Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет23/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   446
Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012 15 
А. Б. Салқынбай,
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы, Қазақстан 
Т. САЙРАМБАЕВ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ СИНТАКСИСІ
 
Қазақ ғылымының көсегесін көгертіп, ғы-
лым көкжиегін кеңейткен ХХ ғасыр екенінде 
дау болмаса керек. А. Байтұрсынұлы зерттеу-
лерінен бастау алатын қазақ тіл білімі осы 
кезеңде сала-салаға бөлініп зерттеле бастады. 
Қазақ тілін ана тілі ретінде терең білетін (тілді 
білмей-ақ, сыртынан тон пішіп зерттеушілер-
дің еңбегін де бағалап ж‰рміз ғой) ғалымдар 
шоғыры кемел тіліміздің грамматикалық құ-
рылымына терең бойлай, тіл ғылымының жан-
жақты өркендеуіне барынша өз ‰лестерін қо-
сып жатты. Қазақ тіл білімін зерттеушілердің 
осылайша буын-буыны өсіп жетілді. ХХ ғасыр 
– кеңестік кезең – қазақ тіл білімінің дамуын-
да маңызды рөл атқарды деп нық сеніммен 
айтуға болар еді. Бұл кезеңде, негізінен, тұл-
ғаның формалық сипатын негізге алатын құ-
рылымдық грамматика дамыды, лексиколо-
гияның барлық салалары бойынша іргелі ғы-
лыми зерттеулер жазылып, қазақ тілінің басты 
бағыттары мен тіл дамуының негізгі заңды-
лықтары анықталды, ж‰йеленді, қазақ тілінің 
өзіндік ерекшеліктері сараланды. 
Ғылымға 60-жылдары келген ‰лкен бір 
толқынның ішінде Шымкенттің Бәйдібек то-
пырағынан шыққан Талғат Сайрамбайұлы да 
бар еді. Т.Сайрамбаев қазақ тіліндегі сөз тір-
кесінің теориялық мәселелерін алғаш рет ай-
шықты т‰рде зерделеп, ұстазы М. Балақаев-
тың ғылыми жетекшілігімен кандидаттық және 
докторлық диссертациясын осы тақырып аясын-
да жазды. Сөйлеу тілінде белсенді әрі жиі 
жұмсалатын к‰рделі сөз тіркестерінің негізгі 
ерекшеліктерін анықтап, оның аясын кеңейте-
тін негізгі факторларды көрсету арқылы тіл 
дамуындағы синтаксистік жолдың маңызын 
көрсетті.
Өркениет пен мәдениеттің жетілуіне сәй-
кес тіл дамуының маңызды сипаты әрі негізгі 
белгісі аналитикалық жол екені жалпы тіл 
білімінде негізделген, дәлелденген көзқарас. 
Сөз тіркестері сөйлемдегі ойды айқындаудың, 
пікір білдірудің негізгі кірпіштері деп таны-
сақ, ойлау ж‰йесінің дамуына сай, олардың да 
тұлғалық және мағыналық тұрғыдан к‰рделе-
нуінің тіл дамуы ‰шін ғана емес, герменев- 
тика, психолингвистика, когнитивті тіл білімі
‰шін де маңыздылығы арта т‰спек. Ғалым 
зерттеп, дәлелдегендей, сөз тіркесінің аясы 
әрбір сөз табының к‰рделі т‰рлерінің, көмек-
ші етістіктің, көмекші есімнің, модаль сөздер-
дің, шылаулардың, нумеративті сөздердің, 
т‰рлі қосымшалар мен фразеологиялық тіз-
бектердің негізінде к‰рделе т‰сті. Сөйлеу тілі-
нің к‰рделенуі ойлау ж‰йесінің, айтылар пі-
кірдің к‰рделенуі деп т‰сінген абзал. Демек 
халық тілінің кемелдене т‰суі – сөз тіркестері-
нің к‰рделенуінен де анық аңғарылады.
Сөз тіркестерінің сөзбен, фразеологизмдер-
мен арақатынасын анықтаған Т.С. Сайрамбаев 
“Қазіргі қазақ тіліндегі к‰рделі сөз тіркестері” 
атты монографиялық зерттеуінде соңғы кезде 
(ХХ ғасырдың 80-жылдары) сөз тіркестері 
туралы еңбектерде оның зерттеу нысандары 
туралы теориялық таластың көбейе т‰скенін 
айта келіп, сөз бен к‰рделі сөз, сөз бен сөз 
тіркесі арасындағы арақатынасты ашып көр-
сетудің маңызы бар екенін тілге тиек етеді. 
Сөз жеке ұғымды ғана білдіретін болса, сөз 
тіркестерінің көлемі жағынан да, мағыналық 
ерекшеліктері жағынан да к‰рделірек қасиеті 
бар екені аталады. Автордың пайымдауынша, 
“сөз бен сөз тіркесінің бір-біріне ұқсастығы - 
олардың екеуі де бір сөйлемнің құрамында 
қолданылады, кейде сөйлемнің қызметін ат-
қара алады. Ал кейде сөйлеу процесінен бөліп 
алғанда екеуі де белгілі бір ұғымды білдір-
генімен, ол жайындағы көзқарасты, хабарды 
субъектінің ол ұғымға қатысын білдіре ал-
майды”. 
Т. Сайрамбаев к‰рделі сөздер мен сөз 
тіркесін ажырату ‰шін мынадай мәселелерге 
көңіл бөлу қажеттігін де анықтады: 
1) әрбір сөз табының к‰рделі т‰рі, оның 
жасалу жолдары; 
2) жалпы к‰рделі сөздер, олардың т‰р-
лері, бір-бірінен айырмашылығы; 
3) к‰рделі сөздердің сөз тіркестерінің жеке 
сыңарларынан және б‰тіндей жай сөз тіркесі-
нен айырмашылығы; 
4) олардың мағыналық ерекшелігі [1. 29].
Т‰ркі тіл білімі мен қазақ тіл біліміндегі 
айтылған ойларға шолу жасап, ондағы т‰йінді 
ойларға тоқтала отырып, ғалым к‰рделі сөз 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет