Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет375/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   371   372   373   374   375   376   377   378   ...   446
300 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
де алатын орны ерекше. Құндылықтар субъек-
тінің өмірлік қызметінің т‰рлі қырын таны-
тады. Сонымен байланысты құндылықтарды 
экономикалық, саяси, моралдық, эстетикалық 
т.т. құндылықтар деп бөлу қалыптасқан. Осы 
құндылықтарды жасауда, қалыптастыруда, 
сақтауда, келер ұрпаққа мұра етіп қалдыруда 
өзінің аса маңызды қасиетімен танылған тә-
сілді де адам баласы анықтаған. Ғалымдар ол 
тәсілді – МӘДЕНИЕТ деп атайды. 
Қазақ тілін ‰йрететін оқытушы қазақ тілі-
нің лексика-грамматикалық қорында жинақ-
талған кумулятивтік мұраны қолдана отырып, 
студентке бейімдеу арқылы оның құндылық-
тарды қабылдау әрекетін ж‰зеге асырады. 
Студент сол құндылықтар ж‰йесімен қарым-
қатынас жасай отырып, алдымен т‰рлі репро-
дуктивтік әрекеттерді орындайды. 
Жобалау әдісі арқылы қазақ тілін оқыту – 
студенттің репродуктивтік оқу әрекеттерін бір-
тіндеп имитациялық әрекеттерге көтеру ар-
қылы қазақ тілінің заңдылықтарын және қа-
зақ тілінің бай қорында жинақталған ұлттық 
мәдени мол мұраны студенттің ішкі құнды-
лықтар ж‰йесіне енгізудің тиімді жолы деп 
осы негізде айтуға болады. 
Негізінде, қазақ тілін өзгетілді дәрісханада 
білім алып жатқан студенттерге оқыту ‰дері-
сінің құрылымында ‰лкен орын алатын мә-
селе қазақ тілін оқытудың танымдық қыры 
екені белгілі. Ал адамның танымдық әрекеті-
нің т‰пнегізінде адамдық тәжірибенің рефлек-
сиясы тұратынын ғалымдар атап көрсетеді. 
Сонда танымдық әрекеттің нәтижесі таным-
дық тәжірибенің қорытындысы дегенге келіп 
саяды. 
Ал студенттер жобалау әдісі арқылы қазақ 
тілін меңгеруі барысында тілдің құрылымдық-
ж‰йелік заңдылықтарын ғана емес, тілдің өн 
бойында маржандай тұнып тұрған қазақтың 
ұлттық мәдениетін де сіңіре алатын ‰дерістен 
«өтеді». Соның нәтижесінде қазақ тілі – студент-
тің құндылықтар ж‰йесінен орын ала алады. 
Қазақ тілін оқыту, оқу ‰дерісіндегі оқыту-
шы мен студенттің өзара орындалатын қарым-
қатынасын әлеуметтік-институционалдық тұл-
ға ретінде қарастыру арқылы оқытушының 
жеке тұлғасы мен студенттің жеке тұлғасы, 
олардың әлеуметтік орындары мен «рөлдерін» 
кең арнада тану м‰мкін болады. 
Білім беру ж‰йесінің әлеуметтік құрылы-
мын тануда ғалымдар екі тұрғыдан келуді 
ұсынады. Олардың біріншісі – білім беру са-
ласындағы әлеуметтік топтардың сипатын 
анықтау, яғни қоғамның макроқұрылымдық 
ж‰йесін зерттеу тұрғысынан келу. 
Бұған қоса, екінші мынадай көзқарас та 
бар. Оның мәні білім алушы әлеуметтік топ 
қандай басқа әлеуметтік топтармен байланыс 
жасауға ұмтылыс жасап отырады? деген сұ-
рақтарға байланысты анықталады. 
Әрине, әлеуметтанушы ғалымдар білім 
алушы әлеуметтік топ генетикалық жағынан 
зиялылар қауымына (интеллигенция) жақын
келетінін атап көрсетеді. Зиялы қауым (интел-
лигенция) әлеуметтік топ ретінде, қоғамның 
интеллектісінің, ақылының, білімінің, мәдени 
тәжірибесінің тасушысы ретінде танылатыны 
белгілі. 
Студенттер – болашақ зиялы қауым өкілі 
ретінде мәдениетті терең тануға ұмтылуы ке-
рек. Соның негізінде студенттер мәдениеттің, 
білімнің құндылық қасиетін т‰сінуге, оны да-
мытуға, сақтауға қажетті қабілеттер мен әдіс-
терді меңгере бастайды. Осы бағытты ұстана 
отырып, студенттерге өзіндік ғылыми ізденім 
әдістерін меңгеруге ‰лкен басшылық ете ала-
тын жобалай оқыту технологиясының тиімді-
лігі айқындалады.
Студенттің жеке тұлға ретінде қалыптасуы 
өзіндік табиғи м‰мкіншіліктерге және оны 
қоршаған ортаның тигізетін ықпалына көптен-
көп байланысты болғандықтан, оны қалып-
тастыруға және дамытуға т‰рлі қырынан келу 
керек. Бұл да – педагогикалық антропология-
ның маңызды бір саласы.
Осы ретте жобалай оқыту технологиясы 
арқылы мемлекеттік тілді меңгерту ‰дерісінде 
студенттің Қазақстан Республикасының азаматы 
ретінде және құндылық болып табылатын жеке 
тұлға ретінде қалыптасуын жоспарлауға және 
басқаруға болатын жолдар айқындалады. 
Гуманитарлық бөлім студенттеріне қазақ 
тілін жобалай оқыту технологиясы негізінде 
меңгерту барысында қолданылатын әрбір пе-
дагогикалық әдіс пен амал, тәсіл мен жол – 
студенттің адамдық болмысын қалауға жұмса-
лып жатқан кірпіш. Бұл жерде білімнің адам-
гершілік қасиеттерді дамыту к‰ші, оның ди-
дактикалық қыры мен психологиялық талап-
тары бір арнаға тоғысып келіп, қазақ тілінің 
сапалы оқытылуына бағытталады.
Қазақ тілін меңгеруші студенттердің 17-20 
жас арасындағы жастар екендігін ескерсек, 
олардың жобалау әдісін қызығушылықпен ‰й-
реніп, сол негізде қазақ тілін өз бетімен терең 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   371   372   373   374   375   376   377   378   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет