әйелге тән сұлулықты,
нәзіктікті ерекшелесе; жолбарыстай дол- дану, барыстай атылу, тұрымтадай алғыр деп ерге біткен қайтпас жігер мен мұқаусыз қайратты суреттеуде кеңінен қолданылады. Мысалдарға ж‰гінсек: Қырдың қызыл т‰лкі- сіндей құлпырып тұрған сұлу келіншек) Бұ- рала басқан сайын бұлғындай бұраң белді қыз- дың тар мықыны былқ-сылқ тербеле т‰сті. Жәнібек барыстай атылып, Қарабайды ат ‰стінен жұлып алған. [3] Қай ұлт болмасын, өзінің ұзақ дамуы та-
рихында эстетикалық ұғым т‰сініктеріне, ша-
руашылық кәсібіне, мінез –құлық, ырым –
наным, сат-дәст‰р ерекшеліктеріне байла-
нысты с‰йкімді образдары, сөз символдары
олады. Мәселен, г‰л - нәзіктіктің, к‰н – асқақ-
тықтың, рухани нұрлылықтың, хор қызы-сұ-
лулықтың, аққу-сұлулықтың, әсемдіктің сим-
волы болып есептеледі. Мұндай образ сим-
волдар әсіресе қыздың, сұлу қыздың, жалпы
әйелдің гендерлік бейнесін суреттегенде жар-
қырай т‰седі. Мысалы: «Қыз өңі бейне бір ұл-
біреген қырдың қызғалдағанына ұқсап кетті»,
«Таң г‰лі секілді әдемі қыз» «Жаннаттан
шыққан хорлардай» т.б. теңеулерді келтіруге
болады.
Әйел образының көркемдік әлемнің қыр-
тыс–қабаттары, ағыс -толқындары, құпия ас-
тарлы мейлінше мол. Әйел сұлулығының мың
құбылған сан-салалы сыры қазақ ұғымындағы
ең қасиетті нәрселерге теңеледі, ең «с‰йкім-
ді» нәрселермен салыстырылады.[4, 85] Мә-
селен, «жібектей ‰лбіреп тұрған ақ келіншек»
«ақ ж‰зі ақықтың көркіндей» «әйелдің судан
тұнық, с‰ттен ақ көңілі» тәріздес гендерлік
теңеулер әйелге тән көріктілік, нәзіктік, жұм-
сақтық, жадыраңқылық қасиеттерді айшықта-
ған.
Ал ер адамның, жігіттің гендерлік тұлғасы
батылдық қасиетпен, ерлік қимыл әрекетпен
көріктеліп, табиғат құбылыстарының ішкі ди-
намикасымен астасып жатады. Табиғат құбы-
лыстары, жаратылыс суреттері, гендерлік тең-
деулерде жиі ұшырасады. Мұндай теңеулер-
дің қатарын арқадан соққан борандай, ала- таудай айбат, теңіздің толқын шашқан се- ліндей, асқар белдей ерлер, соққан желдей екпіндеу т.с.с толықтыра т
‰седі.
Гендерлік теңеулердің бірқатары жігіт- тікке тән жастық албырттықты, алғырлық
пен өткірлікті ерекшелеген. Айталық болат-
тай берік, қорғасын құйылғандай зіл-зәрлі,
семсердей өткір т.б. Мысал келтірейік: Жам- болат атына сай болаттай берік, құрыш білек, асқан шебер, талантты, ерж‰рек бо- лып өсті. (қазақ ертегілері) Мынау қалың бер- меген, ж‰зіктің көзінен өткендей, қылыштай жас жігіт, анау аққудың көгілдіріндей жел- кілдеп өсіп келе жатқан б‰лдіршін қыз. (С.М)
Клим өсті, жетті, жігіт болды, Семсердей өткір, өжет, болат берен. (Жамбыл) келті-
рілген мысалдардан байқағанымыздай, жігіт-
тің қайрат –жігері, өжеттігі, өтімділігі, аталған
заттардың беріктігімен, мықтылығымен, өт-
кірлігімен ассоциаланып, жігіттің гендерлік
бейнесін к‰шейте көрсеткен. Көріктеу тәсіл-
дерін құбылтып қолданудан кейіпкерге тән
гендерлік ерекшеліктер синтаксистік құры-
лымдағы теңеулер, метафоралық теңеулер,