244 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012
5. Залевская А.А. Психолингвистика и усвоение языка.
Жизнь языка и язык в жизни // Сборник статей посвя-
щенный юбилею Э.Д. Сулейменовой. - Алматы, 2005. - 478 с
Н. Ильясова
Лингвистический аспект речи
В статье рассматриваются лингвистические аспекты речи.
N. Ilyasova
Linguistic aspect of speech
The article deals with the linguistic aspects of speech.
Ж. Т. Исаева, А. Е. Тәттібаева
С.Ж.Асфендияров ат.ҚазҰМУ (Алматы қаласы)
КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ТІЛІНДЕГІ КЕЙБІР ЛЕКСИКАЛЫҚ
БІРЛІКТЕРДІҢ ҚОЛДАНЫЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Қай тілдің (әдеби тілдің, көркем шығар-
малар тілінің және халық тілінің) тоба қазығы
- жеке сөздер. Олар тілдің ең басты, ең негізгі
элементі. Тіл – сөзден құралады, сөз тілді
сөйлетеді. Сондықтан біз әңгімені жеке сөзден
(жеке-жеке сөздерді талдау барысында туған
ой-пікірден) бастаймыз. Ең әуелі көркем әде-
биет тілінде жеке сөздер мен олардың құрамы
мен т‰рлері (т‰бір сөз, туынды сөз, біріккен
сөз, қос сөз, сөз тіркесі, сөз орамы, яғни,
к‰рделі сөз тіркесі) қалай пайда болады деген
мәселеге баса назар аударамыз.
Көркем әдебиет тілінің лексикалық бай-
лығын көркейтудің басты көзі – халық тілі
болса, көзін тауып қолдана білген авторға
ондағы қордың құнарлы нәрі аз емес. Епсекті
жазушы әр сөзді құбылтып, әрқалай т‰рлен-
діріп те келтіре береді. Соларды есепке алып
отыру – әдеби тілді өркендетудің ең бір көр-
некті жолы, ‰йткені ол, ең алдымен, осы көр-
кем әдебиет тілінен сусындайды. Е.Н.Жан-
пейісовтің сөзімен айтқанда, «Әдеби тілімізді
байытатын ең негізгі фактор – көркем шы-
ғарма тілі» [1, 29]. Әдеби тіл, әрине, халық
тілінің байлық көні тікелей ашып та пайда-
лана алады (әсіресе, кәсіби сөздер, тарихи
сөздер т.б.), бірақ осылардың барлығын ой
елегінен өткізіп, зерттеу тезіне т‰сіріп, ж‰йелі
т‰рде т‰бегейлі мақсатпен сараптап отырға-
нымыз артық болмайды.
Көркем әдебиет тілі халықтың қарапайым
сөйлеу тілінің негізінде жасалып, көркем әде-
биет тілінен нәр алып отырады екен. Ол орайына
қарай әдетте ауызекі тілдің элементтерінен де
(әсіресе, мысалы, кәсіби сөздерді, әдеби тілде
өзіндік баламасы жоқ басқа т‰рлі сөздер мен
сөз орамдарын) іске асырып, пайдаланып оты-
рудан бас тарта қоймайды. Сонымен қатар ол
көркем әдебиет тілінде т‰зіліп, барынша шын-
далып, творчестволық ақыл-ой, талабының
елегінен өтіп, с‰зіліп шыққан сөздерді де өз
нормаларына бағындырып алып, толысып,
байып, құнарланып құныққан, әрдайым да-
мып, өсіп-өркендеп отыру процесі осыны көз-
дейді.
Осы к‰нгі әдеби тілімізде, сонымен қатар
көркем әдебиет тілінде де қолданылып ж‰рген
кірме сөздер, соның ішінде араб-парсы сөз-
дерді саналуан, олар иініне қарай арнайы әң-
гіме болып та ж‰р. Мысалы, Р.Ғ.Сыздықова-
ның еңбектерінде мұндай сөздер өз алдына
бөлініп, жеке қарастырылады. Осы автордың
сөзіне қарағанда, XIX ғасырдың өзінде «ауыз-
екі сөйлеу тілінде жиірек қолданылып, қазақ
тілінің дыбыс заңдарына икемделген сөздерді
сол қалыптасқан т‰рлерінде беру» әдеті ор-
ныға бастаған. Сонымен қатар әдеби тілдің
нормалану процесіне қатысы бар құбылыстар-
дың ішінде жергілікті диалектілік ерекшелік-
тердің өзіндік едәуір ‰лесі болған.
«Көркем әдебиет тілінің де, - деп жазады
Ербол Несіпбайұлы Жанпейісов, сондай ақ
әдеби тілдің де негізгі материалы – халық тілі,
халық тілі байлығының барлық қат-қабаты»,
сонымен бірге «әдеби тілімізді байытатын ең
негізгі фактор – көркем шығарма тіл», - деп
зерттеуші ғалым өз пікірін т‰йіп айтады [2,
68].
Әдеби тілімізде әлі қалыптасып ‰лгерме-
ген, оның нормалық талаптілектеріне жауап
бере алмайтын, бірақ ауызекі тілдің әсеріне
байланысты қолданылу аясын өрістетіп, көр-
|