Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет189/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   446
148 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
болса, және жалғаулық шылауы өте белсенді 
қолданыста, ол сөз таптарының әр т‰рлі ма-
ғыналық топтарына енетін тілдік бірліктердің 
өзара байланыстарының барлығында дерлік 
орын алады. Мысалы: Көк т‰с — аспанның, 
ауа мен судың белгісі. Тудағы к‰н бейнесі — 
геральдика заңы бойынша — байлық пен бере-
кенің белгісі. Ұлттық өрнек — қазақ халқы-
ның мәдениетін, поэтикалық және көркем 
танымын, өнерін білдіреді (Е. Шаймерденұлы
Қазақ елінің рәміздері). Мемлекеттік тудың 
барлық белгілері бар жалаушалар да болады. 
Олар келіссөз ‰стелдеріне қойылады, ресми 
қонақтарды қарсы алу және шығарып салу 
кезінде машиналарға қадалады. 
Мен/бен/пен мен және жалғаулық шылау-
лары синтаксистік мәнмәтінге тікелей бағы-
нышты көмекші сөздер ретінде таныла оты-
рып, олар бірыңғай м‰шелердің мазмұнын-
дағы семантикалық ортақ белгілермен бірге 
айырмашылықтарды да аңғартады, яғни мен/ 
бен/пен жалғаулық шылаулары өздері байла- 
ныстыратын сөздерді топтастырып, өзара
жақындастырады, ал және жалғаулық шы-
лауы байланысқа т‰сіп тұрған ұғымдардың 
дербестігін сақтап, олардың даралануы қажет 
етілген жағдайда қолданылады, сонымен бірге 
оның ‰стіне, әрі, тағы сияқты бірліктердің де 
семантикасын өз бойында қамтиды.
Мен/бен/пен, және жалғаулық шылаулары
барлық функционалдық стильдерде қолданыс-
қа ие, алайда олардың сол стильдерде қол-
данылу жиілігінің көрсеткіштері бірдей бол-
мауы да заңдылық.
Мен/бен/пен жалғаулық шылаулары ва-
рианттарының квантитативтік көрсеткішінің 
жалғамалы тіл – қазақ тілінің ‰ндестігі құры- 
лымына сәйкес типологиялық белгілерге тәу-
елділігін анықтауына орай, мен/бен/пен мен 
және жалғаулық шылауларының функцио-
налды-семантикалық, функционалды-стилис-
тикалық ерекшеліктерін сипаттауына, аталмыш 
жалғаулықтардың қолданылуындағы ортоло-
гиялық сәйкестіктер мен сәйкессіздіктерді анық-
тауына байланысты көрсетіледі. 
Сонымен қатар, тіл білімінде варианттар-
ды зерттеп, оның мәнін т‰сіндіруде т‰рлі қы-
рынан зерттелуі де байқалады, себебі вариант-
тылық мәселесі көпқырлы. ХХ ғасырдың ор-
тасынан бастап қазіргі уақытқа дейін ол отан-
дық және шетелдік ғалымдардың т‰рлі тіл 
білімі салалары мен бірқатар аралас ғылым-
дардың зерттеу нысаны болып табылатынын 
да айтып кетуді қажет етеді. 
______________ 
1 Қазақ грамматикасы. Фонетика. Сөзжасам. Морфо-
логия. Синтаксис / Қазақстан Республикасы Білім және 
Ғылым министрлігі. А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі 
институты. – Астана, 2002. – 784 б. 
2 Джубанов А.Х. Квантитативная структура казах-
ского текста. – Алма-Ата: Наука, 1987. – 11 с.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет