Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет83/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   446
Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012 65 
әдебиеттің бейнелеу, көркемдік ж‰йесі, оның 
көркем ойлауының ұлттық ерекшелігі б‰кіл 
бедерімен теңеу категориясынан анық айқын 
көрініп тұрады.
_______________ 
1. Қоңыров Т. қазақ тілінің тұрақты теңеулер сөздігі. – 
Алматы: Ғылым. 1990. – 319 б. 
2. Шоқым Г‰лжан Тынышбайқызы. Тілдің гендер- 
лік жіктелімінің ғылыми негіздері. Фил.ғыл.докторы ғы-
лыми дәрежесін алу ‰шін дайындалған докторлық дис-
сертация. Алматы, Қазақ Ұлттық Университеті – 2009 – 
127 бет. 
3. Алпамыс батыр. // Ақсауыт, 1-том. Алматы: Жазу-
шы, 1977. 
4. Турдалиева Р.С. Көркем мәтіндегі гендерлік си- 
пат: психолингвистикалық талдау. Фил.ғыл.кандидаты дә-
режесін алу ‰шін дайындалған диссертация, Алматы, 2009.
Н. Алдашова 
ГЕНДЕРНОЕ СРАВНЕНИЕ ОБРАЗОВ МУЖЧИН И ЖЕНЩИН 
Статья посвящена изучению особенностей передачи гендерного аспекта в художественных произведениях. 
N. Aldashova 
GENDER COMPARISON OF IMAGES OF MEN AND WOMEN 
The paper studies the transmission of characteristics of a gender perspective in works of art.
 
 
 
А. Е. Әубәкірова, 
М. Қозыбаев атындағы Солт‰стік Қазақстан мемлекеттік университеті 
НЕОНИМДЕРІНІҢ ӨМІРЛІК КЕЗЕҢДЕРІНІҢ СИПАТТАМАСЫ 
 
Отандық тіл білімінің қазіргі даму кезеңі 
терминологиялық неологизмдерді – неоним-
дерді зерттеумен сипатталуда (Г. Рондоның 
термині). Неоним мен неонимия ұғымын зерт-
теулер франкофонды лингвистикалық мек- 
тептердің ғалымдары Дармстетер, Деруа Л., 
Козни М., Жильбер П., Гарден Б., Гильбер Л., 
Рей А., Саблероль Ж. Ф., Кабра М.-Т еңбек-
терінде байқалады. Ресейлік тіл білімінде нео-
нимдерді зерттеумен Ларина Ю. Е., Суперан-
ская А. В., Васильева Н. В. айналысқан.
Ғалымдардың еңбектерін зерттеу неоним-
дердің, неологизмдер сияқты басты критериі-
не олардың жаңалығы жатады деген қорытын-
дыға әкелді. Бұл жағдайда неоним оны нео-
логизмнен ерекшелейтін сипаттамаларға ие:
- бекітілгендігі – тіл мен ғылымның ком-
поненті ретінде неоним сол не өзге білім са-
ласының аталмыш даму кезеңіндегі белгілі бір 
терминдер ж‰йесінің шеңберінде орын алады;
- неоним заттардың объективті логикасы-
ның көрінісі болып табылады; - ұғымдардың 
жіктемесіне негізделген ж‰йелілік;
- пайда болудың болжамдалатын сипаты 
(неоним аяқталған зерттеудің нәтижесінде 
пайда болады);
- өзінің бастапқы пайда болу кезеңінде экс-
прессивті-стилистикалық қатпарлардың бол-
мауымен және, әдетте, полилексемалық құры-
лымымен.
Г. Рондо неонимдерді неологизмдерге 
сыртқы белгілері бойынша да, қызметтік бел-
гілері бойынша да қарсы қоюда: синтагмати-
калық әдіспен, көбінесе қысқартуға келе бер-
мейтін ұзын көп компоненттік құрылымдар-
мен т‰зілген жаңа лексикалық бірліктер. Ға-
лым сонымен қатар мынадай критерийді ұсы-
нуда, сол бойынша «өмірдің кезеңі» белгі-
ленеді:
- жаңалық кезеңі;
- қолданыста бекітілу кезеңі; 
- ескіру кезеңі.
Біздің пікірімізше, жаңалық бұл неоним- 
нің ерекше қасиеті, және ол соның өмірінің 
барлық кезеңдеріне тән болып келеді. Соған 
орай, неонимнің өмірінің алғашқы кезеңін 
неонимнің құрылуы деп белгілеген дұрыс 
болады. 
Осылайша, неонимнің өмірлік кезеңдерін 
келесі сурет т‰рінде көрсетуге болады. 
Неонимнің құрылу кезеңі субъективті кри-
терийлер бойынша белгіленеді, оны Г. Рондо




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет