қанына қарайып алған ана аусарды жазым ғып алмай, амалдап ат- тан т‰сіріп, десін қайтару еді (Ж. Ахмади, 34
б.). Сөздікте қаны қарайды – ашу-ызаға бу-
лықты, т‰ңіле ыза болды [3, 318 б.]. деген
мағынаны, ал «қанына қарайып алған» тіркесі
әбден ашу кернеп, ызаға булыққан адамның
эмоциялық кейпін білдіреді.
Фразеологизм құрамына бір немесе бір-
неше компоненттерді енгізу арқылы автор
оның мағынасын айқындайды, к‰шейтеді не-
месе әлсіретеді.
Фразеологизмдердің таратылуы оның ком-
поненттерінің біріне бірыңғай м‰шенің қо-
сылуы немесе, көбінесе – компоненттердің
біреуінің қосылу нәтижесінде ж‰зеге асады.
Фразеологизмдердің компоненттік құрамы-
ның кеңеюі «негізгі» мағына бастапқы ком-
понентпен, ал «қосымша» элементтер оны
айқындап, одан әрі экспрессивтілігін арттыра-
тындығымен ерекшеленеді. Осылайша «қо-
сымша» элемент тірек компонентінің экспрес-
сивтілігін к‰шейтіп қана қоймай, фразеоло-
гизмнің белгілі бір семасын (көбінесе кон-
натативті) өзектілендіреді және олар эмотивті
әсердің туындауына ықпалын тигізеді. Фра-
зеологизмдерді экспликациялаудың көмегімен
эмотивті әсер туындату механизмі көркем тіл
мен сөйлеу тілінде жиі кездеседі. Мысалы:
Қарап тұрсаң, өлімге қиятын жылқы емес. К‰ні бойғы алысудан зар к‰йіне жетіп әбден ашынып, бауырынан тартыла жарап та алған (Ж. Ахмади, 104 б.). «Бауырынан жа- рады» – бабына келді, дер кезінде келді [3,
107 б.]. Бауырынан жарады тұрақты тіркесі
компоненттер құрамына «тартыла» сөзін ен-
діру арқылы фразеологизмнің ішкі формасын
нақтыландыра т‰седі, мағынасын к‰шейтеді
және осы сөз арқылы өзектіленуге ұшырап,
осылайша бауырынан тартыла жарады де-
ген жаңа сипаттағы эмотивті әсер беретін
ОФТ-сы жасалады.
Фразеологизмдердің компоненттік құра-