Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет147/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   446
 


116 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
Иманкулова Салтанат Меркибаевна 
МОДАЛЬНЫЕ СЛОВА И СПОСОБЫ ВЫРАЖЕНИЯ МОДАЛЬНОСТИ 
В данной статье рассматриваются выражение модальности в казахском языке, 
пути и способы образования, 
ее современная структура, а также морфологическая и синтаксическая взаимосвязь.
Imankulova Saltanat Merkibaevna 
MODAL WORDS AND WAYS OF EXPRESSING MODALITY 
This article discusses the expression of modality in Kazakh language, ways and means of formation and its modern 
structure, also morphological and syntactic interrelation in a sentence.
 
 
 
 
 
Ж. Т. Исаева, А. Е. Тәттібаева, 
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ҰМУ 
АТАЛЫМ ЖАСАУДАҒЫ СӨЗДІҢ АССОЦИАЦИЯЛЫҚ МАҒЫНАЛАРЫ 
 
Сөз мағынасын когнитивтік аспектіде қа-
растыруда, мағынаны тіл қолданушының ой-
лау және сөйлеу әрекетінің мақсатына қарай 
пайдалануы аясында зерделеуде концепт ту-
ралы айта кетуіміз орынды. Тіл білімінде кон-
цепттермині әрт‰рлі деңгейде қолданылады. 
Мысалы: Ю.С.Степановтың көрсетуінше, кон-
цепт адам санасында нақты ұғымдар т‰рінде 
емес, сөз тудыратын ассоциациялар, т‰сінік-
тер, ұғымдар жиынтығы ретінде қабылданады. 
«Концепт не только мысляется, они пережи-
ваются. Они - предмет эмоций, симпатий и
антипатий, а иногда и столкновений» [1, 13]. 
Концепт тіл білімінде сөздің қолданылу мен 
мағынасын байланыстырушы когнитивті негіз 
ретінде танылады. Концепт пен ұғым термин-
дерінің аражігі айқын ашылып көрсетілмеген 
тілдік терминдер болып табылады. Ол туралы 
тіл білімінде пікір қайшылығы соңғы зерттеу 
еңбектерінде де айтылады. 
Концепт термині тілдік бірліктердің тілден 
тыс т‰сініктер мен ұғымдардың тіл бірлік-
терін қолданылуындағы маңызын т‰сіндіреді. 
Метафоралардың концептерді жасаудағы ма-
ңызы туралы В.Н.Телия былай дейді: «Мета-
фора - это способ создания новых концептов, 
с использованием знаков, уже имеющихся в 
данной семиотической системе» [2, 48]. Кон-
цептте сөздің беретін барлық мағыналары, 
ұғымдары жинақталып, ол адамның ассоциа-
циялы ойлауымен байланысып жататыны 
белгілі. Концепт - сөздердің ассоциациялық 
өрісімен тікелей байланысты ұғым.
Тіл қолданушының қатысуымен ж‰ргізі-
летін ассоциациялық эксперименттер негізін- 
де анықталатын сөздің ассоциациялық мағы-
налары сөз таңбалар нысан беретін білім қо-
рына байланысты. Аталым жасауда ассоциа-
циялар белсенді қызмет атқарады. Адамның 
санасындағы заттар мен құбылыстардың бей-
несінің өзге бір нысанның бейнесін елестетуі, 
оны еске т‰сіруі ойлаудың құрылымдық ерек-
шеліктерінің әлемді танудағы қызметін же-
ңілдетеді. Бірліктердің жасалуынан осындай 
‰рдістердің іздерін айқын байқаймыз.
Шартты т‰рде алғанда сөздің ассоциа-
циялық өрісінде сол нысан туралы адам сана- 
сындағы т‰сінік, ұғым жиынтығы көрініс 
табады. Ассоциациялық өріс тіл қолданушы 
ортаның тілдік бірліктердің мағынасын тілдік 
қолданыста, жалпы қабылдаудағы т‰сініктер-
ге негізделеді. Тіл әлеуметтік құбылыс бол-
ғандықтан, ол тілдік ортамен және де жеке 
адамның танымымен байланысты. Сондықтан 
да тілдік бірліктердің жасалуы адамның пси-
хологиялық ерекшеліктерімен ішкі жан д‰-
ниесі, ойлауы, қабылдауы, жадыда ұстауы 
сияқты әрекеттермен астасып жатады.
Адам жадының құпиясы - әлі ашылып 
болмаған ғажайып әлем. Ол туралы көне за-
маннан қазіргі ғылым мен техника дамыған 
кезең ғалымдарының пікірлері ұшан-теңіз. 
Мысалға, Августин Аврелий: «Жадыда сырт-
қы әлем сезімдері жалпылама және жекелеген 
қалыпта сақтаулы. Көзім денелердің форма-
ларын мен бояуларын, жарықты, құлағым 
әлемдегі алуан т‰рлі дыбыстарды, мұрыным 
иістерді, аузым дәмді, денем қатты мен жұм-
сақты, ыстық пен суықты, тегіс пен қатпарды, 
жеңіл мен ауырды таниды, қабылдайды. Осы-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет