90 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012
сөз таптарынан еш кем т‰спейтінін ерекше
атап өтеді. Осы орайда, олар былай дейді:
«Қайта зат есім, сын есім, сан есімдерге қара-
ғанда бастауыштың мәнін айқындауда бұл сөз
табы ерекше. Осы ерекшелік оның есімді сөй-
лем жасаудағы семантикалық жағынан бай
екенін көрсетеді»[1].
Яғни, есімдікті есімді сөйлемдердің семан-
тикалық мәні айрықша екендігі дау тудырмаса
керек. Жоғарыдағы авторлар жалпы сөйлем-
нің семантикасын айқындауда да осындай
сөйлемдерді зерттеу объектісіне айналдыру-
дың маңыздылығын негізге алады. Сөйтіп,
осы бағытта әлі де болса шешімін таппай ж‰р-
ген мәселелердің бірқатарын алға тартады.
Солардың бірі – хакім Абайдың қара сөзде-
ріндегі есімді сөйлемдер мәселесі. Оларға
шолу жасау барысында есімді сөйлемдердің
ішінде есімдікті сөйлемдердің әлдеқайда мо-
лырақ екендігі анықталыпты. Және де бұл
мәселе авторлар тарапынан келешектегі зерт-
теу жұмыстарына бағыт ретінде ұсыны-
лады[1].
Әрине, Абай тілі – мол кеніш, таусылмас
қазына. Оны тіл білімінің қай саласы тұрғы-
сынан зерттесек те, артық емес. Абай тілінің
синтаксисі бұл – қазақ тіл білімінің ‰лкен бір
арнасы. Осы арнаның алғашқы ғылыми ірге-
тасын қалап, болашақ зерттеушілерге даңғыл
жол ашып берген ұлы ғалым – профессор
Т.Сайрамбаев. Осынау қасиетті жолды одан
әрі дамытуға теңіздің тамшысындай болса да
‰лес қосу – біздің міндетіміз. Сондықтан да
осы мақсатта Абайдың қара сөздеріндегі
есімдікті сөйлемдерді негізгі объекті ретінде
ала отырып, олардың тұлғалық және семан-
тикалық ерекшеліктерін арнайы қарастыруды
жөн көрдік.
Абайдың қара сөздеріне көз ж‰гірте оты-
рып, ондағы есімді сөйлемдердің негізін сіл-
теу, жіктеу, сұрау, өздік, белгісіздік есімдік-
тері құрайтынын байқадық. Олардың ішінде
әлдеқайда жиі кездесетіндері – сілтеу және
сұрау есімдіктері де, қалғандары сирек қол-
данысқа т‰седі.
Енді осы есімдіктердің әрқайсысына жеке-
жеке тоқталып өтсек.
Достарыңызбен бөлісу: