Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет144/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   446
G. Imanalieva 
EMOTIONALLY EXPRESSIVE FUNCTION OF IMITATIVE WORDS 
Language is not only used to express thoughts, moreover for the expression of the subjective attitude of the speaker. 
This article focuses on the emotional and expressive function of imitative words; linguistic literature devoted to problems 
of emotionality and expressiveness in the Kazakh linguistics is analyzed. 
 
 
 
 
 
 
 
 


Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012 113 
С. М. Иманқұлова, 
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің доценті, ф.ғ.к. 
МОДАЛЬДІЛІК МАҒЫНАЛАРЫ НЫҢ БЕРІЛУІ
Модаль сөздерді өз еңбектерінде арқау еткен 
Е.И.Убрятова, Н.А.Баспанов, Н.Ж.Дмитриев, 
А.Н.Кононов, В.В.Виноградов, Г.А.Золотова, 
Т.П.Ломтев, 
А.В.Бондарко, 
Н.Е.Петров, 
В.Н.Бондаренко т.б. ғалымдар сөйлемде ай-
тылған ойдың мазмұнына, болған шындыққа 
айтушының көзқарасын білдіретін сөздер деп 
жеке қарастырады. Модальдік реңк одағай-
ларда да, қыстырма сөздерде де, сұраулық 
шылауларда да кездеседі. Бірақ бәрін модаль
сөз деуге болмайды. Сөйлем мазмұнының 
ақиқат шындыққа қатынасы жөніндегі сөй-
леушінің пікірін білдіретін арнаулы сөздерді 
модаль сөздер дейді.
Қазақ тіл білімінде модаль сөздерді зерт-
теу кешірек қолға алынды. Бар-жоғы шамалы 
ғана сөздерді жеке сөз табы ретінде қа-
рау-қарамау туралы әр т‰рлі пікірлер орын 
алғанымен, 2002 жылдан бастап «Қазақ грам-
матикасына» енгізіліп, көмекші сөз табы ре-
тінде қарастырылады.
С. Кеңесбаев қазақ тiлiндегі модаль сөз-
дердің, яғни сөйлем мазмұны жөнiндегi сөй-
леушi адамның пiкiрiн бiлдiретiн сөздердің
жеткiлiкті зерттелмегендігін айтса, [1; 63] 
1958 жылы Е.Жанпейісов «Қазіргі қазақ тілін-
дегі модаль сөздер» атты кандидаттық диссер-
тациясында модаль сөздердің тілдік табиғаты-
на толығырақ тоқталады. Қазақ тілінде мо-
дальдік мағынаны білдіруде қолданылатын 
тілдік құралдарға, етістіктің райларын, инто-
нация, қыстырма сөздер, модаль сөздер, кей-
бір демеулік шылауларды жатқызады. Сөйтіп 
оларды семантика-құрылымдық белгілеріне 
байланысты сөз табы деп тануға әдбен бола-
тынын дәлелдейді.
1968 жылы жарық көрген «Қазақ тіліндегі 
сөздер мен таптарының морфологиялық құры-
лысы» атты еңбегінде Т.Ерғалиев қазақ тілі 
сөздерін алдымен негізгі сөз таптары, көмекші 
сөздер, азат сөздер деп ‰лкен ‰ш топқа бөледі, 
ары қарай олардың бірнешеуінің басын қоса-
тын сөз таптары да пайда болады дейді. 
Т.Ерғалиев көмекші сөздерге шылауларды 
жатқызса, азат сөздер тобы ретінде модаль 
сөздер мен одағайларды атайды. 
С.Исаевтың еңбегінде алғаш рет модаль 
сөздер сөз табы ретінде көрсетіледі [2]. Кейін 
2002 жылғы «Қазақ грамматикасында»: «атау-
шы сөздерден басқа көмекші сөздердің бір 
т‰рі шылаулар және одағай сөздер мен модаль 
сөздер жеке сөз табы болып қаралады, өйткені 
олардың жеке лексикалық мағыналары бол-
маса да, өзі қатысты сөзге я сөйлемге қосым-
ша грамматикалық мән ‰стейді, немесе ойға 
қатысты мәндер қосатын сөздер» екенін ай-
тады [3, 440 б. ]. 
Қазақ тiлiндегi модаль сөздер туралы
А. Ысқақов: «Бұл сөздердiң шығу төpкiнi, өз 
алдына категория болып қалыптасу ерекше-
лiктерi мен жолдары, олардың қазiргi құpaмы 
мен құрылымы және басқа морфологиялық 
(‰стеу, одағай, шылау сөздермен), синтаксис-
тiк (қыстырма сөзбен, сөйлеммен, сөйлем 
м‰шесiмен) категорияға қaрым-қатынасы мен 
арақатынасы, олардан бөлiнетiн ерекшелiгi де-
ген сияқты соны жатқан мәселелердi арнайы 
тексерудi, тиістi шешімiн табуды қажет етедi» 
[4, 44], – деген ой айтады. 
Қазіргі қазақ тіл білімінде Н. Оралбай 2007 
жылғы «Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы» 
атты еңбегінде модаль сөздерді «аналитика-
лық форманттың құрамында модальдық кате-
горияның көрсеткіші болғандықтан, қосым-
шалар сияқты грамматикалық көрсеткіштер 
қатарында қалатынын, саны аздығынан» [5, 63 
б.] сөз таптарына қоспайды. Керісінше,
Б. Қасым модаль сөздерді «сөйлемге қосым- 
ша (модальдық) мән қосатындықтан» [6, 212 
б.] жеке сөз табы ретінде қарастырады.
А. Салқынбай 2007 жылғы «Қазіргі қазақ тілі» 
еңбегінде «тілімізде модаль сөздер бар, сон-
дықтан оны бір сөз табы ретінде санау қажет-
тілік» деп есептейді [7, 217 б.] де, «модаль 
сөздерді жеке сөз табы ретінде танытатын бас-
ты белгі – оның жалпы категориялық мағы-
насының болуы» деген уәж келтіреді. 
Қазақ тіліндегі модаль сөздерді арнайы 
зерттеген ғалым Е. Жампейісов олардың қа-
тарына төмендегідей сөздерді жатқызады: 
сияқты, сықылды, секілді, сыңайлы, сынды, 
тәрізді, іспетті, м‰мкін, ықтимал, шамасы,
тәрізі, әлпеті, м‰мкін, асылы, қисыны, аны-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет