Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет339/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   335   336   337   338   339   340   341   342   ...   446
 
ЫМ ТІЛІ ЖӘНЕ ТАБИҒИ ТІЛ 
 
«Ым, ишарат» сөзі латынның «gestus» - 
«әрекет ету», «жасау, орындау, қадағалау» 
деген мағынаны білдіретін сөзінен шыққан. 
1959 жылы жарық көрген Партридждің этимо- 
логиялық сөздігінде «ым» сөзі ортағасырлық 
латын тілінің «gestura» - «әрекет ету тәсілі» 
деген сөзінен алынған деп көрсетіледі [1],
А. Кендон риторикаға арналған трактаттарын-
да «gesture» сөзі оратордың дене қимылын 
дұрыс қолдануын білдірген дейді [2]. Сөйлеу 
кезінде оратор тыңдаушыларға әсер ету ‰шін 
өз денесінің м‰мкіндіктерін пайдаланған. Атал-
ған терімсөз Цицерон мен Квинтилианның
ертеректегі риторикаға арналған трактатта-
рында кездеседі. Квинтилианның «Оратор- 
дың білімі туралы» деген атақты еңбегінде 
көпшілік алдында сөйлеу кезінде дене қимы-
лын дұрыс қолдана білу өнері жайлы айты-
лады. 
Адамдар өзара қарым-қатынас жасағанда 
тек сөздің көмегіне ғана ж‰гініп қоймай, дене 
қимылдарын да пайдаланады. Дененің әрбір 
атрибуттары, мейлі ол формасы, өлшемі, қал-
пы немесе бойы болсын, қандай да бір жағ-
дайда белгілі мағынаны білдіреді, жеткізеді. 
Тіпті адам ж‰зінен ым-ишарат нышаны бай-
қалмаса, мысалы, адам қуаныш немесе қайғы 
сезімдерін жасырып қалғанда, біз «ж‰зінен 
ешнәрсе білінбейді» немесе «сырын білдір- 
мейді» деп жатамыз. Жасы, айналысатын ісі, 
өмірден көрген тауқыметі мен қуанышы, се- 
зімдері мен ойлары – осының бәрі адам дене- 
сінде өз «ізін» қалдырады және адамның бей- 
вербалды әрекетінде өз көрінісін көрсетіп жа-
тады. 
Г.Крейдин өзінің «Невербальная семио-
тика» еңбегінде былай деп жазады: «Ресейдің 
атақшы тарихшы, философы М.Я. Гефтердің 
айтуынша, дене, оның қимыл-қозғалысы «к‰н-
делік немесе қағаз секілді өткенге куәлік ете-
тін тарихи құжат» іспетті [3]. 
Ым-ишараттар мен табиғи тіл арасында 
нақты бір ұқсастық байқалады. Коммуника-
тивтік актіде дене тілі мен сөз тілінің қоса-
қабат әрекеттестігі адамның вербалды және 
бейвербалды қызметінің негізінде жатыр. 
Оған төмендегі фактілер дәлел бола алады: 
(а) белгілі бір жағдайда ой тек ым-ишарат-
тар арқылы (мысалы, «тыныш» дене мағына-
ны білдіретін «саусақты ерінге басу» иша-
раты), тек сөз арқылы немесе паратілдік бір-
ліктер арқылы, сондай-ақ екі жақты белгі-
лердің араласа қолданылуы арқылы жеткізілуі 
м‰мкін. Бұған, мысалы «бері кел» дегенді 
«саусағымен ымдап шақыру», «өте жақсы» 
дегенді «бас бармақты жоғары көтеру», «са-
сық иіс» дегенді «пф-фф немесе мұрынды 
қысу» арқылы жеткізуге болады; 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   335   336   337   338   339   340   341   342   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет