ЫМ ТІЛІ ЖӘНЕ ТАБИҒИ ТІЛ «Ым, ишарат»сөзі латынның «gestus» - «әрекет ету», «жасау, орындау, қадағалау» деген мағынаны білдіретін сөзінен шыққан.
1959 жылы жарық көрген Партридждің этимо-
логиялық сөздігінде «ым» сөзі ортағасырлық
латын тілінің «gestura» - «әрекет ету тәсілі» деген сөзінен алынған деп көрсетіледі [1],
А. Кендон риторикаға арналған трактаттарын-
да «gesture» сөзі оратордың дене қимылын
дұрыс қолдануын білдірген дейді [2]. Сөйлеу
кезінде оратор тыңдаушыларға әсер ету ‰шін
өз денесінің м‰мкіндіктерін пайдаланған. Атал-
ған терімсөз Цицерон мен Квинтилианның
ертеректегі риторикаға арналған трактатта-
рында кездеседі. Квинтилианның «Оратор-
дың білімі туралы» деген атақты еңбегінде
көпшілік алдында сөйлеу кезінде дене қимы-
лын дұрыс қолдана білу өнері жайлы айты-
лады.
Адамдар өзара қарым-қатынас жасағанда
тек сөздің көмегіне ғана ж‰гініп қоймай, дене
қимылдарын да пайдаланады. Дененің әрбір
атрибуттары, мейлі ол формасы, өлшемі, қал-
пы немесе бойы болсын, қандай да бір жағ-
дайда белгілі мағынаны білдіреді, жеткізеді.
Тіпті адам ж‰зінен ым-ишарат нышаны бай-
қалмаса, мысалы, адам қуаныш немесе қайғы
сезімдерін жасырып қалғанда, біз «ж‰зінен
ешнәрсе білінбейді» немесе «сырын білдір-
мейді» деп жатамыз. Жасы, айналысатын ісі,
өмірден көрген тауқыметі мен қуанышы, се-
зімдері мен ойлары – осының бәрі адам дене-
сінде өз «ізін» қалдырады және адамның бей-
вербалды әрекетінде өз көрінісін көрсетіп жа-
тады.
Г.Крейдин өзінің «Невербальная семио-
тика» еңбегінде былай деп жазады: «Ресейдің
атақшы тарихшы, философы М.Я. Гефтердің
айтуынша, дене, оның қимыл-қозғалысы «к‰н-
делік немесе қағаз секілді өткенге куәлік ете-
тін тарихи құжат» іспетті [3].
Ым-ишараттар мен табиғи тіл арасында
нақты бір ұқсастық байқалады. Коммуника-
тивтік актіде дене тілі мен сөз тілінің қоса-
қабат әрекеттестігі адамның вербалды және
бейвербалды қызметінің негізінде жатыр.
Оған төмендегі фактілер дәлел бола алады:
(а) белгілі бір жағдайда ой тек ым-ишарат-
тар арқылы (мысалы, «тыныш» дене мағына-
ны білдіретін «саусақты ерінге басу» иша-
раты), тек сөз арқылы немесе паратілдік бір-
ліктер арқылы, сондай-ақ екі жақты белгі-
лердің араласа қолданылуы арқылы жеткізілуі
м‰мкін. Бұған, мысалы «бері кел» дегенді
«саусағымен ымдап шақыру», «өте жақсы» дегенді «бас бармақты жоғары көтеру», «са- сық иіс»дегенді «пф-фф немесе мұрынды қысу» арқылы жеткізуге болады;