92 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 десетіні белгілі. Сол сияқты Абай да өзінің
қара сөздерінде сұраулы сөйлемдерді ерекше
экпрессиямен шебер қолдана білген. Олардың
мазмұны да әрқилы болып келеді. Қара сөз-
дердің негізгі діңгегі осы сұрақтар десек, қате-
леспейміз. Өйткені автор оқырманға сұрақ
қою арқылы өзін толғандырып ж‰рген келелі
мәселелерді көтеріп, өзі сол сұрақтар төңі-
регінде сөз қозғаған, оқырманға ой салып,
оның көкейінен орын тебуді көксеген. Сон-
дықтан да мұнда ашық мәнді сұрақтардан
гөрі, риторикалық және к‰мәнді сұрақтар
молынан пайдаланылған. Мәселен, алғашқы
екі сөйлем сыртқы формасы жағынан ашық
мәнді сұраққа ұқсағанымен, оның т‰пкі мақ-
сатының м‰лдем басқа екендігін әрі қарай оқу
барысында аңғаруға болады. Мұндай сөй-
лемдер әдетте қара сөздің басында қойылып,
негізгі ой осы сұрақтың жауабы төңірегінде
өрбиді. Яғни, жауап к‰ту мақсатында емес,
оқырманға аса маңызды жайтты хабарлау,
оның санасына жеткізу мақсатында айтыла-
тын бұл сөйлемдерді риторикалық сұрақ деу
орынды. Ал ‰шінші және төртінші сөйлемдер
– қара сөздің соңынан орын алған сұрақтар.
Олардың мән-мағынасы да өзгешелеу. Өйт-
кені мұндағы негізгі мақсат – әрі бірдеңенің
жайын білу, әрі сол бірдеңеге байланысты
автордың өз к‰мәнін жеткізуі. Олай болса, бұл
сөйлемдер к‰мәнді сұрақты білдірсе керек.
Қара сөздерде сұрау есімдіктері есімшелі
бастауыштармен де қатынасқа т‰сіп, баян-
дауыш қызметін атқарады. Мұндай сөйлем-
дерде жоғарыда аталған сұрау есімдіктерінің
бәрі дерлік қолданылады. Олар атау к‰йінде
сөйлемдегі ойды тиянақтау қызметін атқарады
да, ал олардың бастауыштары, яғни, -ған, -ген, -тұғын формалы есімшелер тәуелденіп те,
тәуелденбей де қимыл иесі болып келеді. Мы-
салы:
Осы елдің ‰нем қылып ж‰ргені немене? (Абай) Сократқа у ішкізген, Иоанна Аркті отқа өртеген, Ғайсаны дарға асқан, пайғамбары- мызды т‰йенің жемтігіне көмген кім? (Абай) Біз ортамызда бұл мархамат ғадәләтті иманның шартынан хисап қылмаймыз, оның ‰шін муслим болғанда, Алла Тағалаға тәслим болып, оның жолында болмақ едік, болғаны- мыз