Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет188/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   446
Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012 147 
тивті шындыққа айналдыруға көмектеседі не-
месе оның теріс екендігін дәлелдеп береді [2, 11].
Тіл білімінде статистиканы сәтті қолдану-
дың келесі шарты ғалымдардың статистика 
базасында шешілетін лингвистикалық міндет-
тердің типтерін аз-кем айқын т‰сінуі, статис-
тиканың тілдік құрылымның әр т‰рлі салала-
рындағы және нақты тілдік немесе сөйлеу ма-
териалынан зерттеу абстракциясының әр т‰рлі 
баспалдақтарындағы м‰мкіндіктерін ұғыну 
болып саналады. 
Мен/бен/пен, және жалғаулық шылаулары-
ның типологиялық құрылымын анықтайтын 
және осы функционалдық тілдік бірліктердің 
т‰рлі стильдік мәтіндерде қолданылу жағдай-
ларын көрсететін квантитативті өлшемдердің 
қажеттілігімен айқындалатынын бірнеше жағ-
дайларға байланысты негізделеді. Атап айтар 
болсақ: а) мәтіндегі мен/бен/пен vs. және жал-
ғаулық шылауларының таралу жиілігін кван-
титативті талдау арқылы; ә) әрбір варианттың 
мәтіндегі орын алу жиілігінің көрсеткіштері 
негізінде мен/бен/пен, және жалғаулық шы-
лауларының тілдегі жалпы қызмет сипатын
толықтыруға байланысты; б) мен/бен/пен, және 
жалғаулық шылауларының табиғатын сандық-
стилистикалық және функционалды-семанти-
калық тұрғыда талдау қажеттілігіне байла-
нысты; в) мен/бен/пен, және жалғаулық шы-
лауларының т‰рлі стилистикалық, сондай-ақ 
т‰рлі жанрлық сипаттағы мәтіндердегі қыз-
метін квантитативті талдау қажеттілігі. 
Осы аталған жайлардың барлығын анық-
тап, тілдік бірліктерді қазіргі квантитативті 
лингвистика тұрғысында сипаттауда маңызды 
деп санаймыз.
Мен/бен/пен жалғаулық шылаулары фоне-
тикалық варианттарының қолданылу аясы 
тілдің жалғамалы сипатымен, типологиялық 
(морфологиялық) құрылымының ерекшелігі-
мен сәйкестікте т‰сіндірілді. 
Квантитативті өлшемдердің көмегімен стиль-
дік тұрғыдан әр т‰рлі мәтіндерде кездесетін 
мен/бен/пен жалғаулық шылауларының вари-
анттары мен және жалғаулық шылауы жиілі-
гінің сандық көрсеткіштерінің нәтижесі өз 
алдына нақтылықты беретінін атап өткен жөн.
Фонетикалық варианттар болып табыла-
тын мен/бен/пен жалғаулық шылауларының 
барлық кезде бірізді тәртіппен (1-мен; 2-бен
3-пен) орналасуы олардың т‰рлі стильдер 
мәтіндерінде қолданылу жиілігінің сандық 
көрсеткіштерінен гөрі, дыбыстық ‰ндестікке 
негізделетіні анықталды. Жалғаулық шылау-
лардың бірізді осындай ретпен орналасуында 
да тағы тілдің морфология-типологиялық ерек-
шелігінің зор рөл атқарып тұрғанын көреміз. 
Яғни, қазақ лингвистерінің бұл жалғаулық шы-
лауларды осы тәртіппен орналастырулары қан-
дай-да бір заңдылықты саналы т‰рде ескер-
мей-ақ, тілдің ‰ндестікке құрылған табиғаты-
ның итермелеуінің нәтижесі болып отырғанын 
аңғарамыз. Өзге тілді тұтынушы лингвист бұл 
шылауларды әдеттегідей тәртіппен автоматты 
т‰рде орналастыра қоюы екіталай, қазақ тілі-
нің ‰ндестікке негізделген морфология-типо-
логиялық табиғатының осы шылаулардың ор-
наласуынан іздеу ойға келе бермесі анық.
Мен жалғаулық шылауының бен және пен 
жалғаулық шылауынан ‰немі бұрын тұруы-
ның себебі оның барлық стильдер мәтінде-
рінде таралу жиілігінің жоғары көрсеткішке 
ие болуы тұрғысынан дәлелденеді. 
Сандық талдау сапалық талдаумен ұштас-
тырылып, жалғаулық шылаулардың семанти-
касы мен қызметі зерттеуді, ыңғайластық жал-
ғаулықтар парадигмасына енетін аталмыш 
шылаулардың функционалды-семантикалық 
антиномиялары ашылуы; қазақ тілін өзге тіл 
ретінде меңгеру барысында осы жалғаулық 
шылаулардың өзара орын ауыстыру м‰м-
кіндіктері зерттеуге негіз болады; сандық тал-
дау көмегімен осы шылаулардың қолданы-
луына байланысты тілдік норма тұрғысын-
дағы ережелерді анықтауға талпыныс жаса-
лады; мен/бен/пен, және жалғаулық шылау-
ларының публицистикалық, көркем әдебиет, 
ғылыми стильдердегі квантитативті өлшем-
дерін талдау нәтижесінде шылаулардың са-
палық белгілері туралы жасалған тұжырымдар 
өз алдына жаңалық берері де сөзсіз. 
Сөйтіп, квантитативті линвистика әдісте-
рінің көмегімен алынған сандық көрсеткіш- 
тер мен/бен/пен фонетикалық варианттарының 
тілде пайда болуы және олардың әдеттегі 
бірізді тәртіппен орналасуы дыбыстық ‰ндес-
тік тән қазақ тілінің морфология-типология-
лық құрылымына сәйкес негізделеді деген 
тұжырым жасауға м‰мкіндік береді. 
Мен/бен/пен мен және жалғаулық шылау-
ларының сандық жиілік көрсеткіштеріндегі 
айырмашылықтары, сондай-ақ, олардың тіл-
дегі функционалды-семантикалық м‰мкіндік-
теріне де байланысты. Егер мен/бен/пен жал-
ғаулық шылаулары бір ғана мағыналық топқа 
енетін бірліктерді байланыстыруға қабілетті 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет