78 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 дауыштың т‰рлері сияқты сөз тіркестерін де
басыңқы сыңарына қарай есімді, етістікті
және ортақ басыңқы етіп ‰шке бөліп беруді
жөн көрдік», – дей отырып, меңгеруді: етіс-
тікті меңгеру, есімді меңгеру, ортақ меңгеру,
қабысуды: етістікті қабысу, есімді қабысу,
ортақ қабысу, матасуды: есімді матасу, ортақ
матасу т‰рлерін ұсынады [10, 30 б.]. Сонымен
жоғарыда аталған авторлардың сөз тіркестерін
бөлуде есімдіге ‰ш байланысу формасын: ма-
тасу, меңгеру, қабысуды, ал етістіктіге екі
байланысу формасын: меңгеру мен қабысуды
жатқызатынын байқаймыз. Ал біз өз кезегі-
мізде жанасу байланысу формасына қатысты
кейбір талас мәселелердің шешім табуына
байланысты [11], енді оны да есімді және
етістікті деп бөле келе, бұдан былай есімді сөз
тіркестеріне қатысты төрт байланысу форма-
сын: матасу, меңгеру, қабысу және жанасуды,
етістікті сөз тіркестеріне қатысты ‰ш бай-
ланысу формасын: меңгеру, қабысу және жа-
насу байланысу формаларын қарастыруды
ұсынамыз.
Соңғы зерттеулерде сөз тіркестерін басың-
қы сыңарларының қандай сөз таптарынан
жасалуына қарай есімді, етістікті деп бөлумен
бірге ортақ басыңқы т‰рінің енуіне байла-
нысты, енді біз де байланысу формаларын:
есімді матасу, ортақ матасу; есімді меңгеру,
етістікті меңгеру, ортақ меңгеру; есімді қа-
бысу, етістікті қабысу, ортақ қабысу; есімді
жанасу, етістікті жанасу, ортақ жанасу деп
бөлеміз.
Оны мына сызбамен береміз:
Сурет – Сөз тіркесінің т‰рлері
Сөз тіркестерінің семантикалық-формаль-
дық құрылымы сөз тіркесінің бағыныңқы
және басыңқы сыңарларының бір-бірімен
байланысу тәсілдері мен оның мазмұнын
анықтайды. Егер сөз тіркестерінің басыңқы
сыңарлары зат, құбылыс не қандай да бір
ұғымды атап көрсетсе, бағыныңқы сыңары-
ның қызметі басыңқы сыңарда аталғанды
нақтылау болып табылады. Ол ‰шін бағы-
ныңқы сыңардағы сөз белгілі бір тұлғада тұ-
руды қажет етеді.
Басыңқы сыңардың мазмұны өзінің лекси-
калық мағынасы арқылы анықталады. Мы-
салы: 1) затты, нәрсені білдіреді: биік ‰й, ас- палы