102 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 кездеседі деген пікір қалыптастырып келген
анафора мен эпифораның жазушы Ғ. М‰сі-
репов әңгімелерінің тілінде жиі кездесетін
көркемдік құбылыс екендігін нақты тілдік
деректерді мысалға келтіре отырып, дәлел-
дейді. Ғалымның айтуы бойынша, «қайта-
ламалар – жазушының көркемдік тәсілдерінің
бірі». Ғалым осы аталған мақаласында қай-
таламалардың стильдік қызметін ғана емес,
грамматикалық ерекшеліктерін де қазақ тілі-
нің синтаксисі тұрғысынан қарастырып, тал-
дайды. Жалпы жазушының шығармаларын-
дағы қайталамалар туралы, олардың стильдік
қызметі туралы алғаш терең зерттеп, тың пікір-
лер айтқан да ғалым М. Серғалиев. Ғалымның
бұл еңбегі осындай стильдік тәсілдің басқа
жазушылардың шығармаларындағы көрінісін
зерттеп, талдауға да т‰рткі болды. Мысалы,
мұндай көркемдік тәсіл Ж. Аймауытовтың да
шығармашылығында жиі ұшырасады.
Е.
Жұбанов
ғылыми
мақаласында
Ғ. М‰сірепов шығармаларында жиі кездесетін
сөз мағынасының құбылуы, фразеологиялық
тіркестердің, қанатты сөздер мен афоризм-
дердің қолданысы, бейнелеу тәсілдерінің бірі
– эпитеттің қолданылу ерекшелігі туралы
айтады. Ғалым мысалдар келтіру арқылы
олардың әрқайсысының стильдік бояуын,
олардың шығармаға беретін әрін, көтеретін
ж‰гін т‰сіндіреді.
Ғ. М‰сіреповтің шығармаларын лингвис-
тикалық тұрғыдан әр т‰рлі бағытта қарас-
тыратын осы еңбектердің бәрі де жазушы
шығармаларын зерттеудің бастауы болып
табылады. Қазақ әдебиеті тарихының алтын
қорынан ойып орын алатын Ғ. М‰сіреповтің
шығармашылығы талай зерттеу еңбектеріне
нысан болары сөзсіз. Себебі, әрбір қалам-
гердің өзіндік стильдік өрнектері, өздері с‰йіп
қолданатын тәсілдері, жазу машығы болады.
Қаламгер сонысымен дара, сонысымен ерек-
ше, сонысымен өзгеше. Ал мұндай даралық
М‰сірепов шығармашылығының алтын қа-
зығы.
_______________
1. Серғалиев М. Көркем әдебиет тілі. Алматы, «Мек-
теп», 1981 ж.
2. Горький М. Собрание сочинении. 27 том, Москва,
1953 г.
3. Қоңыратбаевтың 1962 жылы Ғ. М‰сіреповке жазған
хаты. «Қазақ әдебиеті», 1992 жыл, 31 шілде.
4. Бекбергенов М. Ғ. М‰сіреповтің прозасы. Алматы,
«Рауан», 1990 ж.
5. Мұқанов С. Таңдамалы шығармалар жинағы. 15-
том. Халық мұрасы. Алматы, 1979 ж.
6. Қабдолов З. «Сырлы д‰ние», мақала, «Қазақ әде-
биеті», 1982 жыл, 19 март.
7. Қабдолов З. Арна. Алматы, «Жазушы», 1988 ж.
8. М‰сірепов Ғ. Заман және әдебет. Әдеби-сын еңбек-
тері. Алматы, «Жазушы», 1982 ж.
9. Шалабаев Б. Көркем проза тілі. Алматы, «Білім»,
1994 ж.
10. Серғалиев М. Сөз сарасы. Алматы, «Жазушы», 1989 ж.