Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет187/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   446
146 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
Мен/бен/пен фонетикалық варианттарының 
дыбыстар ‰ндестігіне сәйкес пайда болғаны 
қазақ тіл білімінде аталып өткенімен, оның 
табиғаты терең танылған жоқ, әр варианттың 
өзіндік ‰ндесетін дыбыстары және шылаулар-
дағы бұл сингармонизмнің тілдің типология-
лық (морфологиялық) ерекшелігіне қатысы, 
соған орай туындайтыны сөз болған емес.
Бұл тұрғыда квантитативті лингвистика 
фонетикалық варианттың әр ‰ндесе алатын 
дыбыстарын ғана емес, сонымен бірге сол 
дыбыс ‰ндестігіне негізделген варианттың 
мәтінде таралу жиілігінің сандық көрсеткішін 
де анықтауға м‰мкіндік береді.
Дыбыстардың өзара ‰ндесуі барысындағы 
фонетикалық варианттардың сандық жиілік 
көрсеткіші тілдің типологиялық (морфология-
лық) құрылымының аталған жалғаулық шы-
лаулардағы көрінісін, ықпалын саралауда 
с‰йенетін дерек болып табылады.
Жалпы тіл білімінде тіл мен сөйлеуде көрі-
ніс табатын тілдік бірліктердің қызмет ету си-
патын анықтауда квантитативті және квалита-
тивті әдістер қолданылады. Квантитативті 
математикалық тіл білімінде шартты т‰рде 
алгебралық лингвистика деп аталатын бағыт 
айқындалған болатын. Квантитативті әдістер-
ді тіл білімінің кейбір бөлімдерін математика-
лық сипаттауда қолдануға болады.
Тіл көптеген өлшемдері бар көп деңгейлі 
к‰рделі ж‰йе болып табылады. Дәл осындай 
ж‰йеге ықтималдық теориясы, математикалық 
статистика, ақпарат теориясы және тағы бас-
қалары сөйлеуде жиі кездесетін белгілі шарт-
тармен байланысты кездейсоқ тіл құбылыс-
тарының статистикалық заңдылықтарын қа-
растыруға с‰йенеді. Егер ауызша және жазба 
тіл ағынындағы қандай да бір тілдік бірлік-
тердің пайда болуын кездейсоқ оқиғаға жат-
қызуға болатын болса, онда статистикалық 
зерттеуде мұндай жағдайлар ықтималдылығы 
болуы м‰мкін. Қазақ тіл білімінің дамуы сөз-
дердің тек фонетикалық, грамматикалық кате-
гориялары мен морфологиялық кластарын ес-
керіп қана қоймай, сондай-ақ тілдің барлық 
сөздік қорын әдеби аспектіде де, жалпы тілдік 
тұрғыдан да ескеруді болжайды. Бұл орайда 
отандық ғалымдардың М. Балақаев, Р. Сыз-
дық, Н. Уәлиев пен А. Алдашева, И. Ұйық-
баев, С. Бизақовтардың қазақ тіл мәдениеті
тілдік норма, әдеби тіл нормасының қалып-
тасуы мен дамуы, тілдегі варианттылыққа ар-
налған еңбектерінде қарастырылады. 
Әр т‰рлі стильдік бояудағы қазақ мәтінде-
рінде шылаулардың қолданылуын статисти-
калық есептеу Қазақ грамматикасында (1980) 
атап көрсетілген ережені бұзудың көптеген 
себептерін айқындауға м‰мкіндік береді [1].
Тіл қандай да ықтималды-статистикалық 
заңдарға бағына отырып, элементтері сөйлеу-
де қолданылуға болатын құрылым ретінде 
қарастырыла алады. Егер бұл осылай болса
онда статистикалық әдістемені қолданудың 
объективті қажеттілігі т‰сінікті болып шы-
ғады, өйткені дәл осы әдістеме әр т‰рлі ста-
тистикалық заңдар әрекетін аңғаруға арнайы 
бейімделген, тіл білімінің қолданатын дәс-
т‰рлі мойындалған әдістемелері тілдік бірлік-
тердің өзін-өзі сапалық сипаттау ‰шін қо-
лайлы, бірақ олар статистикалық табиғаты бар 
генетикалық және функционалдық заңды-
лықтарды айқындау және тану ‰шін м‰лдем 
тиімсіз. Сондықтан да лингвистер статистика-
лық әдістемелер мәселелеріне т‰рлі қырынан 
келуге айрықша назар аударады.
Бұл шарттардың негізі ретінде статистика-
ның тілдің квантитативті өлшемдер әдістеме-
сімен дәст‰рлі бірлігін айтуға болады. Бұл 
бірлік аса қажет, себебі, лингвист сөз, сөз 
табы, сөйлем м‰шелері, сөйлем т‰рлері және 
т.б. категориялардың статистикасын қолдана 
алады, яғни сандық интерпретация тікелей 
т‰рде сапалық талдаумен ұштасады. Статис-
тика өздігінен тілдің қарапайым бірліктерінің 
сапалық сипатын тануды қамтамасыз ете ал-
майды. Дегенмен, статистика тілдік бірліктер-
ді сапалық талдау нәтижесіне с‰йене отырып, 
ж‰зеге асырған олардың қолданылуы мен 
дамуының заңдылықтарын көрсетеді және 
жаңа зерттеу деңгейінде сапалық бағаға негіз 
болады. Бұл мәселеде қазақ тілі материалы 
бойынша статистикалық зерттеулер ж‰ргізген 
проф. А.Қ. Жұбановтың пікірі маңызды, ға-
лымның есептеуінше, тілдік құбылыстың жиі-
лігі – универсалды тілдік категория. Бұл жер-
де тіл зерттеу барысында тек математикалық, 
дәлірек айтсақ, статистикалық әдіс-тәсіл мен 
математикалық өрнекті қолдану туралы ғана 
сөз болып отырған жоқ, сонымен бірге сандық 
сипат белгілі бір тілдің ішкі табиғатына объек-
тивті т‰рде тән деп т‰сінген жөн. Шынында 
да, б‰гінгі таңда тіл құрылымындағы сапалық 
және сандық сипаттар іштей тығыз байла-
ныста болатыны к‰мән туғызбайды. Тілді ста-
тистикалық тәсілдермен зерттеу тілші-маман-
дардың субъективті тұжырымдарын не объек- 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет