Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет25/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   446
Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012 17 
тақырып беріп, матаса және қабыса байла-
нысқан сөз тіркестерінің лексикалануы мәсе-
лесін ғылыми айналысқа шығарғанда, біз, ең 
алдымен, профессор Т. Сайрамбаевтың қол-
дауын сезіндік. Тілдік деректерді мол талдап, 
кең қорытатын ұстаз-ғалым, тілімізде жаса-
лып жатқан атаулардан мысалдар тауып, оның 
ғылыми негізділігін дәлелдеуде көп пікір 
қосып, кеңес бергенін әсте ұмытармыз ба, 
кейінгі аспиранттарымыз ұмытар ма?!
Жеке сөздер тәрізді сөз тіркестері де пре-
дикативтілік категория мен интонация арқылы 
коммуникативті қызмет атқарады (қатал қыс 
және қыс қатал, қыс қатал болды және т.б.). 
Сөз тіркестері жайылма сөйлемдерді құрауға 
жиі қолданылады. Сонымен, сөйлем арқылы 
коммуникативті қызмет атқару барысында, 
сөз тіркестері сөйлем м‰шесі ретінде таны-
лады. Сөйлем құрамындағы сөз тіркесі сөйлем 
т‰ріне, сөйлемнің басқа элементтерінің ықпа-
лымен немесе сөйлем мақсатына, болмаса 
интонациялық-мағыналық 
ерекшеліктеріне 
және т.б. жағдайларға байланысты т‰рлі өзге-
рістерге ұшырауы м‰мкін. Нәтижесінде сөй-
лем т‰ріне қарай тіркестердің жаңа құрылым-
дық типтері жасалады. 
Сөйлемнің құрамына енген сөздер мен сөз 
тіркестерінің құрылымдық өзгеру процестері 
саны көп және олар әрт‰рлі болады. Бұл 
мәселе де Т. Сайрамбаев еңбектерінде едәуір 
орын алып, өзіндік зерттеу нысаны болғаны 
белгілі. Ғалым зерттеулерінің бір ерекшелігі 
көп ғалымдар талдай қоймаған, аңғарылып, 
атала бермейтін тілдік деректерді ғылыми 
айналысқа шығарып, қалтарыста қалған кө-
мекші бірліктердің сөйлемдегі мағынасы мен 
мазмұндық мәнін ерекше атап көрсету дер 
едік. Мәселен, сөйлем м‰шесі ретінде тал- 
дана бермейтін көмекші сөздердің бағы
Т. Сайрамбаев зерттеулерінде жақсы ашы-
лады. Сөздер сөйлем м‰шесі болуы ‰шін бір 
сұраққа жауап беруі қажет деген т‰сінікке 
ғылыми нақтылық беруді ұсынған ғалым, 
көмекші сөздердің негізгі сөздерсіз қолданыла 
алмайтынын ескеріп, сөйлемде олардың грам-
матикалық сипаты көмекшілер арқылы көрі-
нетінін тілдік деректерді келтіре дәлелдейді. 
Сөйлем м‰шесі болуда сөздер бір-бірімен син-
таксистік қатынаста келеді, сондықтан оның 
грамматикалық мағынасы да осы қатынас 
негізінде анықталуы қажет деген тұжырым 
айтады.
Тілдің табиғаты тізбекті болса да, синтак-
систе сөз тіркестерінің негізгі және тәуелді 
компоненттері арасындағы байланыс тек 
т‰йісу орнымен немесе қатар келуімен ғана 
анықталмайды. Оны басқа да құралдар анық-
тай арқылы, мәселен: мағыналық байланыс, 
әрт‰рлі орын тәртібі, интонация және т.с.с. 
Сөйлемнің мағынасына, мақсатына, стиліне, 
эмоциялық реңіне қарай сөздер мен тіркес- 
тердің орын тәртібі әрт‰рлі болуы м‰мкін. 
Осы жағдаяттарды анықтай келе, профессор 
Т. Сайрамбаев сөйлем м‰шелерінің жасалуын-
дағы мынадай топтарды анықтайды: “негізгі 
сөз таптарының сөйлем м‰шесі болуы, негізгі 
сөздер мен көмекші сөздердің т‰йдектелуі 
арқылы сөйлем м‰шесі болуы, негізгі сөздер 
шартты райлы болып, етістікті тіркес арқылы 
сөйлем м‰шесі болуы, тұрақты тіркесті сөй-
лем м‰шелері, бір сөздің қайталануы арқылы 
сөйлем м‰шесі болуы, сөйлемнің де сөйлем 
м‰шесі болуы (кейін ғалым “Сөз-сөйлем” тео-
риясын жасап, ізденушісіне кандидаттық дис-
сертация қорғатты), қысқарған сөзді сөйлем 
м‰шелері, жеке дыбысты сөйлем м‰шелері” 
[1.278]. Бұл пікірмен де қосылуға тура келеді. 
Өйткені сөйлеуде жұмсалатын әрбір тілдік 
бірліктің сөйлем ж‰йесінде өзіндік мағынасы, 
мәні, ой мазмұнын бекітуде рөлі бар. Сөйлем-
нің бір“элементі болып табылатын сөз де, сөз 
бен көмекші сөздің тіркесі және тұрақты 
тіркестер де сөйлемге енгенде қалай да белгілі 
бір заңдылықтар негізінде ж‰зеге асады” [1. 
283].
Қазіргі әдеби тілде синтагмалық бөліктері 
бір-бірімен салаласа байланысатын көп м‰-
шелі сөз тіркестерінің м‰шеленуі де жиі кез-
деседі. Синтаксистік алмасулар бір сөз тір-
кесінің аумағынан алшақтамауы да м‰мкін, 
бірақ негізгі шарт орындалуы қажет, яғни сөз 
тіркесі көп м‰шелі (кем дегенде ‰ш м‰шесі 
бар) болуы тиіс. Сөз тіркестері бөліктерінің 
арасындағы қатынастар, мағыналық байла-
ныстар өзгергенде, жаңа модель (‰лгілер) 
пайда болады. Ондай ‰лгілер адъективті және 
субстантативті болуы м‰мкін. Бұл құбылыс-
тың негізінде тіліміздегі есімдердің мағына-
лық құрылымының кеңеюімен байланысты. 
Т. Сайрамбаев сөз тіркесінде – тіркесімділік, 
ал сөйлем м‰шелерінде – байланыс маңызды, 
сөз тіркесі сөйлем м‰шелеріне қарағанда қа-
лыптасуы жағынан кеш пайда болған деп 
есептейді [1.271].




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет