Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012 255 3. Қазақ тілінің т‰сіндірме сөздігі. - Алматы Дайк-
Пресс. 2008. – 968 б.
С. А. Камаева Влияние личности на изучение государственного языка Данная статья посвящена проблеме изучения казахского языка в русской аудитории. Автор считает, что
использование поэтических текстов на занятиях формирует эстетическую и коммуникативную компетенции.
Обучение государственному языку требует применения инновационных технологии для эффективного его
усвоения.
S.A. Kamaeva The influence of individual to the study of the state language The given article is written about problem of studying Kazakh language for a Russian group. The author considers
reading poetical texts as the proper way to form aesthetic, communicative competences. Teaching national language needs
using new innovations and techniques for the effective learning.
А. Ж. Құрманаева, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филология факультеті «Қазақ филологиясы» кафедрасының магистранты ІСҚАҒАЗДАР ТІЛІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН НЕГІЗГІ Т‡РЛЕРІ Кеңселік ісқағаздар тілінің ерекшеліктері
мәселесін талдамас бұрын, ең алдымен оның
тілдік тұрғыдан басты деңгейі мен ж‰йесін
нақтылап алған жөн. Бұл ретте, аталған тілдік
мәселелерге қатысты жиі қолданылатын тер-
мин – ресми-іскерлік стиль деп аталады. Рес- ми-іскерлік стиль деп ресми қатынастар, бас-
қару мен құқықтық қарым-қатынастар салала-
рында қолданылатын сөйлеудің тілдесім ор-
тасы, тілдің функционалды стилі аталады.
Аталмыш салаға халықаралық қатынастар, заң-
намалық құжаттамалар, экономика; әскери са-
лаға қатысты құжаттар, жарнама, ресми меке-
мелердегі тілдесім, ‰кімет қызметіне қатысты
құжаттар және т.б. жатқызылады.
Оның негізгі кішірігім стильдеріне мына-
лардың қатысы бар:
- заңнамалық (мемлекеттің басқару сала-
сында қолданылады);
- әкімшілік-кеңселік (мекеме құжаттары
мен жеке іс қағаздарының ж‰ргізілуі;
- дипломатиялық (‰кімет пен дипломаттар
арасындағы
қатынастардың
халықаралық
деңгейдегі сипаты).
Тіл білімі терминдерінің т‰сіндірме сөзді-
гінде оған төмендегідей анықтама келтірілген:
«Ресми тіл (лат. officialis) (лауазымды) – бел-
гілі бір территорияда мемлекеттік заңдар, қау-
лы-қаралар мен іс-қағаздарында қолданыла-
тын құқықтық мәртебесі бар тіл. Ресми тіл
мәселесінің шешілуі барлық елдерде бірдей
емес. Көп ұлтты мемлекеттердің (Индия, Ка-
нада, Швейцария т.б.) конституцияларында
қай тілге ресми тіл мәртебесі берілетіні көр-
сетіліп отырады. Кейбір мемлекеттерде (Азия,
Африка елдерінде) жергілікті ұлттық тілмен
қатар бұрынғы метрополия тілдері (ағылшын,
француз, испан т.б.) ресми тіл болып қабыл-
данған. Кейбір мемлекеттерде (Ресейде т.б.)
Ресми тіл мен мемлекеттік тіл ұғымдары бір-
бірімен сәйкес келіп, ауысып қолданыла бе-
реді. Бірақ оларды бірдей деп қарауға болмай-
ды. Мемлекеттік тіл – қоғамдық, саяси, эко-
номикалық, әлеуметтік, мәдениеттік т.б. сала-
ларда кең қолданылатын тіл. Ал ресми тіл
қолданылу аясы негізінен ресми қатынастар
шегінен аспайды. Қазақстан Республикасы
Конституциясында қазақ тілі – мемлекеттік
тіл, орыс тілі де – ресми қызмет атқаратын тіл
болып қабылданған. 1997 ж. 11 шілдедегі
«Қазақстан Республикасындағы тілдер ту-
ралы» Заңның 5-бабында мемлекеттік ұйым-
дар мен өзін-өзі басқаратын жергілікті орган-
дарда қазақ тілімен қатар орыс тілі ресми қол-
данылатыны айтылған. Қазақстанда құжаттар
қазақ тілінде де, орыс тілінде де ж‰ргізіледі»
[1, 263-264 бб.].
Ал «ресми-іскерлік стилі» термині «функ-
ционалдық стильдер» қатарында қарастыры-
лып, оған мынадай анықтама берілген: «Функ-