Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012 241 заттармен салыстыра, теңестіре, шендестіре
т.б. айтса, сөйлеу барысында тіл көркем бол-
мақ. Осы орайда, тіл мен сөйлеудің де арақа-
тынасын айта кету орынды. Т. Қордабаев:
«Тіл мен сөйлеу бір-бірімен айырылмастық
бірлікте болатындарына қарамастан бұл екеуі-
нің бірлігі тепе-теңдік бірлік емес, әрқайсы-
сының өзіндік ерекшеліктері бар диалектика-
лық бірлік. Тіл дегеннен оның құрамына ене-
тін дыбыстарды, сөздерді, грамматикалық
формалар мен ‰лгілерді т‰сінеміз. Тіл дегені-
міз – сөйлеуге қажетті материалдардың жиын-
тығы. Ф.де Соссюрше айтқанда, қоймасы. Ал
сөйлеу – сол жансыз материалдардың өзара
қарым-қатынасқа келуі, тілдің қимыл ‰стін-
дегі к‰йі. Тілдің жаны, тіршілігі – сөйлеуде.
Сөйлеу процесінде тілдік материалдар жан-
данып, өз бойындағы мағыналық м‰мкіндік-
терін жан-жақты көрсете алады. Бірақ сол
м‰мкіндікті әркім өз шама-шарқынша пайда-
ланады: біреулер оның ішіндегі асылдарын
іріктеп алып, оларды өз мақсаттарына лайық-
ты тиісті орындарына қоя білсе, енді біреу-
лерде ондай шеберлік, дарындылық болмай-
ды. Осыдан келеді де тіл шұбарлығы, тіл
мәдениетсіздігі пайда болады, қоғамдық си-
патты тіл жеке адамдардың сөйлеу процесінде
даралық сипатқа ие болады. Тіл мен сөйлеудің
бір-бірінен өзгешелігі осында. Тілге жақсы,
жаман, мәдениетті, мәдениетсіз деген сын
ж‰рмейді. Осы себептен «тіл мәдениеті» деу-
ден гөрі «сөйлеу мәдениеті» деу мазмұнға сай
келеді. Бұл айтылғандардан тіл мен сөйлеу
арасындағы бірлік пен өзгешелікті кеңірек, те-
реңірек зерттей т‰су қажеттігі байқалады», -
дейді. [2, 118-119] Ғалым атап көрсеткендей,
тіл – қоғамдық сипаттағы құбылыс, сөйлеу
жеке адамдарға тән даралық сипаттағы құбы-
лыс. Тіл – д‰ниедегі заттар мен құбылыстар-
дың мазмұны мен формасын қарастырып, тал-
дау жасауға м‰мкіндік береді. Дыбыстардың,
сөздердің, сөйлемдердің таңбалық белгісін,
байланысу жолдарын айқындап, белгілі бір
халықтың дыбыстық ж‰йесін, сөздік қорын,
өзіндік ерекшелігін саралайтын қоғамдық құ-
былыс.
Сөйлеу адам әрекетінің құрамдас бөлігі
болғандықтан, адамның физиологиясымен,
психологиямен, ойлау процесімен байланы-
сады. Нәтижесінде адамдардың танымдық қа-
білетін, тұлғалық мәдениетін, этностық бол-
мысын, ұлттық психологиясын, өмірлік дағ-
дысын, ішкі толғанысын, көңіл-к‰йін, жан-
д‰ниесін дәйектейтін антропоөзекті категория
ретінде ерекшеленеді. Сөйлеу тілдің мате-
риалдық элементтері, яғни тіл дыбыстары,
сөз, сөйлем арқылы орындалады. Оларды айту
мен қабылдау процесі адамдардың физиоло-
гиялық қасиеті, яғни сөйлеу м‰шелері мен
есту м‰шелері негізінде ж‰зеге асады. Сөйлеу
м‰шелері мен есту м‰шесі қоршаған д‰ние-
дегі құбылыстардың тікелей әсерінен болатын
т‰йсіктер мен елестердің қызметі арқылы сөй-
леу аппартының іске қосылуына арқау бо-
лады. Нәтижесінде адамдардың сөйлеуге қабі-
летті екенін білдіретін сигналдар ж‰йесі ми
қабығына барып, сөйлеу органдарының әр
т‰рлі қалыпта жұмсалуына м‰мкіндік береді.
Әрбір дыбысты, сөзді, сөйлемді мәніне, мағы-
насына қарай өзінің сазымен айта алуға жағ-
дай туғызады.
Адамдардың сөйлеу әрекеті мен жан-қуат-
тарының (психикалық құбылыстар) арасын-
дағы байланыстар сөйлеу процесі мен оны қа-
былдау процесінің арасындағы тілдік қарым-
қатынасты анықтайды. «Тілдік қатынас сөй-
леу тілі арқылы ұғынысу, т‰сінісу дегенді біл-
діре келіп, адамның екінші біреуге жеткізейін
деген ойын жарыққа шығаруды көздейтін;
қоғамның дамуы ‰шін ең қажетті қоғамдық-
әлеуметтік ақпараттардың жиынтығы арқылы
адамдардың бір-бірімен пікір алысуы, адамдар
қатынасының т‰пқазығы дегенді білдіреді»-
деген Ф.Оразбаеваның тұжырымы негізінде
сөйлеудің мәні адамдардың бір-бірінің ұғы-
нысуы, т‰сінісуі деп қорытуға болады. [3, 229-
230]. Адамдар бірін-бірі ұғу, т‰сіну ‰шін өзара
пікіралысуы қажет екені белгілі. Пікір алысу
айтылған сөзді қабылдау, оның мағынасын
т‰сіну процесі арқылы ж‰зеге асады. Сөзді қа-
былдау, оның мағынасын т‰сіну – психоло-
гиялық факт. Оған заттың адам санасында
сақталған атауы арқау болады. Атаулардың
санада сақталуы заттар мен құбылыстарды
т‰сіну, қабылдау, елестету, сезіну сияқты
амал-операциялардан тұратын психологиялық
құбылыстар негізінде ж‰зеге асып, тіл мен
танымның байланысын көрсетеді. Нәтижесін-
де тілдегі әрбір сөзді жинақтауға, нақтылауға,
абстракциялауға ж‰йелеуге болады. Мәселен,
қазақтар мал жейтін шөпті ащы, тұщы, құр-
ғақ, сулы деп бірнеше топқа бөліп, ащы шөп-
терге көкпек, изен, жусан т.б. тәрізді сөздерді
жатқызса; тұщы шөптерге қияқ, боз т.б.
сияқты сөздерді жатқызып, оларды қандай
малдың қорек ететініне қарай топтастыра біл-