Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет80/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   446
Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012 63 
эпитеттік теңеулер, метанимиялық теңеулер 
арқылы танылады.
Көріктеу амалдарының ішінде теңеулер 
әйелдің сұлулығын бейнелейтін актив тәсіл 
болып табылады. Сұлулық, әсіресе, әйел сұ-
лулығын суреттеуден қазақ халқының д‰ние-
танымын, оның өмірге көзқарасын анықтауға 
болады. Әйелдің сұлулығы д‰ниедегі ең қа-
сиетті, қадірлі, с‰йкімді заттар мен құбылыс-
тарға теңестіріледі. Көркем мәтінде олар әр 
т‰рлі тәсілмен қолданылады. Теңеудің па-
раллелизм тәсілінің классик ‰лгісі болып са-
налатын «Ер Тарғын» жырындағы Ақж‰ністің: 
Бұқар барсаң, қолаң бар, Қолаңды көр де 
шашым көр. Зергер барсаң қасында Алтын-
нан соққан т‰йме бар, Т‰ймені көр де басым 
көр. Молдаға барсаң қасында Қиюлы жатқан 
қалам бар, Қаламды көр де қасым көр. Әр 
шаһарға қарасаң, Құрулы тұрған к‰згі бар, 
К‰згіні көр де көзім көр. Самарқанд барсаң, 
сандал бар, Сандалды көр де тісім көр. Ұс-
таға барсаң қасында Тартулы жатқан сымдар 
бар, Сымды көр де, қолым көр. Тоғай барсаң, 
тоғайда домаланған қоян бар, Қоянды көр де 
жоным көр. Қара жерге қар жауарқарды көр 
де етім көр. Қар ‰стінде қан тамар, Қанды 
көр де бетім көр – деген монологта сұлу әйел-
дің көрікті суреті ғана емес, соны жеткізіп 
тұрған қыздың ақыл-парасаты, д‰ниетанымы 
көрініс табады.
Тіл ғылымында теңеу көркем ойлаудың 
ұлттық ерекшелігін танытатын бейнелі кон-
струкция болып табылады. Гендерлік ерек-
шеліктерді айқындауда теңеулер ерлер мен 
әйел затының образын ашуға нақты көмек-
теседі. Ерлердің образын суреттеуде теңеулер 
негізінен, жігіттердің батырлығын, дене біті-
мін т.б. басшылыққа алады да, оны соған 
ұқсас екінші затқа ұқсату, салыстыру арқылы
ерлерге тән ерекше белгілердің сапасын арт-
тырады. Мәселен, «Бәлен балуан кепті, т‰ген 
балуан кепті!» - деген к‰ңкілдердің ішінде 
ауызға ерекше т‰скені «Қара қыпшақ Қобы-
ланды батырдың ұрпағы–мыс деген «Т‰йе 
балуан» атанған біреу. Көріп қайтқандары ол 
туралы шошына сөйледі: 
- Білектері адамның санындай, саусақ-
тары білектей, саны кеудедей, кеудесі киіз 
‰йдей, құлағы тебінгідей, басы қазандай, аузы 
жырта қарыс, екі ерні – екі кес ет, т‰ксиген 
қабағын біткен қалың қас желкілдеп кішкене
көзін жауып тұр, тұла бойы т‰ксиген ж‰н, 
қылдары жылқының ту құйрығынан қат-
ты» бойының тұрқы нар т‰йедей, екі иығына
екі кісі мінгендей, сөйлеген сөзі арыстанның 
к‰рілдегені сияқты. (С.М.) 
‡зіндіде балуанның білектері, саусақтары, 
саны, кеудесі, құлағы, басы, аузы, екі ерні
бойы, екі иығы, сөйлеген сөзі оның ерекше 
қасиетін танытатын белгілері туралы, сол 
ерекшеліктерді екінші бір затқа теңеу, салыс-
тырудың гендерлік тұрғыдан ерекшелігі та-
нылады. Қарапайым адамдарды ерлер мен 
әйелдер тұрғысында салыстырсақ, олардың 
әрқайсысына табиғат сыйлаған өзіне тән ана-
томия – физиологиялық ерекшелігі бар. Ер-
лердің дене бітімі ірі, к‰ші басым екені бел-
гілі. Сондықтан ер балуанның білігін адам-
ның санына, саусағын білекке т.б. теңеу мет 
пен образдың арасында ‰йлесім береді. Егер 
балуан әйел адам болса, оған дәл сондай 
салыстыру, ұқсату берілмес еді. Себебі адам-
ның жыныстық ерекшелігіне байланысты 
предмет пен образдың арасында ‰йлесім, бол-
майды. Сондықтан да көркем мәтінде әйел 
затын байланысты теңеулер көбінесе олар-
дың сұлулығын, парасатын, дене бітімінің 
нәзіктігін т.б. суреттейді. Мәселен, Қасында 
отырған қызға қараса: аршыған жұмыртқа-
дай аппақ ж‰зді, мөлдір көзді, мінезі ойнақы 
біреу екен. (С.М.)
Кейіпкердің психофизиологиялық ерек-
шелігін танытантын теңеулер: 
Алтай Баянауыл емес, Махмұт болсаң да 
жарар, Сұлтан бола алмассың деп, қақтаған 
к‰містей аппақ маңдайын аса жарасымды-
лықпен қиыла араласқан қара қасын кере 
кеңк-кеңк к‰ліп алған. (О. Б) 
Махаббат сезімін танытатын теңеулер: 
Адасқан қаздай қаңқылдап, әбігерге шығып, 
жар іздеген жабыңқы ж‰рек ойда жоқта 
туласа, есеңгіретіп тастайды екен, Нұр-
машжан. (О. Б) 
Көңілсіздік жай-к‰йін танытатын теңеулер:  
Г‰лшахра езу тартып, аппақ тістерін
көрсетіп к‰лгенмен, көгілдір мұздай көзі суық 
қалпы қалды. (С. Ж‰нісов)
Қазақ теңеулерінің гендерлік тілдік өрнегі 
портреттік суреттеулермен нақыштала т‰скен. 
Әйел мен ерге тән мінез- құлық, қимыл 
әрекет, тұлға тұрпат ерекшеліктерін көркемдік 
қырынан тануда портреттік теңеулердің рөлі 
к‰шті. Атап көрсетсек, 
А) әйелдің гендерлік портреті




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет