Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет145/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   446
114 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
ғында, шынында, расында, рас, әрине, әлбет-
те, бәлкім, керек, қажет, тиіс, шығар, 
болар, -са(-се)керек, -у (-уға) керек, -уы (-уі) 
керек, -уы (-уі) тиіс,-у қажет, -ға, -ге ұқсайды 
және т.б.
Модаль сөздер семантикалық сипаты жа-
ғынан төмендегідей бөлінеді: 
1. Болжал мәнді модаль сөздер: сияқты, 
сықылды, тәрізді, секілді, м‰мкін, шамасы, 
тәрізді, тәрізі, бәлкім, шығар, болар т.б. 
2. Міндеттілік мағына беретін модаль 
сөздер: керек, қажет, тиіс, лазым сөздерінің 
қатысуымен жасалатын -у қажет, -у керек, - у 
лазым; -мақ керек, -маққа керек, -уға тиіс, -уы 
(-уі) тиіс. 
3. Біреудің сөзі не бір дерек негізінде 
айтылатын модаль сөздер: де, дейді, деп т.б. 
4. Қостау (растау) мағынасында қолданы-
латын модаль сөздер: әрине, әлбетте, рас, 
шынында, шындығында, анығында т.б. 
5. К‰мән (к‰дік) ұғымын білдіретін мо-
даль сөздер: -ар ма екен, -са неғылсын, кім 
біледі т.б. 
6. Тілек, қалау мәнді модаль сөздер: -са/-се 
екен, -са/-се деймін т.б. 
Қазақ тіліндегі болар, сықылды, секiлдi, 
сuяқты, тәрiздi т.б. сөздер бірде шылау, бірде 
бейтарап сөздер деп беріліп келгенімен, про-
фессор Т. Сайрамбаев мұндай сөздердi модаль 
сөздер деп берудi жөн санайды және модаль 
сөздердің шылауларға қарағанда төмендегідей 
өзгешеліктерін көрсетеді [8, 50 б.]. 
Бiрiншiден, шылаулар морфологиялық өз-
герicтерге ұшырамайды, ал модаль сөздер мор-
фологиялық өзгерiстерге ұшырайды.
Екiншiден, шылау сөздер белгiлі септiк 
жалғаулы сөздер apқылы қимылға қатысты 
ғана жұмсалса, ал модаль сөздер әрi есiм-
дермен, әрi eтicтіктермен тipкeстe қабыса 
және меңгерiле байланысады.
Т. Сайрамбаев оларды екі мағыналық топ-
қа (есімді және етістікті модаль сөздерге) 
ажыратып, есiмдi модаль сөздер тобына сияқ-
ты, сықылды, секiлдi, тақылеттi, рәуiштi, 
шамасы, тәрiздi, зады, pac, м‰мкін, бәлки, 
расында, шынында, керек, тuic, қaжет, әрине 
сөздерiн, ал етістіктi модаль сөздер тобына 
бiлем, көpiнeді, дейді, екен, болар, шығар сөз-
дерiн жатқызады. 
Модаль сөздердің сөз тiркесiне қатысы 
мен мағыналық тобын және синтаксистiк қыз-
метiн айқындау барысында, олардың синтак-
систік байланысқа т‰спейтінін, өздігінен сөй-
лем м‰шесі бола алмайтындығын, соған қара-
мастан олар әрбiр сөйлем м‰шесі болатын 
сөздермен белгiлi дәрежеде мағыналық бай-
ланысқа енетін жиi қолданылатын сөздер 
екендігін айтып, модаль сөздердің көбiне
сөйлем ортасы мен соңында келетінін мысал-
дармен нақтылайды.
"Модаль сөздер жеке қолданылмайды. 
Олардың басқа сөз таптарымен тipкecy қабi-
летi әрт‰рлi. Мысалы: сияқты сөзі барлық сөз 
таптарымен тipкece бередi, ал басқалары таң-
дап тiркеседi. Бұл сөздердiң басыңқы қызмет-
те жұмсалатын сөздерi де әрт‰рлi. Мысалы, 
модаль сөздер зат есiмдердiң iшiнде көпше 
атау тұлғалы формасымен көбiрек тipкece 
алады. Сонда бiз Асан сияқты бала, Алматы 
сияқты қала, n‰лiш тәрiздi мата, қазақ тә-
рiздi халық, атай сияқты шал, бала сuяқты, 
бала icпеттес сөйлейдi деп тiлiмiзде айта 
беремiз.
Модаль сөздер жiктеу, өздiк, сiлтеу және 
кім? не? деген сұрау есiмдiктерiмен де т‰й-
дектi тiркесте жұмсала бередi. Мысалы: мен 
сияқты бала, сол тәрiздi ел, осы icnеттес ic, 
сол тәрiздi oқиғa, кім сияқты сөйлейдi, не 
тәрiздi ойланады.» [8, 50 б.] - деп, к‰рделі сөз 
жасаудың бір тәсілі ретінде қолданады.
Профессор Т. Сайрамбаев «сияқты (тәрiз-
дi, сықылды, секiлдi) модаль сөздер қолда-
нылуы, лексикалық мағынасы жағынан бiр-
дей, яғни адамдарды немесе заттарды бiр-бiрi-
не теңестiру жағдайында қолданылады» деп 
төмендегі мысалдарды береді. Мысалы, Бiрақ 
бiр қapaғaнда көз жетер төңiрек бiртeгic құл-
пырған қызыл п‰лiш сияқты боп көрінедi
(Ә. Сәрсенбаев). Б‰гiн бұл сөздерде дaғдылы 
арман емес, жалын сезiм тәрiздi жарық сәуле 
eлесі бар (М. Әуезов). Менiң ойымша, жаңа-
ғылар да сол мөлдір бұлақ іспетті (Ө. Қана-
хин). Көктем к‰лсе, г‰лдердей құлпырасың. Тау 
өзенi секiлдi бұлқынасың («Қазақ әдебиеті»).
Осы сөйлемдердегi сияқты, секiлді, сы-
қылды, тәрізді, іспетті сөздерi бiр құбылыс-
ты екiншi құбылысқа теңеу, бiрiн екiншiciмен 
салыстыру, ұқсату мағынасында берiліп тұрса, 
кейде бұл сөздер сөйлеушінің сөйлем мазмұ-
нының ақиқат шындыққа қатынасы жөніндегі 
болжамын да білдіреді. Мысалы: Қазақтар-
дың көбі Еуропалық д‰ниелерден шаршаған 
сияқты. Бұл кеште өнер жұлдыздары ән ай-
татын тәрізді.
Айналада ‰немі болып отыратын әр алуан 
құбылыстар, өмірдегі сан-сала болмыс т‰р-
лері, белгілі бір заттың сын қимылы, іс-әре-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет