|
64 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012
- дидар ж‰зі (беті): айнадай ай ж‰зі, ақша
беті айдындай, майдағы қызыл г‰лдей беті,
аршыған ақ жұмыртқадай аппақ өңді;
- шашы: торғындай толқынды, тал шы-
бықтай өрілген қолаң шашы, жібектей өріл-
ген қолаң шашы, с‰мбілдей қара шашы;
- мойны: аққу құстың мойнындай, ақ
торғындай мойны;
- қасы-көзі, кірпігі: қарлығаштың қана-
тындай қап–қара қасы, айдай сызылған қас-
тары, шолпандай алтын кірпігі, қос жұлдыз-
дай қос жанары, тұнжыраған қарақаттай
көздері;
- ерні: оймақтай ерте піскен б‰лдіргендей,
қызғалдақтың ‰лбіреген жапырақтарындай
әдемі;
- тісі: меруерттей тісі, ақ маржандай тісі.
- төсі: ақ көбіктей, қос алмадай, бұзыл-
маған алмұрт тәрізді ақ төсі;
- саусағы: мақпалдай ақ саусағы, с‰йрік-
тей нәзік саусағы
- белі: қылдай жіңішке, көк шыбықтай
солқылдайды аш белі, тал шыбықтай бұраң-
дайды нәзік бел, тартқан сымдай нәзік белі;
- тұлға-тұрпаты: жайықтың боз талын-
дай, қамыстай әдемі тұлғасы, аппақ қардай
денесі, ақтығы наурыздың ақша қарындай;
- лебізі, к‰лкісі: жаздың лебіндей лебізі,
сыбызғыдай жіңішке даусы, к‰містей сың-
ғырлаған ‰н, к‰лкісі к‰міс қоңыраудай;
- қимылы: жібектей жеңіл, ақ мамықтай,
ақша бұлттай нәзік, оттай ойнақшып, сұқ-
сырдай сыланған, қаздай майпаңдаған;
- мінезі: уыздай таза, балға ашытқан қы-
мыздай тәтті, жаздағы таңдай сызылған
мінез, аршылған к‰містей ақ жарқын, ‰лбі-
реген толқындай нәзік ж‰ректі, бұлтсыз к‰н-
дей нәзік жайдары т.б т‰рінде бейнеленген.
Тілімізде әйелге арналған тұрақты теңеу-
лердің басым көпшілігі ақ т‰спен, ақ т‰сті
заттармен ассоциацияланады. Мәселен, ақ ма-
ралдай керілген, атқан таңдай аппақ ақ етің,
аппақ нұрдай аққу қыз, жұмыртқадан ақ
келін, ақ к‰містей сенің ж‰зің, жібектей
‰лбіреп тұрған ақ келіншек, ақ мамықтай қыз
тәріздес теңеулер әйелдің дидар сұлулығы
мен жан-д‰ние әсемдігін сипаттауда ерекше
орын алады.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|