Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012 161 тердің шақ категориясының құрамына да ен-
бейді. Егер қалыптасқан қағида бойынша шақ
категориясы "іс-қимыл‚ жай-к‰йдің орындалу
мезгілі мен сөйлеп тұрған уақыт арасындағы
қарым-қатынастарды білдіретін грамматика-
лық категория" дейтін болсақ‚ онда жоғары-
дағы мысалдарымыз кейде шақ қатарына ата-
лынуы керек‚ бірақ отыр‚ тұр‚ жатыр‚ ж‰р дегендердің мағынасында осы шақтың мағы-
насы бар. Проф. А.Ысқақов осындай отыр‚ тұр‚ жатыр‚ ж‰р етістіктерін -ып‚ -іп‚ -п; - а‚ -е‚ –й көсемшелі етістіктермен тіркесіп
келгенде нақ осы шаққа қосса‚ -ғалы‚ –гелі көсемшелі етістіктігін келер шаққа қосады
[5]. Грамматикалық категориялардың қата-
рына қосылған грамматикалық мағыналарды
дөп басып ажырату кейде қиын болатындығы
анық. Мысалы‚ етістіктің шартты райларын
шақпен байланыстыруға болады‚бірақ толық
белгілі бір шаққа телу м‰мкін болмайды.
Сондықтан кей ғалымдар шартты райда келер
шақ және өткен шақ мағынасын білдіреді‚
екінші бір ғалымдар олардың шақпен қатысы
жоқ‚ олар мәтінмен байланысты анықталады
дейді. –ғалы отыртипті аналитикалық фор-
маларды да бір мәтінге анықтау керек. Мы-
салы‚ амал-әрекеттің болып жатқанын білді-
ретін фазасын білдіретіндері төрт қалып етіс-
тігімен көсемшенің -ып‚ -іп‚ –п және -а‚ -е‚ –й формасынан жасалынған аналитикалық фор-
мамен байланыстырылады. Біз бұл төрт етіс-
тікке қосымша барады‚ келеді етістіктерін де
қосуға болады дейміз. Себебі олар осы шақ-
пен тікелей байланысты болады да амал-әре-
кеттің басталынғаны‚ қашан басталынған-
дығын білдірмейді; аяғын да білдірмейді. Тек
амал-әрекеттің басталғандығын‚ болып жат-
қандығын білдіреді. Бұл бір. Екіншіден‚олар
амал-әрекеттің созылыңқы болғандығын да
білдіреді.Мысалы: оқып отыр‚ оқып барады; сөйлеп жатыр‚ сөйлеп келеді. Осы созылың-
қылық мағыналық реңкті білдіріп тұрған
отыр‚ жатыр‚ тұр‚ ж‰р етістіктерінің тари-
хында олардың мағынасын т‰бірге беріп ық-
шамдалған (каплология заңы бойынша) -ур‚ – ‰р қосымшасының ‰лесіне тиеді. Ал‚ бар‚ кел
етістіктері де тек -ады‚ –еді қосымшасымен
байланысып барып фазалық етістік қатарына
қосылады. Егер -ур‚ –‰р қосымшасының да‚ -
ады‚ –еді қосымшаларының да осы шақ фор-
масы екендігін есепке алсақ онда олардың
сыбайластығын дәлелдеуге болады.
______________
1 Маманов И.Е. Вспомогательные глаголы в казах-
ском языке.
2 Оразов М. Қазақ тілінің семантикасы‚ 1991.
3 Оразов М. Көмекші сөздер‚ 1т. Ташкент 1997.
4 Оразов М. Етістік. Алматы‚ 2001ж.
5 Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Алматы‚ 1974.