76 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 Р. Байымбетова ЯЗЫКОВОЙ ОБРАЗ ПОНЯТИИ УМАЙ И КУТ В ДРЕВНЕТЮРКСКОМ МИФОЛОГИЧЕСКОМ МИРОВОЗЗРЕНИИ В этой статье рассматривается языковой образ понятии Умай и Кут в древнетюркском мифологическом
мировоззрении
R. Bayimbetova THE LINGUISTIC REPRESENTATION OF THE CONCEPT UMAI AND KUT IN ANCIENT TURKIC MYTHOLOGICAL OUTLOOK This article deals with the linguistic representation of the concept Umai and Kut in ancient Turkic mythological
outlook
Б. Елікбаев, М.О. Әуезов атындағы Оңт‰стік Қазақстан мемлекеттік университетінің доценті, ф.ғ.д. ЕСІМДІ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІНІҢ СЕМАНТИКАЛЫҚ-ТҰЛҒАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ СЫҢАРЛАРЫ АРАСЫНДАҒЫ МАҒЫНАЛЫҚ БАЙЛАНЫС Қазақ тіл білімінде сөз тіркесі синтаксис-
тің дербес саласы болып қарастырылуы ХХ
ғасырдың елуінші жылдарынан басталады.
Сөз тіркесі синтаксисі мен сөйлем синтаксисі
өз алдына жеке-жеке сала болып қарастырыла
бастағалы сөз тіркестерінің көптеген мәселе-
лері терең қозғала бастады. Оның өзі кейінгі
жылдардың жемісі еді. Содан бері сөз тіркесі-
нің нысандары: сөз тіркесінің байланысу фор-
малары мен тәсілдері, синтаксистік қатынас-
тары мен т‰рлері, тіркесу қабілеті, олардың
әрқайсысының қалыптасу тарихы мамандар
тарапынан жан-жақты сөз болды.
Әрине осы кезге дейінгі еңбектерде сөз
тіркесі арнайы қарастырылмағанымен, оған
қатысты мәселелер жай сөйлемге қатысты
мәселелердің ішінде, соның ішінде сөйлем
м‰шелеріне байланысты сөз болып ж‰рді.
Қазақ тіліне байланысты алғаш зерттеу ж‰р-
гізген ғалымдардың бірі П.М. Мелиоранский-
дің «Краткая грамматика казах-киргизского
языка» деген еңбегінде сөз тіркесін арнайы қа-
растырмағанымен, жай сөйлемдерге байла-
нысты бөлімінде бастауыш пен баяндауыш-
тың қиысуын дұрыс көрсеткен.
Қазақ тіл білімінің негізін салушы ғалым
А. Байтұрсынұлының «Тіл – құралы» сөйлем
ж‰йесі мен т‰рлері атты екі бөлімнен тұрады.
Мұның бірінші бөлімінде сөйлем м‰шелері
мен сөйлем м‰шесі болатын сөз таптары,
олардың жасалу жолдары мәселелері сөз
болса, екінші бөлімінде сөйлемнің құрылым-
дық және айтылу мақсатына қарай т‰рлері,
жай сөйлем мен құрмалас сөйлем мәселелері
қарастырылады. Осы еңбекте сөз тіркестері
арнайы тақырып болып берілмесе де, ондағы
«Басым жақ» деген атаумен берілген мәтіннің
мазмұнына зер сала кетуді жөн көрдік: «Бас-
тауыш бір жақты болса, баяндауыш онымен
ымыраласады. Бастауыш әр жақты болса,
мәселен, бастауыш біреу емес, бірнеше болса
жана әрқайсы әр жақты болса, онда баян-
дауыш басым жағымен ымыраласады» [1, 274
б.]. – дейді. Әрине автор бұл жерде сөз тіркес-
тері, я болмаса, сөз тіркестерінің байланысу
формалары жайында сөз қозғамағанымен, жо-
ғарыда келтірілген пікірі қиысу байланысу
формасына келетін сияқты.
Қ. Жұбанов еңбектерінде сөздердің байла-
нысу формалары туралы арнайы сөз болма-
ғанымен, сөйлем м‰шелеріне қатысты айтыл-
ған пікірлерінде «матастырылған», «меңге-
реді», «жанасады» сөздері кездеседі. Дегенмен
бұл сөздердің сөз тіркестеріне, қазіргі қолда-
ныста ж‰рген байланысу формаларының атау-
ларына қатыстылығын көре алмаймыз. Ғалым
cөз тіркесін өз алдына жеке сала етіп бөліп
қарастырмағанмен, оның 1936 жылы жарық
көрген «Қазақ тілінің грамматикасы» атты
еңбегінде «сөйлем ж‰йесіне» арналған бөлі-
мінде «сөз қиыны», «жетек сөз бен жетекші
сөз» деген тараулар берілген. Мұнда: «Сөй-
лемде бір сөз болмай, бірнеше сөз болса, бұл
сөздер бір-бірімен қиындасып тұруы керек.