Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет307/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   303   304   305   306   307   308   309   310   ...   446
246 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
материалдары бойынша уақап сөзі араб тілін-
дегі уақифун сөзімен ұялас екен. Ол «бақы-
лаушы, қараушы» деген мағына береді. Қа-
зіргі араб тілінде бұл сөз «ограждение, пред-
охранение, охрана, защита» деген ұғым бе-
реді. Ол Д.Досжан келтіріп отырған сөздің 
мән-жайына сәйкес қолданады: «Директордың 
жан тері шығып, с‰ймектеп, сыртқа құр қау-
қары шықты. ‡нін жұтып, қырылдап қалып-
ты. Көзі қанталап, Аяпберкенге төнеді. «Сен 
ана малына уақап бол!» - дейді естілер-естіл-
мес қылып сыбырлап-қырылдап». 
Пәс. Әңгіме болып отырған шығармалар-
дың тілінде жиі кездеседі, уақыт, мезгіл, мо-
мент мағыналарын береді: «Жас келіншекті 
орта жолда опат етіп алмасақ жарар еді-ау 
деген санасында екіұдай ‰рей мен қауіп алма- 
кезек; алдына өңгеріп, әлдилеп алған келін- 
шектің жанары пәс сайын шөлмектей ағарып, 
алыс сағымдарға ұмтылған ұстамалы ауруы 
бар бақсыдай әлденені көмей астынан әлсіз-
деу к‰бірлеп, құшағынан сусып кете беретін 
секілді». Өзбек тіліндей жиі қолданылады: 
пас-бир пас (разговорное – один момент, миг, 
мгновние). Бұл сөз парсы тілінен ауысқан 
болу керек, онда ол уақыт , мезгіл мағынасын 
беруін бергенімен, дәл қазіргі қазақ тіліндегі-
дей емес: пәс (после, потом, итак, следова-
тельно). Әрине, бір тіл мен екінші тілдің ара-
сында ауыс-т‰йіс араласып ж‰рген сөздердің
мағынасы барынша тұрақты болып қалуы 
міндетті емес. Олар әр халықтың талап-тіле-
гіне, қолдану орайына, жұмсалу иініне қарай 
азды-көпті жаңа мағына алып, өзіндік ұғым
ньюанстарын өзгертіп отырады. Ауысып кел-
ген сөз ендігі жерде туған тілінің лексемасы 
ғана емес, келген (кірген) тілдің белді бір эле-
менті болып қызмет атқаруға тиісті, сонда 
барып ол сіңісіп кете алды. 
Қазіргі қазақ тілінде осы іпеттес тағы бір 
сөзі бар: «пәс (п. пәст) – нас, аласа, төмен, па-
сық, жаман, кем, арамза (низкий, невысокий, 
малый, плохой, пошлый, подлый, грязный)». 
Бұл да – парсы тілінің пәст (низкий, подлый, 
презренный) деген сөзімен өзектес. Парсы 
тіліндегі пәстке қарағанда қазақ тіліндегі пәс 
сөзінің семантикалық өрісі кеңейген тәрізді 
(парсы тілінде жоғарыда көрсетілген «нас, 
аласа, төмен, невысокий, малый» деген сияқ-
ты мағыналар сезілмейді). 
Кірме сөздердің әдеби тілге еңуге барын-
ша бейім тұратын бір себебі – олардың әдеби 
тілде тиісті баламалары бола бермейтінінде. 
Егер де әдеби тілде олардың баламалары бар 
бола қалса, олар халық тіліне еңбеген де болар 
еді, өйткені халық тілі сол баламаларды әдеби 
тілдең алып пайдалана берер еді. Халық тілін-
де де, әдеби тілде де қажетті кірме сөздердің 
орны «қаңсып бос тұрғандықтан», олар сол 
орынды толтыру ‰шін ауысып келеді.
______________ 
1. Сыздықова Р. Қазақ әдеби тілдің тарихы (XV – XIX 
ғасырлар). Алматы, 1993.
2. Жанпейісов Е. Қазақ прозасының тілі (Октябрь 
алды және 20 – 30 жылдар) Алматы, 1968.
3. Досжанов Д. Жолбарыстың с‰рлеуі. Повестер. Ал-
маты, 1984.
4. Ондасынов Н. Д. Арабша-қазақша т‰сіндірме сөз-
дік. Алматы, 1984. 1-том.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   303   304   305   306   307   308   309   310   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет