңгі борыштар екенін болашақ ұрпаққа 
өсиет етіп қалдырған. Ұстаз мәртебесінің қан-
шалықты биік, әрі қасиетті екенін осыдан-ақ 
көруге болады.
Өзінің саналы ғұмырын ағарту ісіне арна-
ған ұлтымыздың ұлы ұстазы Ахмет Байтұр-
сынұлы: “Білім – біліктілікке жеткізер баспал-
дақ, ал біліктілік сол білімді іске асыра білу 
дағдысы” - деп бағалаған еді. 
“Қыран т‰легіне қайырылмас қанат сый-
лайды, ұстаз т‰легіне алға бастар талап сый-
лайды“ демекші білімді ұстаздар білімдерін 
жоғары оқу орындарында жалғастыруда. Ұлт-
тық тіліміздің, мәдениетіміз бен дәст‰ріміздің 
алдыңғы қатарлы ‰лгілерін, орасан зор бай-
лығын студенттердің жан д‰ниесіне сіңіру, 
сол арқылы өркениеттің өріне шығып, одан 
нәр алу – б‰гінгі к‰ннің талаптарының маңыз-
дысының бірі болып саналады. Адам ұстаздан 
‰йреніп, шәкіртпен озады. Алла тағала әркім-
ге әр т‰рлі бақыт береді екен... Тәкеңдей сый-
лас, қадірлес адамды адамымызды алып кетті. 
Табиғаттың бұлтартпас қатаң заңына көнбеске, 
мойынсұнбасқа лаж жоқ. Біз әріптесіміз Талғат 
Сайрамбайұлын еске алғанда, оның азаматтығы, 
ақ жарқын мінезі көз алдымызға елестейді. 
_________________ 
1. Балақаев М.Б. Қазақ әдеби тілі. Алматы, 1987. 
2. Балақаев М.Б. Тіл мәдениеті Және қазақ тілін 
оқыту. Алматы, 1989. 
3. Омарбеков С. Қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері. 
Алматы, 2007. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет