Алматы №1 (135) 2012


адамның интеллектуалдық сипатын таны-



Pdf көрінісі
бет367/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   363   364   365   366   367   368   369   370   ...   446
адамның интеллектуалдық сипатын таны-
татын бірден бір көрсеткіш екенін меңзеп 
отырмыз. Осы тұрғыда, халқымыздың ше-


292 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
шендік өнері адамның ақыл-ой ж‰йесінің 
даму деңгейін, сөйлеу мәнерінің ерекшелігін
ойын астарлап жеткізе білуін – жалпы ж‰йелі, 
тартымды әрі көңілге қонымды сөз саптауын 
ой-сана елегінен өткізіп айтатындығын көр-
сетеді. Шешендік өнердің даму тарихына 
ғалым Г.Қосымова: «Шешендік өнерді зерт-
теген ғалымдар шешендік өнерді билер сөзі-
мен байланыстырып, шешен-билердің ұтым-
ды, тапқыр сөздерін көркем сөз ретінде қа-
растырып келді... Халқымыздың ғұмырнама-
лық тарихында билер халықтың мұңын мұң-
дап, жоғын жоқтаушы, ұлтты ұйыстырушы
елінің еркіндігін қамтамасыз ететін мемле-
кеттік мәмілегер, ру-тайпалардың басын қо-
сып біріктіруші, халқының салт-дәст‰рін бе-
рік ұстанушы, бабалардың кемеңгерлік саяса-
тын алға апарушы, кемел ойдың, ұлы дана-
лықтың қайнар көзі, ұрпақ тәрбиесін ұлы мұ-
рат еткен парасатты тәрбиеші, саңлақ өнерпаз 
қызметін атқарып отырды» деп, шешендіктің 
тарихын баяндау арқылы оны адамның жо-
ғарғы санасымен байланыстыра айтады [3, 
98] да шешендік сөздің 4 сапалық белгісін 
көрсетеді, олар: шешендік сөздің мазмұнды-
лығы, сөздің дәлдігі және ойдың айқынды-
лығы, тіл тазалығы, тіл көрнектілігі. Осын-
дай бөліністерді көрсете отыра, зерттеуші 
«шешендік сөз ақыл-парасатқа негізделсе, 
мазмұнды болады. «Ақыл», «парасат», «ес» 
сөздері белгілі дәрежеде «мән», «мағына» 
сөздерімен төркіндес. Шешендік сөздің маз-
мұндылығы сөйлеушінің ақыл-ой дәрежесіне, 
жан-жақты білімділігіне байланысты» [3, 98]
деген орынды тұжырым жасайды. Демек,
мәні, мағынасы құнарлы, ойға қонымды, көп-
шілік көрерменге, тыңдарманға немесе оқыр- 
манға жетік әрі тоқтамды, шындыққа жана-
сымды сөз сөйлеу ‰шін адамның интеллек-
тісінің ең бірінші қызметте екендігі дау ту-
дырмайды.
Жоғарыда атап өткендей, адам интеллек-
тісі көрсеткіштерінің бір тармағы – шешендік-
тің концептуалдануына мән берген жөн. 
Концептілердің жеке-жеке жасалмайтындығы 
белгілі. Б‰гінгі таңда лингвистикада концепті-
лердің арақатынасы, олардың өзара әсері өзек-
тілік танытып отыр. Осылайша, «интеллект» 
концептісін зерттеу адамды сипаттайтын се-
мантикалық өрісті көрсету сияқты мәселе- 
нің құрамдас бөлігі болып отыр. Сондықтан 
адамның интеллектісінің белгілеріне толық 
тоқталу ‰шін алдымен жеке-жеке қарас- 
тыру мақсатында адамның шешендігіне ке-
лейік.
Негізінен «шешен» ұғымын «интеллект» 
макроконцептісінің құрамына енетін базалық 
концепт ретінде қарастыруға толық негіз бар. 
Себебі, «шешен» сөзі, біріншіден, тілмар, тап-
қыр, екіншіден, ресми жиындарда шығып сөй-
леуші адам (оратор) деген мағынаны береді 
[ҚТТС, 915] және адамның интеллектуалдық 
сипатын танытатын жан-жақты т‰сініктерді 
қамтиды. Мәселен, базалық концепт «шешен» 
сөзі деп алсақ, тіліміздің мол сөздік қорының 
арқасында оның микроконцептілерін таратып 
көрсетуге м‰мкіндік бар. Оны ж‰йелі кесте 
арқылы көрсетсек: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   363   364   365   366   367   368   369   370   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет