Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет190/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   446
Медетбекова П. 
Квантитативные особенности союзов мен/бен/пен/және 
 
В статье рассматриваются типологическая структура и квантитативные особенности союзов «мен/бен/пен, 
және» и их роль в языкознании. 
Medetbekov P. 
Quantitative features of unions men / bеn / pen / zhane 
 
The typological structure and quantitative peculiarities of the unions «мен/бен/пен, және» and their role in linguistics 
are described in the article 
 
 
А.Т. Мұхамеджанова, 
М.Қозыбаев атындағы Солт‰стік Қазақстан мемлекеттік университеті 
 
І.ЕСЕНБЕРЛИННІҢ «ҒАШЫҚТАР» РОМАНЫНДАҒЫ МЕҢГЕРІЛЕ
БАЙЛАНЫСҚАН ЕСІМДІ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ 
 
Сөз тіркесіндегі сөздердің басын құрайтын 
және сөз тіркестерін жіктеуге критерий бола-
тын синтаксистік тірек – сөздердің байланысу
формалары [1;37]. Қазірде есімді және етіс-
тікті сөз тіркестері сол байланысу формала- 
рына қарай өзара бірнеше топқа бөлініп ж‰р. 
Есімді сөз тіркестері қабыса, матаса және 
меңгеріле байланысса, етістікті сөз тіркестері 
қабыса және меңгеріле байланысады.


Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012 149 
Меңгеру әдетте етістік сөздермен байла-
нысты қаралатыны белгілі, яғни етістіктің
семантикалық табиғаты белгілі бір септік 
жалғауындағы сөзді іздеп тұрады. Сондықтан 
есім сөздер септік жалғау формасындағы 
сөздерді бағындыру м‰мкіншілігіне ие болу 
‰шін сөйлемде етістіктің қызметін атқарып, 
баяндауыш функциясында жұмсалуы керек. 
Есім меңгеру негізінде құрылатын сөйлемдер-
дегі баяндауыштың қызметін көбінесе сын 
есімдер атқарады, зат есімдер бұл қызметте 
сирек жұмсалады, жұмсалған к‰нде де, көп-
шілігінде септік жалғауындағы есім сөздерді 
меңгере бермейді. Мұның өзі де сын есім-
дердің не басқа да сапалық, модальдық есім-
дердің зат есімнен гөрі етістік табиғатына 
жақындығынан болса керек. Меңгерiле байла-
нысқан сөз тiркестерiнiң ерекшелiгiн олардың 
құралу тұрғысынан қарап айырамыз. Олар ба-
рыс, шығыс, табыс, жатыс, көмектес жал-
ғауларының бiрiнде болады да, басыңқы сөз 
сол жалғаудағы сөздi керек ететiн етiстiк не 
есiм болады. Меңгерушi сөз жетектеушi де, 
меңгерiлушi оның жетегiне ерушi сөз болады.
Қарастырып отырған шығармада меңгерiле 
байланысқан есiмдi сөз тiркестерi онша көп 
кездеспейдi және барлық есiмдер бiрдей 
ондай сөз тiркесiнiң меңгерушi сыңары бола 
алмайды. Есiмдердiң iшiнде көбiнесе бас-
тауыштың к‰йiн, халiн бiлдiретiн сөздер
есiмдi сөз тiркесiнiң басыңқы сыңары болып 
жиi жұмсалады. Жалпы есім сөз таптарының 
басыңқылық қызметі жайында алғашқы мәлі-
метті берген ғалым профессор М.Балақаев: 
«Меңгеретін сөздер – етістіктер, есімдер (көбі-
несе сын есім, шылау сөздердің бірқатары; 
кейде есім мен етістік бірлесіп меңгереді», -
деп, меңгеріле байланысқан сөз тіркесінің 
басыңқы сыңары қызметінде жиі жұмсалатын 
сөз таптары есімді сөз таптары екенін айтқан 
болатын [2; 208].
Профессор Ә.Аблақов: «Меңгеру, негізін-
де, етістікке тән қасиет, сондықтан есімдер 
етістіктер сияқты септік жалғаулы сөздермен
еркін тіркесе бермейді», - деп, есімдерге қара-
ғанда етістіктердің тіркес құрау қабілеті мол 
екендігін дұрыс көрсетеді [3;5]. 
Шығармада меңгеріле байланысқан есімді 
тіркестер барыс, шығыс, жатыс, көмектес сеп-
тіктерінде жұмсалған. Олардың әрбіреуінің 
өзіндік қолданылу аясы мен жұмсалу ерек-
шелігі бар екенін байқадық. Олар негізінен 
төмендегідей жолдармен жұмсалған: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет