Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012 245 кем әдебиет тілінде кездесе беретін сөздер аз
емес. Мысалы, осы сөз болып отырған тілде
«әдеби тілге сайыса бермейтін диалектілік
ерекшеліктер, тұрпайы сөздер, жаргондар,
ауызекі тілдің элементтері қолданылуы м‰м-
кін», - деп ескертеді Сейілбек Мұхамежарұлы
Исаев. «Әрине, олар көркем шығармада өзін-
ше өңделіп, т‰рленіп, орнын тауып, белгілі
мақсатпен жұмсалады»[3, 95].
Халық тілінің байлығы – ұшан-теңіз. Оның
барлығын біліп, меңгеріп алу, әнгіменің шы-
нын айтқанда, ешбір адамның қолынан келе
бермейді. Әр халықтың, қандай болса да, жеке
бір өкілі (со халықтың ұлы) өз тілінің сөздік
қоры мен сөздік құрамын ешуақытта жете
біліп, т‰гел меңгеріп кетк алмайды. Әр тілдің
лексикалық байлығы – бойлай алмайтын
телегей теңіз. Ол теңізге еркін ж‰зуге болады,
бірақ оны шет-пұшпақтан қана, айнала ж‰ріп,
аз-аздап бйлап меңгеру керке болады, т‰бе-
гейлі, т‰гелдей билеп алу м‰мкін емес.
Бұл айтылып отырған пікір мен болжам-
дардың, тоқтам мен тұжырымдардың өміршең
екендігін төменде біз келтіретің мысалдар да
белгілі бір дәрежеде дәлелдей алады.
Кірме сөздер, дәлірек айтқанда, араб-пар-
сы сөздері т‰ркі тілдерінің сөздік құрамына
ертеден бастап ене бастаған. Олар XI ғасырда
жазылған «Құтадғу біліктің» тілінен де, сол
кезенде д‰ниеге келген Қожа Ахмед Йассауи-
дің шығармаларынаң да, XII ғасырда туып,
тараған Ахмед Й‰гінекидің еңбегінен де, т.б.
тарихи туындылардың тілінен де табылады.
Тек қана Махмуд Қашқаридың сөздігінде олар
ұшырмайды, өйткені автор өз шығармасының
тілі қалың қауым-көпшілік оқушыға барынша
т‰сінікті болуы ‰шін бөгде сөздерді әдейі
есепке алмаған. Автор өзі солай деп жазады,
«мен, бірақ, оқушылардың пайдалану мәсе-
лесінен көздедім. Мен к‰нделікті қолдануда
ж‰рген сөздерді бердім, қолданудан шығып
қалған сөздерді алмадым», - деп жазады.
Кірме сөздер әр тілге, көбінесе, ауызекі
сөйлеу тілі арқылы енеді. Жазба тіл, кітаби тіл
арқылы келуі де ғажап емес. Ел аралап, халық
тілінің материалдарын тірнектеп теріп, қада-
ғалап жинап, сұрыптап алғанда. М.Қашқари
кірме сөздерді көре көзге екерусіз қалдырып
отырған. Ондай қор – жұтаң емес, с‰белі де
с‰йкімді. Көп сөздер қолтума туындылар
сияқты сіңісіп кетті. Жоғарыда айтылып өт-
кендей, әдеби тілге де, көркем әдебиет тәләне
де барынша бойлап, ен жайлап келеді.
Кірме сөздер халық тілінің сан-саналы,
қат-қабат өмірін т‰гелдей қамтиды десек те
болады. Олар жұмсалмайтын сала – шамалы-
ақ, кездеспейтін аясы – өте тар. Кірме сөздер-
дің семантикалық өрісі – кең, стильдік м‰м-
кіншіліктері – мол, икемділік қасиеттері – же-
терлік. Олар тілге сыналап кіріп, сынаптай
сырғиды, көзін тауып, иінін келтіріп, тастай
батады, судай сеңеді. Сондықтан да олар тіл-
ден тілге көшіп ж‰реді, әр тілдің сөздік қоры-
нан өзіне ғана тән орнын («нишасын») таба
біледі. Сонысымен қажет те, қастерлі де. Се-
мантикалық мағынасына қарай ең көп тараған
сөздер, бұл адам өмірінің рухани тұрмысың
білдіретін, көбінесе абстракциялық ұғым бере-
тін лексемалар болып келеді. Енді біз солар-
дың бағзы бір т‰рлерін мысалға келтірелік.
Барақат. Д.Досжан шығармаларында бы-
лай қолданылады: «Бұрын ойлайтын: «қиян
т‰кпірдегі қыстаудан аттап шықпай, Қызыл-
құмнан өзге д‰ниені білмеі – көрмей бұл
жарық д‰ниеден өтетін шығармын», - деп,
«Құм адамды болудан артық барақат жоқ» деп
[4, 28]. Н.Д. Оңдасыновтың зерттеулері
бойынша, бұл араб тіліндегі барақатун деген
сөз. Мағынасы – «раққатың, көктің жарыл-
қауы, сый тартуы» (ауыспалы мағынасы –
«к‰т», молшылық, бақыт)». Қазіргі қазақ ті-
лінде береке, берекет, берекетсіз, мереке,
мерекесіз, берекесіздену, берекесізденіп, бере-
кесіздік, берекелесу, мерекелеу, береке – құт,
берекелі, мерекелі, берекелік, мерекелік, бере-
келілік, берекелірек деп айтыла береді. 40
мыңнан астам сөзді қамтитын «Қазақ тілінің
орфографиялық сөздігінде» (1978) осы сөздің
береке мен мереке деген тұлғалары бар да,
барақат формасы жоқ. Бұл форма орысша
«благословение, благодать, небесный дар»
деген мағына береді». Аталып отырған сөздің
лексикалық және семантикалық мән – мағы-
насы о бастан-ақ беретін өзінің ұғымына сай
келеді: «Аяпбердінің кейінгі кезде әсіте то-
зып, ж‰деп, ж‰йкелеп ж‰ргенінің кінәсі осы-
нау қиын бейнет, құм жыланы, бір емес, екі
емес,айлап, жылдап қайталап келе беретін
барақатсыз, бейқұт тірлік мапары екеніне осы
мезет анық көз жеткізді».
Уақап. «Ал, сау болындар!...Ал, малға
уақап болындар!...» деп, соңында көзі боталап
қалып бара жатқан Зейнелді құшып, с‰юді де
білмей, зоотехниктің жаман газигіне с‰ңгіп,
секілдеп кете барыпты. Жоғарыда көрсетілген
«Арабша – қазақша т‰сіндірме сөздіктің»