Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012 117 ның бәрі жадыда өңделеді, ой салады, қажет
болса еске т‰сіріледі. Олар белгілі тәртіппен
сананың қалтарыстарында, қоймаларында сақ-
талады» - дейді [3, 51]. Адам санасында қор-
шаған әлем нысандары туралы ақпараттардың
ж‰йелі т‰рде сақталуы тілдің қатынас құралы
ретінде пайдалануын жеңілдетеді.
Номинативтік бірліктің туындауы адам
танымы, психологиялық ‰рдістері мен ұлттық
д‰ниені тану әрекеттерінің нәтижелі көрінісі
болғандықтан, кез келген метафоралану ар-
қылы жасалған атауға бейнелілік тән. Адам
қоршаған заттарнемесе құбылыстарды олар-
дың берер барлық мәліметтерімен қоса есте
сақтайды. Кез келген нысан, оның к‰нделік-
тегі өмірдегі орны, қасиеті, сипаты, қызметі,
ерекшелігі сияқты белгілермен адамдық бай
тәжірибенің бақылаушылық, бағалаушылық
‰рдістері негізінде жете танылып жадыда
сақталынады. Адамның қоршаған ортаны қа-
былдауында, заттарға, ұғымдарға т.б. нысан-
дарға атау беруде сол жадыдағы мәліметтерді
белгілі бір логикалық т‰сіндірмелерге негіз-
деп қайта жаңғыртып атаужасауда белсенді
сипат алуға әкеледі. Және де бұл тәсіл тіл
қолданушыларға (адресатқа) т‰сінікті де әсер-
лі болып қабылданады. Бұл атаулардың ішкі
мағыналық құрылымында ұқсатудан бейне
т‰зіледі. Метафора табиғатының құпия сыры-
на ‰ңілген ғалымдар оларды:
заттардың көзге көрінетін ұқсас белгі-
леріне;
заттардың қарама-қайшылықты м‰лде
алшақ белгілерінен ассоциациялы ұқсастық
белгілеріне байланысты туындайтынын атап
көрсетеді.
Зерттеулерде көрсетілгендей метафоралау-
да сыртқы пішін, әрт‰рлі қасиет, сыр-сипат,
қимыл, іс-әрекет, бейне т.б. ұқсастықтар та-
нылады және де жоғары ассоциациялы-бей-
нелі ойлауда ж‰ргізілетін іс-әрекеттер негізін-
де атаулар жасалынады.
Санадағы нысан туралы мәліметтердің көп
сатылықпен орналасуы туралы А.А.Залев-
ская: «Переплетение и пересечение разнооб-
разных связей и оценок хранится в памяти
одновременно вместе с набором стратегий
поиска единиц сочетаемости единиц в от-
дельных ярусах/подъярусах» - деп көрсетеді
[4, 164]. Сөз мағынасы берер аппараттардың
әрт‰рлі байланысы мен бағалануы олардың
жадыдағы орналасу сатылары белгілі тәртіп-
пен құрылғандықтан тез еске т‰сірілуге және
қолдануға жағдай жасайды. Белгілі бір зат
туралы сұрақ туса, біз оларды міндетті т‰рде
ойша т‰рін, т‰сін, қызметін елестету арқылы
жадымыздан іздестіреміз. Егер жадымызда
сол нысан туралы білім қоры болса, санада
оның қалыптасқан бейнесі де болады. Ассо-
циациялар адам тәжірибесі арқылы жинақ-
талған мәліметтердің өзара байланысынан
туындайды. Ассоциациялық өрісте таңбалар
беретін білім қоры, олардың бейнелері, се-
мантикалық және грамматикалық қатынас-
тары, бағалауыштық және де өзге де мағына-
лар жинақталады. Сондықтан да сөздің ассо-
циациялық өрісінде сол таңбаның беретін бар-
лық мәліметтері болады.
Сөз мағынасының осы тұрғыда қаралуы
оның психологиялық құрылымына бойлауды
талап етеді. Сонымен қатар, ассоциациялы
ойлау арқылы көне мағыналар жаңа ұғым-
дарға іргетас болып, екіншілік мағыналар
жасалады. Ассоциация сөздің ішкі мағына-
лық құрылымы мен оның денотациясы ара-
сындағы байланысты да сипаттайды. Екін-
шілік мағынаны жасау мақсатында ұқсас
нысандардың қасиеттері санада салысты-
рылады.
Метафоралы мағыналы сөздерге бейнелік
қасиеті тән. Сөздерді бейнелі қолданудың
генесологиялық, психологиялық, прагматика-
лық және тілдік алғышарты бейнелік заттар-
дың ұқсастығын байқап, тануда жатыр. Ұқсас-
тық қатынастар сөздің материалдық сыртқы
тұрпатынан оның басқа нысандармен ұқсас-
тығынан танылады. Ұқсастық - ассоциативті
ойлау ‰рдісінің жемісі. Сондықтан да, гнесо-
логиялық аспект психологиялық аспектімен
астасып жатыр. Психологиялық тұрғыда тіл-
дегі бар атаулар, сөздер жаңа т‰сініктер мен
ұғымдарға т‰рткі болады. Атаулар мен заттар-
дың бейнесінен жаңа ұғымдар, мағыналар
туындайды. Метафоралар ассоциациялы ойлау
ж‰йесінің жемісі болғандықтан, кейде тек
адам санасындағы жасалған образдардың ұқ-
састығынан да туындап жатады. Заттардың
белгілері қаншалықты әр алуан болған сияқ-
ты, олардың санадағы т‰зілер бейнесі де әр
қилы. Бейнеліліктің прагматикалық алғы-
шарттары айтушының тыңдаушыға жеткізер
ойының әсерлі, ұғынықты болуына байла-
нысты метафоралардың туындауына жағдай
жасады. Мысалы: Әдебиет идеологияның қол- жаулығына айналды. (Ана тілі, 1999) Қалай
десек те, экономика к‰ретамыры темір жол