Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет97/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   446
шам, баланың қылығы; 2) белгіні біл-
діреді: өмірге ызалы, б‰гін қуанышты;
3) қимыл, қозғалысты білдіреді: сабақтан ке-
шікті, жұмысқа орналасты, т.б. 
Ал бағыныңқы сыңардың мазмұны оның 
лексикалық мағынасы арқылы емес, сөзтұл-
ғаның басыңқы сыңардағы қандай сөзбен 
тіркесуіне байланысты туындаған синтаксис- 
Сөз тіркесі 
Есімді сөз 
тіркесі 
Етістікті сөз 
тіркесі 
Матас
у 
Мењге
р
Қ
абыс
у 
Жанас
у 
Мењге
р
Қ
абыс
у 
Жанас
у 
Байланысу формасына 
қарай 
Сөздердің 
тіркесу 
қабілетіне 
қарай 


Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012 79 
тік мағынасы арқылы анықталады. Мұндай 
кезде бағыныңқы сыңардағы сөзтұлға екі 
т‰рлі синтаксистік мағынада: 1) басыңқы сы-
ңардағы заттың не қимылдың белгісін біл-
діріп, басқа дәл сондай зат не қимылдан ажы-
рататындай сипатта жұмсалады: Асау жылқы 
ышқына шыңғырып көкке атылды (Д. Дос-
жанов)
Азанғы аяз шағып барады (Н. Сер-
әлиев). Кеңес біраз 
‰нсіз жатты... (Қ. Сәр-
секеев); 2) субъектінің әрекеті тура немесе 
жанама бағытталған объектіні білдіруі м‰м-
кін: Мал т‰гіл адамға да қолайсыз (І. Есен-
берлин). Орташасы көбінесе 
әнге лайық
(Т. Әлімқұлов). Кешікпей-ақ дабыр әңгімелері 
‰зілмеген қалпы сырт көзге мойын бұрғыз-
ғандай жарастықты топ 
ауылдан ұзай берді 
(А. Сейдімбеков)
Сөз тіркестерінің басты белгісі сыңарлары-
ның арасындағы грамматикалық қатынастар-
дың болуы. Басқа тілдердегідей, қазақ тіл 
білімінде де сабақтаса байланысқан сөз тір-
кестері: 1) анықтауыштық, 2) толықтауыш-
тық және 3) пысықтауыштық қатынаста 
келеді.
1) анықтауыштық қатынастағы сөз тір-
кестері сыңарларының қандай сөз таптарынан 
жасалуы мен қандай тұлғада келуіне қарай 
мынадай мағыналық-тұлғалық құрылымда 
келеді. Оны таратып көрсетсек: 
а) басыңқы сыңар зат, нәрсені атайды, ба-
сыңқы сыңар оның сапалық (сандық) белгісін 
көрсетеді: әдемі қыз, биік тау, ұзын бойлы 
жігіт, бес кітап, он екінші ‰й, т.б.; 
ә) басыңқы сыңар зат, нәрсені атайды, ба-
ғыныңқы сыңар сол заттың кімге, неге тиесілі 
екенін көрсетеді: апамның орамалы, ағамның 
дәптері, т.б.; 
б) басыңқы сыңар заттың бөлшегін, бағы-
ныңқы сыңар затты тұтасымен атап көрсетеді: 
терезенің жақтауы, ағаштың жапырағы, 
адамның көзі, т.б. 
в) басыңқы сыңар кісіні, бағыныңқы сыңар 
оның қай топ немесе ұжымға қатысын көр-
сетеді: топ басшысы, бөлім меңгерушісі, мек-
теп оқушысы, т.б

г) басыңқы сыңар белгіленген іс-әрекетті, 
бағыныңқы сыңар сол әрекет иесін көрсетеді: 
ректордың бұйрығы, нәрестенің к‰луі, т.б. 
ғ) басыңқы сыңар белгіні, бағыныңқы сы-
ңар белгінің иесін көрсетеді: әйелдің кіші-
пейілдігі, жігіттің ептілігі, баланың зерек-
тігі, т.б. Мұндай сөз тіркестері әйелдің кіші-
пейілдігі – кішіпейіл әйел – әйел кішіпейіл
жігіттің ептілігі – епті жігіт – жігіт епті, 
баланың зеректігі – зерек бала – бала зерек 
т.б. болып трансформацияға тусу м‰мкіндігі 
бар. Осындағы әйелдің кішіпейілдігі – кіші-
пейіл әйел, жігіттің ептілігі – епті жігіт, 
баланың зеректігі – зерек бала сөз тіркестерін 
синтаксистік синонимдерге жатқызуға бола-
тын болса, әйел кішіпейіл, жігіт епті, бала 
зерек сияқты предикаттық қатынастағы
тір-
кестердің лексикалық құрамы ортақ болғаны-
мен, грамматикалық мағыналарындағы өзге-
шелігіне орай синтаксистік синоним бола 
алмайды. Себебі әйелдің кішіпейілдігі – кіші-
пейіл әйел, жігіттің ептілігі – епті жігіт, 
баланың зеректігі – зерек бала – сөз тіркесі 
болса, әйел кішіпейіл, жігіт епті, бала зерек – 
сөйлем болып танылады.
2) толықтауыштық қатынастағы сөз 
тіркестері мынадай мағыналық-тұлғалық құ-
рылымда келеді: 
а) қимыл-әрекет (етістік) және оны нақ-
тылайтын (қимыл-әрекет тура немесе жанама 
бағытталған) объекті: ауылды сағыну, ағасына 
еркелеу, т.б. 
ә) белгі (сын есім) және оны нақтылаушы 
объект (белгінің қайсысына (кімге немесе 
неге) қатыстылығына қарай): балаларға қы-
зық, оттан ыстық, иесімен дәмді, т.б. 
б) қимыл құралы: қайшымен қырқу, әзіл-
мен жеңу, т.б. 
в) ақпарат көзі: кітаптан оқу, радиодан 
есту, теледидардан көру т.б. 
г) жетістікке, мақсатқа жету немесе ай-
рылу: жеңіске жету, абыройдан айрылу, т.б. 
3) пысықтауыштық қатынастағы сөз 
тіркестері төмендегідей мағыналық-тұлғалық 
құрылымда келеді:
а) мекенге байланысты белгі: қалада оқу, 
Астанада суық, т.б. 
ә) бағытқа байланысты белгі: ‰йге дейін 
бару, ауылға жақын, т.б. 
б) уақытқа байланысты белгі: таңертең 
тұру, кешке келу, ұзақ ойлану, б‰гін ыстық, т.б. 
в) қимылдың басталу сәті: тумысынан 
керең, бала кезден дос, т.б. 
г) қимылдың аяқталу сәті: т‰ске дейін 
ұйықтау, к‰зге дейін демалу, т.б. 
ғ) себепке байланысты белгі: ауырғандық-
тан келмеу, т.б. 
д) амалға қатысты белгі: қалықтап ұшу, 
жылдам қимылдау, асықпай ж‰ру, т.б. 
е) мақсатқа қатысты белгі: оқу ‰шін жай-
лы, кездесу ‰шін ыңғайлы, т.б. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет