Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет112/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   446
Жіктеу есімдігі. Жалпы есімдіктер қата-
рында сөйлем ішінде әлдеқайда белсенді қол-
данысқа т‰сетін сөздердің бірі ретінде жіктеу 
есімдіктерін танимыз. Зерттеу еңбектерінде де 
(А.Байтұрсынов, С.Аманжолов, Н.Сауранбаев, 
М.Балақаев, Р.Әмір, т.б.) жіктеу есімдігі есім-
ді сөйлемдерде баяндауыш қызметін атқа-
ратын негізгі сөз табы ретінде ұсынылып ж‰р. 
Қара сөздерде есімді сөйлемдер жасауға мен 
жіктеу есімдігі ғана қатысады және ол екі-ақ 
сөйлемде кездеседі. Енді сол сөйлемдерге на-
зар аударайық: 
Орынсыз, болымсыз нәрсеге ‰йір қылмай, 
бойды таза сақтайтұғын, к‰нәкәрліктен, көр-
сеқызар жеңілдіктен, нәфсі шайтанның азғы-
руынан құтқаратұғын, адасқан жолға бара 
жатқан бойды қайта жиғызып алатұғын 
мен емес пе? (Абай) 
Жұмсақ төсекте, жылы ‰йде тамағы тоқ 
жатқан кісіге төсексіз кедейдің, тоңып ж‰р-
ген киімсіздің, тамақсыз аштың к‰й-жәйі 
қандай болып жатыр екен деп ойлатып, 
жанын ашытып, ұйқысын ашылтып, төсегін-
де дөңбекшітетұғын – 
мен. (Абай) 
Бұл сөйлемдердегі предикативтілік есім-
шелі бастауыш пен жіктеу есімдікті баян-
дауыштың арасындағы байланыс арқылы ж‰-
зеге асып отыр. Мұндағы мен есімдігі қимыл 
атауының объектісін білдіріп, сөйлемді тия-
нақтап тұр. Ал қимыл иесі – -тұғын формалы 
есімшелер. Сақтайтұғын, құтқаратұғын, жи-
ғызып алатұғын, дөңбекшітетұғын есімше-
лері субстантивтеніп барып, бастауыш қыз-
метін атқарып тұр. Жалпы есімшенің мұндай 
формасы Абай тіліне тән ерекшелік болып 
табылады. Мен есімдігі өз бастауышымен ір-
гелес тұрып алғашқы сөйлемде көмекші сөз 
бен сұраулық шылаумен тіркесу арқылы к‰р-
делі баяндауыш ретінде, ал кейінгі сөйлемде 
нөлдік тұлғада дара бастауыш ретінде қол-
данылған. Ал енді семантикалық сипаты тұр-
ғысынан бұл сөйлемдерді, Р.Әмір айтқандай, 
«ойдың бір құрамын – субъектіні, объектіні 
актуализациялайтын типті» сөйлемдерге жат-
қызамыз[2]. Мұндағы актуализациялау қыз-
меті сөйлемдегі етістіктердің есімше форма-
сын алып, бастауыш қызметіне, ал мен есім-
дігінің баяндауыштық позицияға көшуіне бай-
ланысты ж‰зеге асып отыр. Яғни, мен жіктеу 
есімдігі актуализацияланатын сөз (объекті) 
дәрежесінде ойды тиянақтау қызметін атқа-
рады. Мәселен: 
Жиғызып алатұғын –


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет