330 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 муникативтік қызметі. Ерекше әлеуметтік топ
құрылады, сонымен қатар ішкі ұқсастық бел-
гілер мен тілдегі жаңа қолданыстар өзінің құр-
дастарымен қарым-қатынас жасауға, комму-
никативтік актіге т‰суге бағытталады.
Еркін, тәуелсіз т‰рдегі жастар жаргоны ‰л-
кендердің, ата-аналардың, мұғалімнің көңілсіз
әлемінен шығуға талпынады. ‡лкендер: Жақ- сы!-десе, жастар: Клево! Прикол! Классно!-
дейді. ‡лкендер: Ал, жетіс, жастар: Облом! ‡лкендер: Бұл өте к‰рделі!-десе, жастар: Ма- ған ж‰ктеме!-дейді. ‡лкендер таңқалса, жас-
тар сөзбен ілмеседі, тартысады.
Жастар жаргонының ең басты ерекшелігі-
оның тез өзгеріп, жаңаланып тұруында. Жас
буын 5-7 жылда алмасып тұрады, онымен
бірге жаргон сөздер де өзгереді. ‡лкендер ақ-
шаны «тиын», «сом» десе, жастар «бакс» дей-
ді. Ал жас қыздарды «г‰л», «пчелка» деп ата-
са, белгілі бір топтың бас қосуын «тусовка» деп атайды.
Жастар жаргонының тағы бір белгісі-тақы-
рыбының шектеулілігі. Атауларының сыртын-
да көптеген синонимдері бар он шақты семан-
тикалық класы ерекшеленеді. Бұл тұлға атау-
лары (чувак, «ат екен», сабын), киімдер және
аяқ киімдер (шуз), ақша (бакс, лимон, доллар),
көңіл-к‰й жағдайлары (круто, клево, прикол),
кейбір іс-әрекеттерге байланысты тіркестер
(лақтырып кету, құлаққа лапша ілмеу, дем ал, қоянның суретін салып кету, құтылып кету, мазақ ету, тартысу, ұрып тұру) және т.б. Жастар жаргонының тағы бір ерекшелігі-
құрамына кірген сөздердің мағынасының анық
еместігі және сұйықтығы.
Жастар жаргонын жастардың әр т‰рлі суб-
мәдениетіндегі сөйлеу тілінің қызметі ғана
емес, сонымен бірге олардың ойлау ж‰йесін
бейнелейтін жеткілікті т‰рде әр т‰рлі лексика-
лық топтар құрайды. Әр индивид әр т‰рлі тип-
тегі бірнеше топтың құрамына кіреді. Мәсе-
лен, музыка фанаттарының сөйлеу тілі, наша-
қорлардың тілі, компьютерлік жаргон, қала-
лық ауызекі сөйлеу тілі, ағылшын тілі және
ұрылар аргосы және т.б. Осылардың әрқайсы-
сының өз әлемі, өз жолы, сонымен бірге кең
т‰рдегі өзара байланысы бар (мысалы, маған
ж‰ктеме-компьютершілер жаргоны; шегеді-
нашақорлар жаргоны). Жастар жаргоны креативті қызметті іске
асырады, бұл лексикалық бірліктерді қарым-
қатынас жағдаятында өз ойын білдіруге қа-
жетті құрал ретінде пайдалануға м‰мкіндік бе-
реді. Әдеби тілге тән нормалар мен табуларды
бұзып, жаңа сөздерді ойлап шығарады, ол ар-
қылы жастар дербестігі мен шығармашылық
м‰мкіндіктерін аша т‰седі, тілдің лексикалық
құрамын жаңартады.
Жастар жаргонын пайдалану көптеген мақ-
саттарды шешуге жол ашатындықтан, номи-
нативті бірліктердің жасалуы мен таралуы
т‰рлі бағытта болады. Бірінші кезекте жастар
жаргонының лексикалық құрамының толығу
ерекшелігін қарастыру керек, бұл көп жағ-
дайда студенттердің д‰ниені тану тәсілін анық-
тайды.
Студенттік жаргондардың көбі – өзгертіл-
ген ресми атаулар. Қазіргі студент сөздерін-
дегі қолданылатын жаргондарды бірнеше та-
қырыптық топтарға бөлуге болады: оқу, оқу
пәндері, уақыт, студенттік өмірдің қолданы-
сындағы заттар, студенттік тұрмыс, оқыту-
шылар және олардың психологиялық қасиет-
тері т.б. Әрт‰рлі жаргондық атауларды сту-
денттер өз өмірлерінде маңызды орын алатын
заттарға, адамдарға, уақыт кезеңдеріне қояды.
Студенттік жаргондардың көпшілігі оқыту
құралдарына және тәртіпке қатысты пайдала-
нылады. Егер де оқытылатын пән атауы бір
сөзден тұрса, студенттердің тілдік қарым-қа-
тынасында философия, тарих, риторика, лек- сикология, фонетика, грамматика және т.б.
тәрізді өзгертілмеген к‰йінде қалады. Егер ол
бірнеше сөзден құралса, универбаттар қолда-
нылады. Мысалы, антика (антикалық әде-
биет), аббревиация: ҚҚТ (қазіргі қазақ тілі)
және эллиптикалық сөз тіркестері (редукция-
ланған): негіздер (журналистика негіздері), стиль (қазақ тілі стилистикасы) және т.б.
Студент тілінде оқытушыларды номина-
циялау жаргондалатыны және негізгілері бо-
лып бөлінеді. Оқытушыларды преп, препод/ преподша деп атайды. Жас ерекшелігіне және
қызметіне байланысты оқытушыларды сту-
денттер ешкі (жас), асс (ассистент), псих (пси-
холог), проф/профа/профи (профессор), зав- каф, гавгав (кафедра меңгерушісі), декан сту-
денттің бар мәселесін шешетін болғандықтан,
оны «тағдырды шешуші», «тәрбиеші», «сти-
пендиядан айырушы» және т.б. деп атайды.
Студент тілінде әр т‰рлі шек қою сатысы
болады. Университетке алғаш келу өмірге ал-
ғаш келумен бірдей. Студент болып қалып-
таспаған жастарға: «абита, абитень, абитура, абитурь, абитуха, университеттің I курс сту-
денттеріне (перваш, первокур) және IV курс