Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет246/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   242   243   244   245   246   247   248   249   ...   446
Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012 193 
мен жаңалықтардың бірсыпырасы қазақ тілін-
де біріккен сөздер арқылы да беріліп ж‰р 
(Біріккен сөз – екі не одан да көп сөз бірігіп
бір лексикалық мағына беріп, біртұтас сөз жа-
сауы). Алдымен айту керек, біріккен сөз ар-
қылы берілген балама сөздердің барлығы дұ-
рыс деп айтуға болмайды. Мысалы, сондай 
сөздің бірі – тікұшақ (вертолет), өйткені бұл 
сөзде, баспасөзде аталып өткендей, орысшада 
“вертеть” деген ұғым жоқ, анығырақ айтқан-
да, жалған этимология негізінде пайда болған 
біріккен сөз.
Сонымен қатар кейбір жерлерде самолет 
сөзін өзіұшар деп аударып ж‰р. Бұл да дұрыс 
баламаға жатпайды. Кейбір қазақша жаңа 
баламалар екі-‰ш т‰рлі болып, жарыса қолда-
нылып ж‰р. Мысалы, “дача” дегенді саяжай 
(сая+жай), жайлаужай (жайлау+жай); “гости-
ница” т‰рлі-т‰рлі аталуда: мейманхана, қонақ 
‰й, қонақхана т.б. Жарнама саласында сәтті 
қолданылып келе жатқан сан жағынан да, мән 
жағынан да елеулі біріккен сөздер баршылық. 
Мысалы: әуежай (аэропорт, “әуе” және “жай” 
сөздерінің тіркесуінен жасалған біріккен сөз), 
мерейтой, тілашар (разговорник, “тіл” және 
“ашар” сөздерінің бірігуінен жасалған. Бұл сөз 
бұрын да қолданыста болған), жанұя (семья, 
“жан” және “ұя” сөздерінің бірігуі арқылы жа-
салған), көшбасшы (лидер, “көш” және “бас-
таушы” сөздерінің бірігуі арқылы жасалған), 
елтаңба (герб, “ел” және “таңба” сөздерінің 
бірігуі арқылы пайда болған жаңа сөз). Міне, 
бұл сөздер өмірдің өзге салаларында пайда бо-
лып, жарнамада да қолданылатын болады. Бұл 
сөздердің барлығы да екі т‰бірдің бірігуі ар-
қылы жасалған жаңа сөздер. Т‰бірлерді бірік-
тіру - қазіргі кезде тілімізде жаңа сөз жасау-
дың өнімді тәсілдерінің бірі.
Айта кету керек, жарнама саласында көрі-
ніс берген жаңа сөздердің бәрі бірдей орынды 
қолданылады деп айтуға болмас, себебі қазақ 
тіліне бұрыннан енген, сіңіп кеткен кірме 
сөздерге ‰немі жаңа балама іздеу қате болса 
керек. Мысалы, самолет өзіұшар, газетті ‰н-
қағаз, телефонды ‰нсандық, телеграмманы ‰н-
парақ деп жасанды сөздермен білдіру тіл ‰шін 
де, тіл иелері ‰шін де оңтайлы емес деген тұ-
жырымға құлақ асқан жөн болса керек.
Қазіргі кезде қазақ тілінде кейбір жаңа сөз-
дер (жаңа сөз тіркестері) мағыналық аударма 
жолымен пайда болуда. Мысалы, қалың дәп-
тер (общая тетрадь, “жалпы дәптер” емес), қо-
салқы бөлшектер (запасные части), көтерме 
сауда (оптовая торговля), сөйлеу қосыны (пе-
реговорный пункт) – соның айғағы.
Жарнамада сөзбе-сөз аударма жолымен 
пайда болған сөздер (калька) де аз емес. Қа-
зақша баламалар ретінде орыс тілінен калька 
жолымен жасалған сөздер қатарында жаңа 
буын (новое поколение), жапсырма (наклейка), 
төлем (оплата), өркендеу (возрождение) т.б. 
атауға болады. 
Орыс тілінен калька жолымен алынып, 
құрамының бір бөлегі теле-, кино-, авто- 
сияқты бірнеше сөздер бар. Олар: теледидар 
(телевизор), телекөрермендер (телезритель), 
автожауапбергіш (автоответчик), автожуғыш 
(авто жуғыш) немесе автожуу (авто жуу) 
(автомойка) бұл сөз кейбір жарнамаларда 
бірге, кейбіреулерінде бөлек жазылып ж‰р. 
Мынадай сөздер жарнама саласында жиі қол-
данылуда: мысалы, бейнеплеер (видеоплеер), 
бейнетаспа (видеопленка), бейнемагнитафон 
(видео-магнитафон), бейнеқосағы (видеодвойка), 
бейнетеледидар (видеотелевизор) т.б. 
Жарнама саласында қысқарған сөздер де 
жиі кездеседі. Алдымен айту керек, кез-келген 
сөз қысқартыла бермейді, тек к‰рделі атаулар 
қысқарады (К‰рделі атауларды шартты т‰рде 
қысқарту арқылы жасалған сөздер қысқарған 
сөздер деп аталады).
Соңғы уақытта өмірдің өзге салалары сияқты, 
жарнама саласында да көптеген қысқарған 
сөздер пайда болды.
1. Қысқарған сөздердің көбі бірінші сөздің 
алғашқы буынын алу немесе сөзді т‰гел алу, 
екінші буынын алу арқылы жасалады, ұжым-
шар (ұжымдық шаруашылық - колхоз) т.б. 
2. К‰рделі атаудың бірінші сөзінің алғаш-
қы буыны және қалған сөздердің басқы ды-
бысы алынады: ҚазМУ - Қазақтың Мемлекет-
тік Университеті, ҚазМЭУ - Қазақтың Мем-
лекеттік Экономикалық Университеті.
3. К‰рделі атаудың әр сөзінің басқы ды-
бысы алынып қысқаруы (жазуда ол дыбыстар 
әріппен жазылады) Мысалы, ТЖҚ (теледидар-
дың жаңалықтар қызметі). Сонымен қатар 
газет, журналдырдың атаулары жарнамада да 
сілтеме т‰рінде көрсетілгенде қысқартылып 
беріледі. Мысалы: ЕҚ - Егемен Қазақстан га-
зеті; ЖА – Жас алаш газеті; АА – Алматы ақ-
шамы газеті т.б. 
Мәдениет, экономика, ғылым мен техника-
ның сан-алуан саласында көптеген кірме сөз-
дер пайда болды. Бұлар, әрине, аударылмай, 
бастапқы к‰йінде қолданылатын сөздер, олар-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   242   243   244   245   246   247   248   249   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет