Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет26/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   446
18 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
Грамматика саласының даму процесіне на-
зар аударған ғалым сөйлеу тіліндегі синтаксистің 
мәніне ерекше көңіл бөледі. Бала тілінің син-
таксисіне, алғашқы сөйлеу ж‰йесіндегі ойдың, 
пікірдің берілуіндегі синтаксистің маңызына 
тоқталады. Егер белгілі интонацияға ие болса, 
жеке сөздердің сөйлем болуы м‰мкін деген ой 
айтады. Мұндай ғылыми пікірлер қазақ син-
таксисінің болашақта дамуына қатысты ай-
тылған бастамалар деуге толық негіз бар.
Қорыта айтқанда, қазақ синтаксисінің зерт- 
телуіне профессор Т. Сайрамбаев өзіндік ‰л- 
кен ‰лес қосқан ғалым. Оның еңбектерін қай- 
талай оқығанда, қазақ тіліндегі сөз тіркесін 
зерттеуде қандай ғылыми тұжырымға қол
жеткізілді, болашақта қандай бағытта ізденуге 
болар еді деген сұрақтардың біразына жауап 
ала аласыз. Жастардан көмегін аямайтын, сол 
жасаған көмегін «өзгелердей» сатпайтын жақсы 
аға биыл 75-ке шығар еді... Артына өлмес мұра 
қалдырған профессор Т. Сайрамбаев есімі әлі 
талай ғылыми еңбектерде жазыларына, айты-
ларына сенім кәміл.
________________ 
1. Сайрамбаев Т. Қазақ тіл білімінің мәселелері. Сөз 
тіркесі. Алматы, 2010. 29-бет 
2. Соссюр Ф. Де. Курс общей лингвистики. М., 1933. 
Салкинбай Анар Бекмырзаевна 
Т. САЙРАМБАЕВ И КАЗАХСКИЙ СИНТАКСИС 
В статье анализируются труды профессора Т. Сайрамбаева, посвященные теорий словосочетаний в казахском языке.
Salkinbai Anar Bekmyrzaevna 
T. SAYRAMBAEV AND KAZAKH SYNTAX 
The article analyzes the work of Professor T. Sayrambaev devoted to theories of phrase in the Kazakh language. 
Г‰лдархан Смағұлова, 
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы, Smagulova.g@mail.ru 
ТАЛҒАТ САЙРАМБАЙҰЛЫ: КЕМЕЛДІК ПЕН КЕҢДІК 
 
Профессор Талғат Сайрамбайұлымен Ұлттық 
университеттің қабырғасында, филология фа-
культетінде әріптес әрі ағалы-қарындас болып 
еңбек еткенімізге 40 жылға жуық уақыт өтіпті.
Қазақ тіл білімінің дамуына ‰лес қосқан, 
әсіресе, синтаксис саласында өнімді зерттеу-
лер ж‰ргізген және Қазақстан ғылымына көп-
теген шәкірт ғалымдарды дайындаған ғалым 
Аға туралы 75 жас мерейтойы к‰ні өз жады-
мызда қалған ғибратты сәттерді бөліскеніміз 
жөн болар. 
Әр кезеңде ұрпақ ауысқан сайын алдыңғы 
толқын ағалардың ғұмыр мен ғылымдағы 
іздері, айтқан ақыл-нұсқалары кейінгілерге
‰лгі, өнеге болып жаңғырып отырады. Мә-
селе - оны жеткізушілер мен тыңдаушылар-
дың арасындағы өзара ықпалдастықтың болуы 
және әсерлі әңгіменің нәтижеге бағытталуы. 
Біздің де білім іздеген тұстағы шәкірттік 
жылдарымызда, жас ұстаз ретінде дәрісхана 
есігін имене ашып, алғашқы сабақтарды бас- 
тағанымызда демеу беретін, жебеп жіберетін
әріптес ағаларымыз болды. Жастықтың ерек- 
шелігі ғой, кейде бір нәрсені артығырақ біліп,
бұрынырақ айтып қалсақ, соған астамсып
шікірейіп қалатынбыз. Сонда Тәкең сияқты
ағаларымыз шын пейілдерімен, риза кейіп-
пен, «е, сөйткендерің дұрыс, сендер жассың-
дар ғой, сендер білмегенде кім біледі» деп 
тіпті желпіндіріп жібереді. Ол кезде олардың 
өздері соншалықты қартайып отырған жоқ, 
керісінше кітапханаға бізден бұрын барып, 
бізден бұрын тіл біліміндегі «жаңа д‰ние-
лерді» игеріп ж‰ретін.
Ұлттық университеттің филология факуль-
тетінде өзіміз дәріс алған ғылымдағы заңғар 
тау ағалар бейнелері алыстаған сайын, биіктеп 
барады. «Ағалар» деп әр ойымызды бекер тұз-
дықтап отырған жоқпыз.
Қазақ филологиясы кафедрасында бізге 
дәріс оқыған Мархабат Томанұлы, Хасан Кә-
рімұлы, Мырзатай Серғалиұлынан бастап, к‰ні 
кешеге дейін әріптес болған Ағалар – Айтбай 
Айғабылұлы, Сапархан Мырзабек, Талғат 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет