Мен оқушымын Мен отырмын Сен оқушысың Сен отырсың Сіз оқушысыз Сіз отырсыз Ол оқушы
Ол отыр
Септік жалғауларын отыр, ж‰р, жатыр, тұр етістіктерін өткен соң бастаймыз. Сөй-
лемге басқа сөздер, көбінесе етістік баян-
дауышпен кіретінін орыс тілді аудиторияда
т‰сіндіреміз (салыстырмалы т‰рде). Ал шетел-
дік аудиторияда модельмен береміз. Бұл төрт
қалып етістігі де “қайда?” сұрағын қажет
етеді. Яғни, бұл етістікпен кірген сөздің сөй-
лемге ену моделі:
... +да отыр (жатыр, тұр, ж‰р және
жіктік жалғау)
Сен қайда отырсың? Мен ‰йде отырмын. Ол қайда ж‰р? Ол қалада ж‰р. Кітап қайда жатыр? Кітап ‰стелде жатыр. Септіктердің келесі бір т‰рін де осылай
етістіктермен байланыстыра өтеміз. Мысалы:
«бар, кел» етістіктерін барыс септігімен, «оқы,
жаз, тыңда» етістіктерін табыс септігімен бір-
ге модельмен ‰йретуге болады.
Сонда белгілі бір тақырыпты өткенде, ал- дымен тақырыпқа қатысты жаңа сөздерді т‰-
сіндіріп, екінші, ол сөздермен сөйлем құрап
‰йретеміз. Болашақ мәтінде кездесетін грам-
матикалық тақырыпты т‰сіндіріп, жаттығу
ж‰ргізіп, ‰шінші, мәтінді оқып т‰сінуге өте-
міз. Төртінші, мәтінмен жұмыс істеу бары-
сында сұрақ-жауап ж‰ргізіп, сөйлесімге ауы-
самыз. Бесінші, негізгі мәтінге мазмұн жағы-
нан ұқсас мәтінді тыңдап т‰сінуге арналған
сұрақтар беріледі немесе құрастырылған
(мәтін мазмұны бойынша) тест тапсырмала-
рын орындайды. Алтыншы, оқып, тыңдаған
мәтіндердің сөздік қорын пайдаланып, сон-
дағы грамматикалық амалдарды қолдана оты-
рып, өзі мәтін құрастырып, жазып келеді.
Оқыту ж‰йесіндегі бөліктердің бәрін қамти
отырып нәтижеге жету тәсілін алғашқы кезең-
нен-ақ бастаған дұрыс. Мысалы, «Отбасы»
тақырыбында дұрыс сөйлесе білу ‰шін, яғни
осы тақырыпта коммуникативтік құзыретті-
лікті қалыптастыру ‰шін сабақты қалай бас-
таймыз?
1. Туыстық атаулар (лексика)
2. Тәуелдік жалғау (грамматика)