256 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012
сөйлеу тәжірибесі нәтижесінде қалыптасқан
әдеби тілдің т‰рі. Функционалдық стильдің
тууы тілдің қызметімен, атап айтқанда, оның
қарым-қатынас жасаудағы, бір нәрсе жайында
хабарлаудағы және адамдардың санасына
ықпал етудегі қызметімен және осы қызметтің
‰немі кеңейіп отыруымен байланысты.
Бұдан
басқа Функционалдық стильдің тууына қо-
ғамдық сана, әлеуметтік қарым-қатынас, өнді-
рістер сияқты тілден тыс факторлар әсер
ететін мемлекеттік орындарда, ресми не жеке
адамдардың сөздері (автор сөзі) мен олардың
тыңдаушылары арасындағы қарым-қатынас та
маңызды рөл атқарады. Функционалдық стиль
тіл дамуының әр дәуірінде әлеуметтік, тарихи
сипаты өзгеріп отыратын категория болып та-
былады. Функционалдық стиль ауызша және
жазба т‰рде дамиды, оның ерекшеліктері лек-
сика, фразеология,
сөзжасам, грамматика, фо-
нетика салаларынан,
эмоционалды-экспрес-
сивті сөздерден көрінеді.
Осы к‰нгі әдеби тілдердің көпшілігінде:
к‰нделікті-әдеби, публицистикалық, ресми-
іскерлік, өндірістік-техникалық, көркем әде-
биет және ғылыми функционалдық стильдер
қалыптасқан.
К‰нделікті-әдеби стиль – к‰нде-
лікті бейресми қарым-қатынаста кең қолданы-
латын және әдеби тілдің «бейтарап» т‰рі бо-
лып табылатын сөз қолданыс қызметін;
публи-
цистикалық стиль – қоғамдық, саяси өмірмен
байланысты адамдардың санасына ықпал ету
мақсатындағы сөз қолданыс қызметін;
ресми-
іскерлік стиль – құжаттар мен экономика, құ-
қық, дипломатия салаларындағы, мемлекеттік
орындардағы
қарым-қатынас қызметін;
өнді-
ріс-техникалық стиль – өндіріс, техника сала-
сындағы сөз қолданыс қызметін;
көркем әде-
биет стилі – көркем әдебиетте (проза, поэзия,
драмматургия) сөз қолданыс қызметін;
ғы-
лыми стиль – ғылым салаларында сөз қолда-
ныс қызметін атқарады ...» [1, 390-391 бб.].
Тілдің кітаби стильдерінің ішінде ресми-
іскерлік стиль басқалардан өзінің тұрақты-
лығы мен тар шеңберлі қолданыс ерекшелігі-
мен сипатталады. Әрине, уақыт өте мазмұн
сипатына орай ол
өзгерістерге ұшырап оты-
рады, алайда оның көптеген белгілері, тарихи
тұрғыдан қалыптасқан жанрлар т‰рлері, ерек-
ше лексикасы мен фразеологиясы, синтаксис-
тік құрылымдары, жалпы оның көп өзгеріске
ұшырай бермейтінін айқындайды.
Кез келген әдеби тіл дамуының ішкі заң-
дылықтары, ең алдымен оның мынадай сала-
ларынан көрініс табады: сөздік қордың толы-
ғуынан, сөзжасам, синтаксис және семантика
салаларынан. Осы тұрғыдан алғанда, әрбір
тілдің ұлттық сипатта қалыптасуы тілдегі өз-
герістермен байланысты. Бұл саладағы өзге-
рістер сөз мағынасының, құрылымының, қыз-
метінің өзгеруімен сипатталады. Сөз мағына-
сының өзгеруі мен жаңа сөз орамдары, тер-
миндердің пайда
болу себептерін тіл маман-
дары екі факторға негіздеп қарастырады: бі-
ріншісі – экстралингвистикалық фактор, бұл
фактор қоғамда, саяси, мәдени т.б. өзгеріс-
терге байланысты жаңа атаулар мен сөздердің
қалыптасуына әсер етеді. Екінші фактор –
лингвистикалық деп аталады, яғни тілдегі бұ-
рыннан бар сөздер мен атаулардың уақыт өте
мағынасы өзгеріп басқа қызметке жұмсалуы
болып табылады.
Белгілі бір ұлттың қоғамдық-саяси, мәдени
өмірінде болып жатқан өзгерістердің барлығы
ресми тілде де көрініс табады. Тілдің даму
тарихын халық өмірінде болған өзгерістермен
байланыстырып қарау қазіргі тіл білімінің
негізгі зерттеу ұстанымы болып табылады.
Сол себепті біз ресми тілді қоғам өміріндегі
өзгерістермен тікелей байланыста қарасты-
рамыз. Өйткені қоғам қашан да қозғалысқа,
өзгеріске, дамуға бейім тұрады.
Осыған орай
тіл де дамиды.
Кез келген тілдің кәсіби, ресми тілінің
лексикасы, оның даму жолдары, қалыптасуы
жан-жақты зерттеуді талап етеді. Өткен ға-
сырлардан бастап қазіргі заманға дейінгі атал-
мыш лексикалық топ атаулары қалыптасуы-
ның ерекшеліктерін зерттеу тіл дамуындағы
сыртқы және ішкі
факторларының өзара әре-
кеттестігінің нәтижесінде туындайтын аталым
тетігінің жалпы заңдылықтарын айқындауға
м‰мкіндік береді. Тіл білімі ғылымында қа-
лыптасқан көзқарас бойынша қай тілдің бол-
сын лексикасының дамуы сыртқы факторлар-
дың әрекеттерімен бірге тілдің ішкі ‰рдісте-
рімен анықталады. Бұл ‰рдістер тілдің дамуы-
ның екі қырын сипаттайды: бір жағынан, тұ-
рақтылық ‰рдісі, екінші жағынан, экспрессив-
тілік ‰рдісі. Осы аталған ‰рдістер тілдік
ж‰йенің т‰рлі деңгейлерінде бір-бірімен к‰р-
делі өзара әрекеттестікте болып, басқа да ка-
тегориялармен өзара байланысқа т‰седі. Мы-
салы, мұндай категориялар қатарына мына-
ларды жатқызуға болады: дәст‰р, тілдік бедел,
әдеби норма, әдеби стандарт.