Алматы №1 (135) 2012


басын шұлғу сөйлеуде – Ия деген келісуді



Pdf көрінісі
бет341/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   337   338   339   340   341   342   343   344   ...   446
басын шұлғу сөйлеуде – Ия деген келісуді
басын шайқау – Жоқ деген мағынаны (- Сен 
ауырып қалдың ба? – Бала басын шайқады), 
қолын кеудесіне қысу – уәде берудің эквива-


Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012 273 
ленті, қасын көтеру – таңданудың аналогі 
болып тұр. 
Бейвербалды референция әрдайым нақты: 
ол бір нақты нысанмен және жағдаятпен, 
өзекті кеңістікті категориялармен жұмыс 
істейді. 
‡шіншіден, сөзге қарағанда ишарат таң-
балары көп жағдайда көзбен қабылданады. 
Негізінен бұлар көз таңбалары (сирек жағ-
дайда тактильді). Сондықтан ым-ишарат эле-
менттері табиғатынан коммуникативтік актіде 
ақпаратты, экспрессивті, реттегіш, бірнәрсені 
жеткізушілік қабілетті. 
Тарих пен мәдениетте бейвербалды ком-
муникация мен дене тіліне әрдайым көп көңіл 
бөлінген. Әсіресе олар адамның ішкі сапалары 
тұлғасынан, бет-әлпетінен көрініс беретін 
ғылым салалары – шешендік өнер, медицина, 
психология, педагогика, өнер мен физиогно-
мика секілді адам қызметі салаларының ны-
саны болды. Бұлардың қатарына тағы бірқа-
тар ғылым салаларын жатқызсақ болдаы: 
хирология (қол сызықтарының тілі), хироно-
мия (мануальды риторика өнері) және хиро-
мантия (алақанға қарап бал ашу өнері). 1644 
жылы Дж. Балвердің басшылығымен жарық 
көрген алғашқы дене тілі туралы кітапқа дәл 
осылар арқау болған. Дж. Балверше айтқанда, 
қол тілі жасанды, ойлап табылған сөз тіліне 
қарағанда табиғи, жаратылыстан берілген, сон-
дықтан ол мән беруге және зерттеуге тұрарлық. 
Дене қозғалысын ж‰йелі т‰рде зерттеуді 
қолға алған адам Иоганн Каспар Лафатер 
есімді Цюрих қаласының пасторы болды. Ол 
1792 жылы «Физиогномика жайлы эссесін» 
жариялады. И. Лафатер бет-әлпет пен дененің 
конфигурациясына сипаттама беріп, тыңғы-
лықты зерттеу ж‰ргізген алғашқы адам. 
И. Лафатердің ойынша, адам жанының мо-
ральдық немесе психикалық сапасы дене си-
паттамасының эстетикалық көрінісі. Сұлулық, 
сиықсыздық, дене әлсіздігі немесе толықтық 
адам жанының шынайы кейпін көрсететін 
таңбалар ретінде қаралды. И. Лафатердің аса 
көңіл бөлген нәрсесі – ол адамды т‰р-сипа-
тына қарап білу өнері. Ол ‰шін бет, ж‰зі адам-
ның психикалық құрылымының өзіндік ана-
томиялық атласы іспетті болды. Мысалы, с‰й-
кімсіз бет-әлпет оның иесінің нашар адам 
екенін не жамандық ойлап тұрған адам екенін 
көрсетеді дегенді айтады. 
Сұлулық пен сиықсыздықтың адамның 
бейвербалды әрекетінде өзіндік байланысы 
бар; сұлулық, мысалы, бет әлпеттен немесе 
дене бітімінен көрінбейді, сондай-ақ дене 
қозғалысындағы еркіндік пен сенімділіктен, 
денені дұрыс ұстай білуден, алып ж‰руден, 
ғажайып ишараты мен көзқарасынан да се-
зіледі. Ал тістеніп, жұдырығын ызаланып қы-
сып тұрған, солғын қозғалып тұрған адамды 
сұлу деп мойындау қиын шығар. 
Анатом, нейрофизиолог, хирург және су-
ретші Чарльз Белл адам бет әлпетіндегі эмо-
цияның көрінісіне қызығушылық білдірген-
дердің бірі. Оның ж‰йке ж‰йесінің функцио-
налдық сараптамасы бойынша ж‰ргізген зерт-
теулері дененің әр бөліктерінің және ж‰йке 
ж‰йесі мен бұлшықет топтарының көмегімен 
адам эмоциясын білуге болатындығына назар 
аудартты [3]. Белл қорқыныш, қызбалық, қуа-
ныш немесе қайғы секілді к‰шті сезімдері 
демнің өзгерістері арқылы, сондай-ақ дене 
мен беттің бұлшық еттерінің белсенділігінен 
деген қорытынды жасайды. Ч. Белл: «Эмоция 
қалай берілетінін т‰сіну ‰шін, бет анатомиясы 
мен дем алу м‰шелерін мұқият зерттеу талап 
етіледі», - деп жазады [3, 197-198 сс.]. 
Кейінірек адамның биологиялық белгіле-
рінің әлеуметтік адамның типін қалыптас-
тыруға, адам ж‰ріс-тұрысы мен оның дене 
бітімінің типі арасындағы, адам эмоциясы мен 
оладың денесінің манифестациясы арасын-
дағы, яғни мимикалық ишарат немесе бет 
әлпет құбылысы арасындағы байланысты си-
паттайтын ғылыми зерттеулер, ғылыми жұ-
мыстар жарық көре бастады (Кречмер, Дарвин 
еңбектері). Адамның дене м‰шелерін басқа-
руының жалпы принциптерін іздеу ж‰ріп 
жатты, вербалды және бейвербалды коммуни-
кацияның нақты бір механизмін меңгеру ісі 
қолға алынды. Әрт‰рлі ғылым салалары, әсі-
ресе биология, антропология, психология, 
философия және социология өздерінің жаңа 
зерттеу нысаны – дене тілін сараптауға жан-
жақты кірісіп жатты. 
Айта кету керек, табиғи тілге қарағанда 
дене тілінің маңыздырақ болған кезеңіне 
тарих куә. Мәселен, Орта ғасыр мәдениетін 
ым-ишарат мәдениеті немесе ым-ишараттық 
мәдениет деп айтып жатады. Ортағасырлық 
мәдениет адам дене м‰шелерінің қимыл-қоз-
ғалысы әлеуметтік қарым-қатынаста ‰лкен 
рөл ойнайтынына аса мән беріп, өз ым-иша-
раттары жайлы ойлай отырып, олардың тео- 
риясын жасады. Ренессанс дәуірі мен фило-
софия маньеризмі дәуірінде ым-ишараттарға, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   337   338   339   340   341   342   343   344   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет