62 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012
ішінен іріктеліп келіп, сан т‰рлі стильдік реңк
алған. Айталық,
нардай атандай, өгіздей об-
раздары тек ер адамға ғана қолданылса, сиыр-
дай сөзі тек әйел адамға ғана тән. Мысалы,
сонадай жерде қара нардай қаңқайып Игілік
кетіп барады. (Ғ. М‰сірепов); сиырдай қы-
зыңды неге жұмсамайсың? (Ө. Қанахин.) бұл
теңеулердің мағыналары бір–біріне жақын
болғанымен, стилдік реңктері, эмоциялық
бояулары әр т‰рлі. Халқымыздың сан ғасыр
мал өсіру кәсібімен айналысуы ер мен әйелге
қатысты көркем образдар тудыруға т‰рткі
болды. Атап айтқанда, ерге қатысты гендер-
лік теңеулер: атан өгіздей, ерттеулі аттай, таң
асырған тұлпардай т.б. образдарымен келсе,
әйелге қатысты гендерлік теңеулер: бес бие-
нің сабасындай, ботадай, ту биедей бұлықсу,
сиырдай, жетім лақтай, т.б. т‰рінде келген.
Мысал келтірейік:
Таң асырған тұлпардай
тұр қалшиып жалғыз жігіт. (Қ. Аманжолов)
Өгіздей дөңкиген қара жөн Дондағұл мынау
екі балуан грузчикті қатар соққысына төзе
алмады. (М.Ә);
Ботадай нәзік, с‰йкімді екені
анадайдан байқалып тұр. (Ғ.Мұстафин)
Қазақ баласының с‰йегіне сіңісті салт-
дәст‰рінің бірі – аңшылық, саятшылық, құс-
бегілік өнер. Әуелде қыран құс атып, аң ау-
лау, тіршілік етудің к‰н көрудің қамы болса,
кейін келе сауық сайранға ұласып көркем
өнер ретінде дамыған. Осыған байланысты ті-
ліміздегі гендерлік теңеулердің бірқатары аң-
дар мен құстардың табиғи ерекшелігіне, қи-
мыл әрекеттеріне негізделген. Олар:
қырдың
қызыл т‰лкісіндей, бұлғындай бұраң бел,
ағашқа өрмелеген ақ тиіндей, с‰йріктей сұлу,
тоты құстай сылану, ‰кідей желкілдеу, ай-
дындағы аққудай деп
Достарыңызбен бөлісу: