Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012 257 Ресми-іскерлік стильдің ең басты белгісі
ретінде оның көптеген сөйлеу стандарттары,
яғни клишелері қабылданады. Егер де басқа
стильдер ‰шін шаблонды құрылымдар сти-
листикалық жетіспеушілік болып саналса, рес-
ми-іскерлік стиль ‰шін олар қалыпты, қажетті
құбылыс ретінде қабылданады. Іскерлік құ-
жаттар басым көпшілігі материал берілуі мен
баяндау формаларының жалпы қалыптасқан
т‰рін айқындайды. Ал бұл өз кезегінде, олар-
ды қолдану тәсілінің жеңіл әрі қарапайым
болуын қамтамасыз етеді. Мәселен, іскерлік
тәжірибесінің кейбір жағдайларында олардың
тек толтырылуын қажет ететін дайын бланкі-
лер қолданылады. Оның ‰стіне конверттердің
өзін белгілі бір тәртіпте ғана толтыру қажет.
Бұл сол конвертті толтыру ‰шін де, пошта
қызметкерлері ‰шін де өте тиімді болып са-
налады. Сол себепті де кез келген сөйлеу кли-
шелері іскерлік коммуникацияның жылдам
ж‰зеге асуы мен жеңіл ж‰ргізілуіне ықпал
етіп, олардың құжаттарда орын алуы заңды
болып табылады.
Жалпы алғанда, ресми-іскерлік стиль – бұл
т‰рлі құжаттардың стилі: халықаралық келі-
сімшарттар, мемлекеттік актілер, заңдар, ‰кім-
дер, жарғылар, нұсқаулықтар, қызметтік хат-
тар, іскери қағаздар және т.б. Ресми-іскерлік
стиль өзінің т‰рлі жанрлары мен мазмұнда-
рына қарамастан, барлығына бірдей бірнеше
ортақ белгілермен сипатталады. Олар:
- тілдік құралдардың ‰немді пайдала-
нылуы, ықшамдылық, шағындылық;
- материалдың стандартты орнастырылуы,
белгілі бір форма болуының міндеттілігі (жеке
куәлігі, т‰рлі дипломдар, туу және неке ту-
ралы куәліктері, ақшаға байланысты құжаттар
және т.б.);
- терминологияның, атаулардың (заң, дип-
ломатия, әскери, әкімшілік және т.б. термино-
логия) кеңінен қолданылуы, ерекше лексика
мен фразеология (ресми, кеңселік) қорының
болуы, қысқарған сөздер мен аббервиатура-
лардың мәтінге алынуы;
- ерекше грамматикалық құрылысы, т‰рлі
тұрақты сөз тіркестерінің қолданылуы;
- т‰рлі аталымдық сөйлемдердің санамалау
негізінде пайдаланылуы;
- бір фактілердің басқаларға қисынды
тәуелділігін айқындайтын к‰рделі сөйлемдер-
ді қолдану ‰рдісі;
- эмоционалды-экспрессивті сөйлеу тәсіл-
дерінің толық немесе м‰лдем болмауы;
- стильдің жекелік (даралық) сипатының
болмауы.
Жоғарыда келтірілген белгілерде аталған
стильдің ерекшелігі ретінде терминологияның
басым қолданылуы атап көрсетілген, яғни
терминологиялық бірліктер бұл стильдің ең
бір маңызды айрықша сипаты қатарына жат-
қызылады. Ал ғылыми дәст‰р бойынша, қазақ
терминологиясының даму кезеңдері ‰шке бө-
лінеді:
І кезең – «Қазақ терминологиясының қазан
төңкерісіне дейінгі және кейінгі кезеңі (1910-
1935 ж.ж.);
ІІ кезең – қазақ терминологиясының тер-
миндер қалыптастырудағы жалпыкеңестік ке-
зеңі (1935–1990 ж.ж.);
ІІI кезең – тәуелсіз Қазақстан термино-
логиясы дамуының бағыт-бағдарын айқындау
кезеңі (1990 жылдан бергі уақыт).
Осы мәселеге байланысты профессор
Б.Әбілқасымов былай деп жазады: «1808 жылы
жазылған бір құжат «Билет уа йахуд б‰т‰к- нама» деп аталыпты. Бұл құжат Орынбордың
коменданты полковник Тарарикин атынан
Жайық өзенінің ішкі Бөкей Ордасына жаз
жайлау ‰шін өткен адамдарға берілген рұқсат
қағаз болғанға ұқсайды. Бұл құжат тілдік
жағынан өте ауыр, т‰сініксіз. Оның басты
себебі, лексикасының басым көпшілігі – араб
және парсы сөздері. Мәтіндегі 225 сөздің 113-
і, яғни тең жартысынан артығы – араб және
парсы сөздері. Т‰ркі немесе қазақ сөздерінің
саны 70-тей, яғни 30-35%, қалған 15 пайыз-
дайы орыс сөздері мен ономастикалық атау-
лардың ‰лесіне тиеді. Араб және парсы сөзде-
рінің ішінде сөйлеу тілінде айтылмайтын кән-