Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет49/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   446
Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012 41 
саласының өзі бір-бір диссертация дәрежесіне 
жететін объектілері мол, бір термин туралы 
әртүрлі көзқарасты, олардың әртүрлі аталуы, 
берілуі, тіпті әр авторда әртүрлі жаңа термин-
дермен толығуда. Тіпті қазіргі кезде әр автор-
дың жасаған терминдері жөнінде де сөз қозғау 
орынды болар еді» [3; 72-73], - дейді. Және 
бұл ойын іске асыру мақсатында студенттері 
бітіру жұмыстарын жазды. Ал 2004 жылы осы 
бағытта кандидаттық диссертация жұмысын 
қолға алып, мен профессордың ізденушісі бо-
лып ресми түрде бекітілдім. Алқашқыда маған 
қазақ ғылымының құнды мұрасы болып табы-
латын А. Байтұрсынұлы, профессор Қ. Жұба-
новтардың төл еңбектері негізінде олардың қазақ 
тіл білімі саласына енгізген авторлық термин-
дерін жинау жұмысы тапсырылды. Кейінірек 
профессордың ұйғарымымен көрнекті қазақ 
ғалымдары С. Амажолов пен Н. Сауранбаев-
тың авторлық терминдері де зерттеу нысаны-
на айналды. Нәтижесінде А. Байтұрсынұлы, 
Қ. Жұбанов, С. Аманжолов, Н. Сауранбаев ең-
бектерінде қолданылған авторлық терминдер-
дің тізімдемесі жасалды; Жиналған авторлық 
терминдер қазіргі қазақ тілінде қолданылу 
жиілігіне қарай пәрменді (актив) термин 
және пәрменсіз (пассив) термин деп жіктелді; 
олардың пәрменденуі мен пәрменсізденуінің 
лингвистикалық және экстролингвистикалық 
себептері анықталды.
Қорыта айтқанда, профессор Т. Сайрамбаев 
– қазақ терминологиясының дамуына және
оның ғылыми тұрғыда зерттелуіне елеулі үлес 
қосқан көрнекті ғалым. Біріншіден, профессор 
Т. Сайрамбаев лингвистикалық терминдерді 
мүмкіндігінше қазақтың төл сөздері негізінде 
беру бағытын басты қағида ретінде ұстанды; 
екіншіден, лингвистикалық терминдердің ав-
торларын анықтау, қазақ тіл білімі термин-
дерінің қалыптасу тарихын нақтылау бағытын 
айқындап, суденттер мен ізденушілердің ғы-
лыми зерттеу жұмысына жетекшілік жасады; 
үшіншіден, әр жылдары шыққан лингвистика-
лық сөздіктердің сапасына қатысты өз пікірін 
білдіріп отырды; төртіншіден, лингвистика-
лық сөздіктерге енген терминдерге статисти-
калық талдау жүргізді; бесіншіден, лингвисти-
калық терминдерді тіл білімінің салалары 
бойынша жіктеп зерттеудің үлгісін көрсетті; 
алтыншыдан, терминдік тіркестердің байла-
нысу тәсілдерін анықтады; жетіншіден,  про-
фессор Т. Сайрамбаевтың өзі де бірнеше лин-
гвистикалық терминдердің авторы ретінде та-
нылды.
______________ 
1. Лингвистикалық терминдерді қазақшалау туралы // 
Білім сапасы – ХХІ ғасыр өркениетінің кепілі. Әл-Фараби 
атындағы ҚазҰУ оқытушы-профессорларының ХХХІV 
ғылыми-әдістемелік конференциясының материалдары. 2-
кітап. –Алматы: «Қазақ университеті», 2004. -108-110 бб. 
2. Терминдердің сөз тіркесіндегі құрылымдық ерек-
шеліктері туралы // –Алматы: «Ғылым», 1986. -45-55 бб. 
3. Қазіргі қазақ тіліндегі жаңа синтаксистік терминдер 
// Қостілді терминологиялық сөздіктерді құрастыру прин-
циптері мен әдістері. –Алматы: «Қазақ университеті», 
2000. -71-76 бб.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет