154 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 болып табылады»[4:536-541] дейтін пікірді
қолдайтын ғалым «сөйлемде де, оның негізін
құрайтын элемент – бастауыш пен баян-
дауыш. Осы екеуінің негізінде ғана оның мо-
дальділік қасиеті айқындалса керек. Сондық-
тан да, ең алдымен, сөйлемге тән қасиет ол –
предикативтілік» дейді.
Жалпы, сөйлемдерді салыстыра келіп пре-
дикативтіліктің қасиетін анықтау барысында:
«жалпы, сөйлем бір бас м‰шелі, екі бас
м‰шелі немесе м‰шеленбейтін сөйлемдерден
құралса, предикативтіліктің ең жоғары т‰рі екі
бас м‰шелі сөйлемдерде нақты, ал бір бас м‰-
шелі сөйлемдерде жартылай, ал м‰шеленбей-
тін сөйлемдерде болмайды да. Міне, бұған қа-
рағанда предикативтілік тек бастауыш пен
баяндауыш арасындағы таза грамматикалық
құбылыс» дейді [3:6]. Демек, сөйлемнің пре-
дикативті негізі осы тұрлаулы м‰шелер ар-
қылы ажыратылады. Ол жақ, шақ категория-
ларын предикативтіліктің қасиетіне, ал сөй-
лемнің бойындағы модальділіктің негізгі көр-
сеткіштері рай категориясы, модаль сөздер,
сол сияқты демеуліктер мен интонация екен-
дігін айтады. Сөйлем синтаксисін зерттеген
тарландардың бірі ф.ғ.д., профессоры Р.Әмір
өзінің «Жай сөйлем синтаксисі» атты еңбе-
гінде де бұған байланысты Баяндауыш м‰ше- ге балама ретінде жұмсалатын предикатив- тік констукциялар, Пысықтауыш м‰шелердің стильдік т‰рлері және олардың жұмсалуы атты тараушаларында осы мәселелерге баса
назар аударған болатын. Ол да «Қазақ тілінде
предикативтік іс-әрекетті бастауыш-баян-
дауыш құрамындағы тіркес арқылы білдіру
амалы бар. Бұл ‰шін қимылды сипаттайтын
етістік сөздер субстантивтік формаға келіп
бастауыштық позицияны алады да, баян-
дауыш болып бар, жоқ сөздері қатысады:
алғым бар, айтатыным бар [4:193].
Жай сөйлемнің өзі – хабарлаудың дербес
синтаксистік шақтар мен райларды білдіретін
арнайы грамматикалық тәсілдердің ж‰йесін
қамтып иеленген ең кіші құрылымдық ‰лгі
[6:543] десек болады. Тіпті, құрмалас сөйлем-
дердің өзі бірнеше құрылымдық ‰лгісі бар
предикативті единицалардан жасалуы м‰мкін.
Қазіргі орыс әдеби тілінің граммматикасында
бұл жөнінде «құрмалас сөйлем дегеніміз бел-
гілі бір құрылымдық ‰лгі бойынша құрасты-
рылған және хабарлардың біртұтас единицасы
ретінде қызмет атқару ‰шін жасалған преди-
кативті единицалардың тіркесі» [3:653]. Осы-
ған орай ғылымда екі немесе бірнеше преди-
кативті единицалардың синтаксистік единица-
лардың синтаксистік тіркесіне негізделген
құрмалас сөйлем полипредикативті (көп пре-
дикативті) құрылым ретінде қаралады да, ол
(құрмалас сөйлем) осы тұрғыдан монопреди- кативті (дара предикативті) құрылым ретінде
қаралатын жай сөйлемдерге қарама-қарсы
қойылады. Құрмалас сөйлем жай сөйлемнен
бір емес, бірнеше синтаксистік модальды-шақ-
тық мағынаға ие болуы жағынан ажыраты-
лады. Предикативтілік жай сөйлемнің грамма-
тикалық мағынасы болып саналса, ол б‰тіндей
құрмалас сөйлемнің емес, оны құрастырушы
компоненттердің сапасы болып саналады
[2:203]. Бұған қосарымыз қандай да болмасын
б‰тін тілдік құрылымды құрастырушы компо-
ненттер, бір жағынан б‰тіннің бір бөлшегі
ретінде қандай да бір дербестігін сақтап тұрса,
екінші жағынан, олар өзара қарым-қатынасқа
т‰су нәтижесінде өзі құрамына еніп тұрған
тілдік құрылымның бірлікте, тұтастықта бо-
луын қамтамасыз етеді. Құрмалас сөйлемдер-
дің өзі жөнінде тікелей айтсақ – синтез бен
анализдің жемісі. Әсіресе, құрмалас сөйлемге
қатысты оның компоненттері турасында ға-
лымдар әр т‰рлі талдау арқылы т‰сіндіреді.
Ғалымдардың бір тобы оны құрмалас сөйлем
құрамындағы жай сөйлем (Н.Сауранбаев,
Г.Абдрахманов, А.Нажимов т.б.) десе, екін-
шілері предикативтік бірліктерді біріктіретін
құрылым (Г.Ф.Калашникова, Г.Садырова т.б.),
‰шіншілері форманттық к‰рделі бөліктің құ-
рылыс материалы (Г.П.Уханов, М.В.Симулик,
О.Төлегенов) деп т‰сіндіреді. Біздің ойымыз-
ша да, талас тудырмайтын айқын мәселе құр-
маластағы компоненттердің к‰рделі бөліктің
құрылыс материалы екендігі, ал оның құры-
лыс материалы, сөз жоқ жай сөйлемдер. Жай
сөйлемнен кіші тілдік құрылыстың ешқайсысы
да құрмалас сөйлемге дербес компонент бола
алмайды. Алайда, құрмалас сыңарларын жеке-
жеке сөйлемдер ретінде емес, оны синтаксис-
тік мағынасы, коммуникативтік мақсаты – бәрі-
бәрі оны құрайтын элементтерге тікелей қа-
тысты. Коммуникативтік талаптардың синтаксис
ж‰йесін билейтін басты фактор екендігін про-
фессор Р.Әміров көрсеткен болатын [8:11].
Жалпы, «предикат» терминінің бастапқы
негізгі мағынасы баяндауыш екендігімен қоса
«сөйлемнің негізгі м‰шесі» деп, «баяндауыш-
сыз сөйлем болмайды» деп (атаулы сөйлем-
дерден басқа) қарасақ, баяндауыш предика-