Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012 39
Х. Ә. Қарабаева,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, доценті, ф.ғ.к.
ПРОФЕССОР Т. САЙРАБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚ ТЕРМИНОЛОГИЯСЫН
ЗЕРТТЕУГЕ ҚОСҚАН ҮЛЕСІ
Қоғам дамып, ілгерілеген сайын, оның тілі
де соғұрлым жаңа атаулармен толығып жетіле
түсетіндігі заңды құбылыс. Алайда тілдегі
өзгеріс оның барлық саласын бірдей қамти
алмайды. Өзгеріске бейім тұратыны – оның
лексикасы. Әсіресе, терминологиялық лекси-
каның бұл ретте жаңарып, түрлену
сипаты
қарқынды келеді. ХХІ ғасырдағы қоғамның
әлеуметтік-экономикалық ерекшелігін айқын-
дайтын, технологиялық жетістіктері мен мүм-
кіндіктерінің негізінде туындап, қоғам өмірі-
нің түрлі салаларында пәрменді қолданылып
жүрген
президент, банк, банкомат, кредит,
валюта, лицензия, тендер, рейтинг, тест,
компьютер, интернет, сайт сияқты
көптеген
халықаралық терминдер қазақ тілінің сөздік
құрамына еніп те кетті.
Бұл аталған құбылыстың ықпалынан лин-
гвистикалық терминдер де сырт қалмаған.
Мәселен, соңғы жиырма жылдың көлемінде
орын алған тіл-тілдердегі жаңалық қазақ тілі-
не функционалды грамматиканың енуіне үл-
кен көмегі тиді. Сол сияқты фонетика сала-
сында эксперимент әдісі арқылы дыбыстарды
жаңаша қарау мәселесі де қолға алынды. Осы
салаға қатысты зерттеле басталған интонация
мәселесі тек фонетикада ғана емес тікелей син-
таксис саласымен байланысты зерттеле бас-
тады. Қазіргі қазақ
тілінің осындай бағытта
өріс алуымен жаңа тілдік терминдер қатары
өсті. Мысалы, фонетика саласы (
сегментті
фонетика, суперсегментті фонетика, инто-
нема, интология, просодия тәсілі, үндесім
түрлері, жасалым қоры, тілшік), сөзжасам
саласы
(сөзжасамдық ұя, сөзжасамдық жұп,
сөзжасамдық мағына, семантикалық сөзжа-
сам, екіншілік мағына, сөзжасам жүйесі, сөз-
жасамдық бірліктер, сөзжасамдық тізбек,
сөзжасамдық жұп, сөзжасамдық тарам, сөз-
жасамдық саты), морфология саласы
(суб-
стантив зат есімдер, зат есімдер сөзжа-
самы, сын есімдер сөзжасамы, жақсыз зат
есім),
синтаксис саласы (салалас сөз тіркесі,
күрделі синтаксистік тұтастық, параллель
байланысты күрделі синтаксистік тұтас-
тық, тізбекті күрделі синтаксистік тұтас-
тық, мәтін, парадигма, синтагматика, функ-
ционалды грамматика) жаңа атау, терминдер-
мен толықты.
Қазіргі қазақ терминологиясының осы
сынды және өзге де маңызды мәселелері про-
фессор Т. Сайрамбаевтың «Терминдердің сөз
тіркесіндегі
құрылымдық ерекшеліктері ту-
ралы» (1986), «Лингвистический словарь и во-
просы статистики» (1990), «Лингвистикалық
сөздік, оның көлемі» (1991), «Қазіргі қазақ
тіліндегі жаңа синтаксистік терминдер жи-
нағы» (2000), «Лингвистикалық терминдерді
қазақшалау туралы» (2004) және т.б. ғылыми
мұраларында көрініс тапқан. Мұның сыртын-
да 2007-2009 жылдары Әл-Фараби атындағы
ҚазҰУ жанындағы 10.02.02. – қазақ тілі және
түркі тілі мамандықтары бойынша филология
ғылымдарының
докторы ғылыми дәрежесін
беру жөніндегі Д.14А.01.03 диссертациялық
кеңестің төрағасы болған кездерінде де дис-
сертациялық еңбектерде қолданылған лин-
гвистикалық терминдердің қазақ тілінде бері-
луіне ерекше мән беріп, оларды «қалайда қа-
зақшалау бағытын» қолдайтындығының талай
куәсі болдық. Аталған бағыттың қазақ тіл
білімінде жалғаса беруін жақтай отырып, ға-
лым: «химия, математика т.б. ғылыми термин-
дермен
салыстырғанда, қазақ тілінің термин-
дері – ішкі құбылыс. Бұл саланың ғалымдары,
студенттері, аспирант, магистрлері басқа мем-
лекетке бару жағынан гөрі өз мемлекетімізде
ғана жұмыс істей алады. Осы салада жасалған
оқулықтар тек өз елімізде ғана оқытылады. Ал
бұл оқулықтар шет елдерге ауысқан кезде де
тек қазақ тілді аудиториялар үшін апарылады.
Осыған байланысты ғылымның басқа салала-
рына қарағанда филологиялық (тіл және әде-
биетті қоса алып отырмыз) терминдер нағыз
ұлттық мәнге ие болу керек» [1; 110], - деп,
аталған үдерістің маңызын ең әуелі мемлекет-
тік мүдде тұрғысынан түсіндіреді.
Профессор Т.
Сайрамбаевтың пікірінше,
терминдердің қолданылу дәрежесі ғана емес,
олардың «жасалу жолдары мен құрылымдық
түрлерінің әдеттегі әдеби тіл нормасымен ара
қатынасы, олардың контекстегі қолданылуы»